Дәріс №1 Тақырыбы: Топырақ тану Мазмұны



бет2/3
Дата20.09.2022
өлшемі27,09 Kb.
#39576
1   2   3
Байланысты:
Дәріс

Химиялық жолмен үгілгенде - тау жыныстарындағы минералдардың құрамы өзгеріп, жаңа минералдар түзіледі. Бұл процестің негізгі себебі құрамында көмір қышқылы мен оттегі мол атмосфералықсу.
Химиялық және физикалық үгітілуден пайда болған тау жыныстарының үгіндісі жел мен судың күшімен кеңістікке тарайды, оның өзінде де одан әрі уақталып, талай өзгеріске ұшырайды, алуан түрлі аналық жыныс түзеді. Аналық жыныстар кеуекті, бойында су мен жылжымалы қоректік заттар болады. Сондықтан да оларда тірі организмдердің пайда болуына қолайлы жағдай жасалады.
Биологиялық үгілу тау жыныстарындағы минералдардың механикалық және химиялық жолдармен бұзылуынан болады. Бірақ мұндай бұзылу, оларда тіршілік ететін организмдердің әрекетіне байланысты.
Өсімдіктер мен тірі организмдердің әсерінен топырақтың құнарлы қабаты өседі.Топырақтың жоғарғы қабаттарында жиналған құнарлы қыртысында өсімдіктерге қажетті азот, фосфор, калий және басқа да қоректік элементтер болады. Әрине, бұл топырақ түзілудің биалогиялық үгілуінен екенін дәлелдейді.
Топырақ түзілуіндегі микроорганизмдердің ролі. Топырақ микроорганизмдердің негізгі мекені. Олардың саны және түрлері топырақтың типіне және оның жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Топырақтың микроорганизмдерге байлығы соншалық, тіпті оның бір грамында ауру қоздырмайтын кейбір бактериялар бірнеше жүзден миллиардқа дейін кездеседі. Топырақтағы микроорганизмдердің ең көбі бактериялар, әрине онда актиномицеттер де аз емес.
Топырақтың негізгі қажетті қасиеті оның құнарлығы. Топырақ қабатында өсімдіктерге қажетті қоректік заттардың қоры бар. Осы қор топырақ құнарлылығын анықтайтын басты шарттардың бірі. Тек құнарлы топырақтарда егілген дқылдардан мол әрі спалы өнім алуға болады. Құнарлы топырақтарды қоректік заттар мол болады. Оның су, ауа, микробиологиялық белсенділігін бірқалыпты реттейді және механикалық құрамы жақсы болады.
Топырақтың құрамы. Топырақ қатты, сүйық және газ бөліктерінен тұрады. Бұлардың арақатынасы әр түрлі топырақта ғана емес, тіпті бір топырақта қабаттарында түрліше етеді. Топырақтың жоғарғы қабатынан төменгі қабатына қарай органикалық заттар мен тірі организмдеразайа түседі, топырақтың қатты бөлігінде минерал заттар басым келеді.
Топырақтың минералды және органикалық бөлігі. Топырақ құрамында механикалық /минералдар/ түйірлер кездеседі. Алғашқы минералдар (кварц, дала шпаты, слюда т.б.) тау жыныстарымен бірге ірі үгілу нәтижесінде пайда болатын соңғы минералдар ұнтақ қосындылырын түзеді.
Топырақтың механикалық құрылымы және оның егіншілік маңызы.
Топырақтың құрамында механикалық түйірлер кездеседі. Топырақтың негізгі массасы - әдетте мөлшері 1 мм-ден кем ұсақ топырақ. Топырақтың түйіршікті құрамы ондағы түйіршік мөлшеріне қарай анықталып, түйіршікті құрамдарға топталады. Топырақ мынандай топқа бөлінеді
Топырақ аймақтары және оның негізгі ерекшеліктерінің қысқаша сипаттамасы.
Қазақстанның топырағы географиялық аймақтардың ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып бөлінеді. Қазақстанның ауыл шаруашылық жерлерінің көлемі 223,4 миллион гектарға тең, бұл - оның барлық жерлерінің 81,9 проценті. Осы жерлердің 35,3 миллион гектары егістік, 5,4 миллион гектары шабындық, 191,2 миллион гектары табиғи жайылымдар.
Жер өңдеудің ғылыми негізі, өсімдіктердің өмір жағдайы және оларды реттеу тәсілдері. Ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары әрі тұрақты өнім алу үшін, оларды мезгілінде қажетті шамада, барлық тіршілік факторларымен қамтамасыз етуді қажет етеді.
Жарық - өсімдіктерге күн сәулесінің түсу дәрежесі аса маңызды роль атқарады. Хлорофилдің қатысуымен өсімдіктер күн энергиясын сіңіріп, оны химиялық қосылыстар энергиясына айналдырады.
Жылу - өсімдік тіршілігіне қажетті факторлардың бірі. Өсімдіктерде фотосинтездің басталуына ауаның жылулығы 0ºС - ден жоғары болуын қажет етеді. Өсімдік жылылықтың белгілі бір мөлшерімен қамтамасыз етілгенде ойдағыдай өсіп, дамиды.
Оңтүстік ендіктегі өсімдіктердің көпшілігі қысқа күндік өсімдіктерге жатады, сондықтан да солтүстіктен оңтүстікке жақындаған сайын дамуы шапшаңдай түседі.
Су. Өсімдіктердің суға тәуелділігі өте күрделі процесс. Су - табиғатта ең көп таралған, сонымен бірге нағыз ерекше зат. Өсімдік пен топырақ арасында үздіксіз су байланысы болады. Судың өсімдік тіршілігінде әсері сан алуан. Су дегеніміз өсімдікті қоректі ортамен жалғастыратын буын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет