Қоректік элементтер. Органикалық заттардың көп бөлігі минералдық заттарға дейін ыдырайды да, осыдан кейін ғана өсімдіктер оны қабылдай алатын болады.
Ауа арқылы қоректену. Өсімдіктер ауадан көмір қышқыл газын, ал топырақтан су және қоректік заттарды алу арқылы күрделі органикалық зат түзеді, бұл құбылыс фотосинтез деп аталады. Фотосинтез процесі нәтижесінде өсімдіктер мүшесінде негізгі үш элементтен тұратын (көміртегі, оттегі, сутегі) органикалық заттар түзіледі.
Арамшөп — егін арасында өсетін дала өсімдіктері. Табиғи шабындықтар мен жайылым шөбінін, сапасын кемітетін улы және азықтық қасиеті жоқ өсімдіктер де арамшеп қатарына жатады. Бір дақылдың арасында екінші бір дақыл, мәселен бидай егісінде арпа есіп тұрса, мұны да зиянды өсімдік деп есептейді.
Арамшөп егіске зор зиянын тигізеді: ылғалға, қоректік заттарға ортақ болады, егіннің түсімін, өнімнің сапасын кемітеді, топырақты баптау жүмысын қиындатады, егіске зиянды жәндіктер мен ауру таратады.
Бұрынғы совет отағындағы алқаптарда арамшептің 1500 түрі кездеседі. Республикамызда жиі үшырасатын арамшөптер: қара сұлы, итқонақ, алабота, шырмауық, кекіре, қызғылт калуен, сары қалуен т. б.
Егіс танабының арамшөптерден тазалығы егіншілік мәдениетінің негізгі керсеткіштерінің бірі болып саналады.
Арамшөптермен күрес — егісті күтіп баптаудағы аса маңызды агротехникалық шаралардың бірі.
Арамшөптер келтіретін зиян. Жергілікті жағдайға барынша бейімделіп алған арамшөптер мәдени өсімдіктердің қоректік заттары мен ылғалының асыл қорын алып, олардан гөрі тезірек өсіп жетіледі. Олардын. ірі жапырақтылары мәдени өсімдіктерді көлеңкелеп жарық түсірмейді. Арамшөптер топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды пайдаланады да, мысалы, оларды күріш өсімдігіне аз қалдырады, нәтижесінде олардың өнімін 15...20 процент 'кемітеді. Ал егістік қалуен көген тамырлары арқылы 1 гектар жерден 67 кг азот, 30 кг фосфор және 160 кг калий, ал шайқурай 1 ц қүрғақ зат құрау үшін 623 ц су пайдаланады. Көптеген зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, тіпті бір жылдық жалпақ жапырақты арамшептер, егер олар бір шаршы метр жерге 100...200 түптен келетін болса, топырақтан әр гектарға шаққанда 60...140 килограмм мөлшерінде азот, 20...30 килограмм фосфор мен 100...140 килограмм калийді сіңіреді. Бұл шама сол жерге егілетін бидайдын, гектарынан 30 центнерден астам түсім беруіне жеткілікті болар еді.
Мәдени өсімдіктер топырақ бетіндегі әр грамм жасыл масса үшін 3,20 грамм су жүмсаса, ал арамшөптер — 6,57 грамм немесс екі есе көп жүмсайды екен. Күн сәулесі түспеген өсімдік тердің дәні нашар толысады, ол әлжуазданып, өсімдік пен оның тұқымындағы қоректік заттардың мөлшері азаяды. Арамшөпте тамыр жүйесінің күшті дамуына байланысты топырақтың терси қабатындағы су қорын мәдени өсімдіктерден әлдеқайда бұрым, эрі көп мөлшерде алып, оларға өте қолайсыз жағдай туғызады. Міне сондықтан да арамшөптермен күрес — ол ылғал үшін күрес. Шырмауық арамшептер (дала шырмауығы, шырмауық таран) мәдени өсімдіктердің жатып қалуына әкеп соғады, олардың жииауын қиындатады және түсімін едәуір шығынға үшыратады.
Арамшөптер мәдени өсімдіктердін, зиянкестері мен ауруларынын. қоректенетін орны. Мысалы, жатаған бидайық сымқұрт және линиялы тот ауруының тарауына мүмкіндік туғызады.
Арамшөптердің вирусты аурулары шіркей арқылы мәдени есімдіктерге жұғады. Қант қызылшасы егісініқен, қауіпті зиян кесі қант қызылшасынық бізтүмсығынын, мекені алабұта болып табылады. Дала шырмауығында шабындық көбелек дамып, ол кейіннеи мәдени өсімдіктерге зиян келтіреді.
Кейбір арамшөп өсімдіктерінің жемістері, тұқымдары дәнге жағымсыз иіс береді немесе оны уландырады (қара меңдуана), сүтке ащы дәм береді (ащы жусан), қойлардық жүнін ластайды (тікенді сарысояу, кәдімгі кәріқыз). Көптеген арамшөптердің гүлі тозаңдары адамдарға аллергия ауруын тудырады.
Арамшөптердің топырақ қабатындағы вегетативті органдарм (тамырлары және тамыр сабақтары) өңдегіш қүрал-саймандары ның тарту күшін 30 процентке дейін кемітеді, жанармайдың кеп жүмсалуына себепші болады. Арамшөптердің қатайған сабақтары ендегіш құрал-саймандар мен комбайндардың бөлшектеріп істен шығарады. Арамшөбі басым танапты әлденеше рет өңдеуді керек етеді де, топырақ түйірщіктерінін үгітіліп, ондағы ылғал буға айналып үшып кетуіне мүмкіндік туадырады. Жел эрозиясына әкеп соғуьша қауіп мол.
Арамшеп көп болған ақыздан алынған өнімді тазартуға, әрі артық ылғалын кептіруге қосымша қаржы жүмсауға тура келеді.
Паразитті арамшөптер мәдени өсімдіктердің дайын шырынын сорып алады (сұңғыла — күнбағыстан, кәдімгі арамсоя — көкжеміс дақылдарынан, картоптан). Осының салдарынан мәдени өсім-діктердің өнімі мен сапасы төмендейді.
Арамшөп тамырынан белініп шығатын заттар мәдени дақылдардың дамуына қысым жасайды. Мысалы, итқонақ өсімдігінің тамырынан белініп шығатын зат жүгерінің биіктігін, құрғақ және Мінкі массасын темендетеді. Татыр ақсүттігеннің тамырынан бөлінетін зат жазғы бидай тұқымының өнгіштігін төмендетеді. Осындай әрекет бидайық тамыры сабағында да болады. Арамшөптердің ауылшаруашылық дақылдарының өніміне тигізетін әсері кара топырақты аймақтың (Солтүстік Қазақстан облысы) жаздық бидай танабында 1 шаршы метр жердегі арамшәп саны (дана) 8 дана, егіннің шығымдылығы 14 ц/га 60 дана, бидайдың шығым-дылығы—5,5 ц/га, ал 199 дана болғанда оның шығымдылығы — '2,9 ц/га.
Сарғылт топырақты аймактағы (Орал облысы) тары егісінде өр шаршы метрден арамшөп жоқ болғанда енім 20 ц/га алынса, арамшөп 4 дана болғанда өнімі 12 ц/га, ал арамшеп 9 данадан саналғанда шығымдылығы 5,8 ц/га орылған.
Сұр топырақты аймақ (Шымкент облысы) мақта танабында арамшөп бір шаршы метрден 5 данадан келгенде бір өсімдіктегі кауашақ саны 17-ден, арамшөбі 45 данадан болғанда қауашақ саны 8-ден, арамшөбі 90 данаға жеткенде қауашак саны не бары 2-ден болған.
Мәдени өсімдіктердің егісінде арамшөптердің санын, зияндылығын барынша азайту немесе танаптардан оларды толық жою,ауыл шаруашылық дақылдарын егіп-есіруіне жүмсалатыи шығынды елеулі түрде төмендетеді. Арамшөп мәдени дақылдың қорегін, ылғалын және жарығын пайдаланып, өнімін азайтады.
Сұрақтар 1.Тау жыныстарының кеуіп кетуі және топырақтың қалыптасуы жолдарын атаңыз?
2.Топырақ, оның пайда болуы және жетілуі жолдарын атаңыз?
3.Топырақтың физикалық қасиеттері анықтама беріңіз?
4.Топырақ түзілуіндегі микроорганизмдердің ролі туралы мәлімет беріңіз?
5.Топырақ және оның құнарлығы туралы ұғымдарды атаңыз?
6.Жер өңдеуді ғылыми негізі, өсімдіктердің өмір жағдайы және оларды реттеу тәсілдерін атаңыз?
7.Армашөптермен күрес шаралары егін айналымы жөнінде мағлұмат беріңіз?