Дәріс №1 Тақырыбы: Табиғи аумақтық кешендерді қашықтықтан зондтау



бет6/7
Дата27.09.2023
өлшемі47,78 Kb.
#110644
1   2   3   4   5   6   7
Ғаламдық ғарыштық бағдарламасы
žGPS (ағылш. Global Positioning System)— ара арақашықтық пен уақытты өлшеуге арналған және әлемдік WGS 84 координаттық жүйеде орналасуды анықтайтын серіктік навигация жүйесі. Жердің қандай бөлігінде болмасын, ауа райына қарамастан және жер төңірегіндегі ғарыш кеңістігінде нысандардың жылдамдығы мен орналасу орнын анықтауға мүмкіндік береді. Жүйе АҚШ қорғаныс Министрлігімен өңдіріліп қолданылады, сондай-ақ азаматтық мақсатармен де пайдаланылады, тек навигатор немесеGPS қабылдағышы бар аппарат болса болды.
Ғаламдық навигациялық ғарыштық бағдарламасы (ГЛОНАСС)— ресейлік серіктік навигация жүйесі, КСРО қорғаныс Министрлігімен әзірленген. Қазіргі уақытта жұмыс жасайтын екі ғаламдық серіктік навигацияларының бірі болып табылады. ГЛОНАСС теңіз, жер беті, әуе және ғарыш тұрақтарын пайдалынатын сансыз тұтынушылармен қамтамасыздандыру үшін арналған. Жүйе негізі орбита биіктікгі 19400 км, орбитаның көлбеу жазықтығы 64,8 болатын үш орбита жазықтығында Жер беті үстімен қозғалатын 24 серік болу тиіс. Қазіргі уақытта ГЛОНАСС жобасымен Роскосмос және «Российская корпорация ракетно-космического приборостроения и информационных систем» ААҚ айналысады.
ГЛОНАСС ғарыш аппараттарының жүйесі, 8 серіктен құралған 3 орбита (сол жақта); подсистема космических аппаратов GPS ғарыш аппараттарының жүйесі, 4 серіктен құралған 6 орбита (оң жақта)
«Бэйдоу» навигация жүйесі—қытай серіктік навигация жүйесі. Ол геостационарлы орбитада орналасқан 20 серіктен құралған және Қтай мен көршілес аумақтардың географиялық координаталарын анықтауды қамтамасыз етті. Келешекте «Бэйдоу» навигация жүйесі ГСО-да 5 серіктен және ГСО айрықша орбиталарда 30 серіктен құралады деп жоспарлануда.
Жүйе 2012 жылдың 27 желтоқсанында аймақтық позициялау жүйесі болып шығарылды және 16 ғарыш серігінен құралды.
Ғарыштық саласының инновациялық даму болашағы
ž«Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» Акционерлік Қоғамы 2005 жылдың 17 наурызындағы ҚР Үкіметінің № 242 қаулысымен құрылды.
ž«Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» Акционерлік Қоғамы ұлттық экономиканың ғарыштық саласын құруға бағытталған келесі жобалар мен шараларды орындау арқылы Бағдарламаны іске асыруға үлес қосуда.
«Қазақстан Республикасының «Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесін құру» Жобасы (ҚР ЖҚЗ ҒЖ).
Жобаға кіреді:
– екі ғарыштық аппараттарды құру және ұшыру: жоғары және орташа дәлдікті;
– ғарыштық аппараттарды жерден басқару кешенін құру;
жердегі мақсатты кешенді құру, оның ішіне басты ақпаратты орталық, ақпаратты қабылдау, өңдеу және тарату станцияларының жердегі желісі кіреді.
ҚР бүкіл территориясында орнатылған 60 дифференциалды станциялардан тұратын желі құрылған және жұмыс істейді.
Каспий теңізінің жағалауында Теңіздік жергілікті дифференциалды станция орнатылған. Ол кемелердің портқа кірерде және кемежай айдынында маневрлер орындау кезінде қауіпсіздіктерін қамтамасыздандыру мақсатымен құрылған.
Қазіргі уақытта ғарышты игеру мәселесі өзекті болып тұр. Н.А. Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы» атты кітабінде атап кетті: «Менің ғарышқа деген көзқарасым, басқа да адамдардікі сияқты, ерекше болды және бүгін де солай қала береді. Бұл – бүкіл ғаламның, жерден тыс өркениеттердің кереметтей құпияларын бойына жинаған, ата-бабалар рухымен байланыстырып тұрған тылсым дүние. Ол мені қашанда қызықтыратын, жан дүниемді баурайтын.»
Алғаш рет адамның ғарышқа ұшуынан бастап Жерді қашықтықтан зондтаудың серіктерінен заманауи компьютерлік өңдеу бағдарламаларына дейінгі ғарышкерліктің даму тарихы көрсетілген.
Қазақстан ғарыштық мемлекет деп бекер айтылмаған, өйткені біздің республикамыздың территориясында әлемдегі бірінші, ең ірі және талап етілген Байқоңыр ғарыш алаңы орналасқан. Соңғы жылдары Байқоңыр зымырандарды ұшыру саны бойынша алда келе жатыр: орташа есеппен жыл сайын 20 дейін тасығыш-зымырандар ұшырылады, ал екінші орындағы АҚШ Канаверал мүйісі ғарыш алаңынан бір жылда 10 тасығыш-зымырандар ұшырылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан ғарышкерлер саны бойынша да алда: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Аймбетов. Олар өсіп келе жатқан жасөспірімдер мен жастарға үлгі-өнеге болады. Авторлардың ойынша, олардың жаттықтырулары мен өзіндік даму жұмыстары бәріне үлгі болады, оларды мақтаныш етуіміз керек.
Жерді қашықтықтан зондтаудың және байланыс серіктері жылдан жылға мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен экономика салаларында өте маңызды орын алуда. Бүгінгі таңда Қазақстанда 2 байланыс серігі мен орбитада 2 ЖҚЗ серіктері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет