Қашықтықтан зондтау әдісінің даму тарихы Ғарыштық кеңістікті меңгеру және ғарыштық зерттеулер қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарының біріне жатады. Ғарыштық қызметтің дамуы қазіргі заманғы кез-келген мемлекеттің саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық дәрежесін және қорғаныс қуатын едәуір анықтайтыны барлығына мәлім.
Мемелекет президенті Н.А. Назарбаева бастамасымен 1991 жылдан бастап Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізгі бағаттары қаланған «Қазақстан-Ғарыш» мақсатты кешенді бағдармалар аясында белсенді түрде жұмыстар жүргізілуде. Соңғы 25 жылда Қазақстанда ғарыштық ғылым іргелі және қолданбалы зерттеулер
2011 жылдан бастап Қазақстанда 4 сілтемеден тұратын бірыңғай технологиялық тізбек негізі қаланған: ғылыми-технологиялық база, жоба-конструкторлық және өңдірістік база, ғарышқа шығару және жерден басқару құралдары, сондай-ақ, ғарыш қызметының байланыс торы. Бүгінгі күнде Қазақстан ғарыш аппараттарының екі орбиталық тобы пайдалануға берілді: «Kazsat-2» екі байланыс спутниктен тұратын топ және Жерді қашықтықтан зондтаудың «KazEOSat-1», «KazEOSat-2» ғарыш аппараттарынан тұратын топ.
Бүгінгі жетістіктеріміз қазақстандық қызметке қызуғышылықты ғана тудырмайды, негізгі стратегиялық серіктестермен қатар ғарыш саласы дамыған елдер тобына қосылуға мүмкіндік береді.
Ғарыш саласының даму тарихы
Спутник-1— Жердің алғашқы жасанды серігі, 1957 жылдың 4 қазанында орбитаға ұшырылған, кеңес ғарыш аппараты. Ұшырылым КСРО қорғаныс министрлігінің «Тюра-Там» 5-ші ғылыми-зерттеу полигонынан «Спутник» зымыранымен жүзеге асырылған. Жердің жасанды жерсерігін, тәжіриблік космонавтика негізін қалаған С. П. Королёв және М. В. Келдыш, М. К. Тихонравов, Н. С. Лидоренко, Г. Ю. Максимов, В. И. Лапко, т.б. ғалымдар қатысқан.
Ұшырылым күні адамзат үшін ғарыш дәуірінің бастамасы болып есептелінеді. Осы оқиға құрметіне 1964 жылы Мәскеудегі Мира проспектіде ВДНХ метросы қасында 99 метрлі «Ғарышты бағындырған» деген ұшырылып жатқан зымыран бейнесіндегі ескерткіш орнатылған.
Жердің алғашқы жасанды серігі (Қарапайым Спутник-1)
Юрий Алексеевич Гагарин – Жер ғаламшарының алғашқы ғарышкері, ұшу уақыты 108 минут құрады
Ғарыш саласының қазіргі жағдайы мен мәселелері
Қазақстанның Жерді қашықтықтан зондтау серіктері
DZZ-HR ғарыш аппараты – Қазақстан Републикасының серіктік зондтау Жүйесі үшін Astrium компаниясымен құрылған жоғары рұқсатты ғарыш серігі. Ғарыш серігінің салмағы 900 кг және Жер орбитасына 2014 жылдың екінші кварталында Француз Гвианасында ArianeSpace’s Vega жүйесімен Гвиан ғарыш орталығынан 750 км биіктікке шығарылды.
Қазақстан Республикасының ғарыш агенттігі жер бетін бақылау саласындағы Astrium және SSTL компанияларының соңгы жаңа технологияларын пайдаланып, мониторинг, ресурстарды басқару, экологиялық мониторинг, жерді пайдалану мәселелерінде дұрыс саясат жүргізу мен шешімдерді қабылдау үшін үкіметке көмек беретін ұлттық жүйе құрайды.
Қазақстандық жоғары және төменгі рұқсатты жерді қашықтықтан зондтау серігі
Спутник SSTL MRES серігі ҚР мен басқа да елдердің кең жолақты мультиспектралды суреттерін ұсынады. Салмағы 200 кг, тәулігіне 1 миллион шаршы километрге дейін түсіріс жасайды.
Казахстанский спутник MRES Қазақстандық ғарыш серігі – бұл NigeriaSat-2 арналған ақпаратты қабылдау мен өңдірудің кеңейтілген мүмкіндіктері бар озық технологиялар. Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау жүйесін құру жобасы келесі мәселелерді шешуге мүмкідік береді:
– мониторинг және төтенше жағдайлардың салдарын бағалау;
– пайдалы қазбалар мен энергия көздерін өндіру мен барлау;
– мүлік пен инфрақұрылым жағдайын бақылау;
– экологиялық мониторинг;
– картографиялау;
– ауыл шаруашылық жағдайларын және орман алқаптарын бақылау.
Жерді қашықтықтан зондтау нәтижелерін пайдаланушылар мемлекеттік құрылымдар, ғылыми, коммерциялық мекемелер болып табылады.
КазСат-2 (KazSat-2)—Қазақстан Республикасының тіркелген спутниктік байланыстың ғарыш аппараты. КазСат-2 ғарыш аппараты Байқоңыр ғарыш айлағынан 2011 жылдың 16 маусымында ұшырылды. ГСОбойынша тұру нүктесі 86,5 ш.б. Республикалық ғарыш байланысы орталығының жарлығы бойыншаКазСат-2 ғарыш кемесінің қызмет көрсету аймағына Қазақстан Республикасының барлық территориясы, Орта Азия мен Ресейдің орталық территориялы кіреді.
Қазақстан мамандарының айтуынша жаңа ғарыш серігі Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қамтамасыздандырумен байланысты барлық мәселелерді шешуге көмектеседі. «КазСат-2» Республикамызға қажетті ақпаратты қызмет көрсету саласын, оның ішінде электронды үкімет, интернет пен ұялы байланыс үшін кеңейтілген спектрлерді кеңейтуге мүмкіндік береді.
«KazSat-3»— «Қазақстан Республикасының ғарыш байланысы орталығы» АҚ берілген тапсыры бойынша «Информационные спутниковые системы» имени академика М.Ф. Решетнёва» ААҚ жасалынған коммерциялық геостационарлы телекоммуникациялық ғарыш серігі.