Жүйке жүйесі: Барлық омыртқалылар сияқты олардың да бас миы 5
бөлімнен тұрады: алдыңғы, аралық, ортаңғы, мишық, сопақша ми.
Көрсетілген ми бөлімдері бір тегістікте орналасқан және жоғары
омыртқалылардікі секілді олардың ми қыртысында иректері болмайды.
Аралық мидың үстінде көру төбешіктері мен эпифиз, ал оның төменгі
жағында гипофиз орналасқан. Бас миының ішінде басқа бөлімдермен
салыстырғанда сопақша ми жақсы дамыған. Одан көптеген нервтер кетеді,
атап айтқанда теріге, ауыз қуысына, желбезек еттеріне, көздің және беттің
еттеріне, тепе-теңдік пен есту және т.б мүшелеріне кетеді.Жұлынның іші
қуыс, оны невроцель деп атайды. Барлық жүйке жасушалары сол қуыстың
ішінде шоғырланған.
Достарыңызбен бөлісу: