Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Қылшалар қатары (эфедровые)- Ephedrales



бет152/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Қылшалар қатары (эфедровые)- Ephedrales


Қатарда қылшалар тұқымдасы (эфедровые - Ephedraceae) деп аталынатын жалғыз тұқымдас бар. Ал тұқымдас жалғыз қылша (эфедра - Ephedra) туысынан тұрады. Оған Жерорта теңізінің, Индияның, Қытайдың, Солт‰стік және Оңт‰стік Американың ауа райы қуаң болып келетін облыстарында өсетін 40-тай т‰р жатады. БОР-дың территориясында 9 т‰рі, ал Қазақстанда 7 т‰рі өседі (127-сурет).
Сырт қарағанда кескіні жағынан қылша қырықбуынға және Австралияда өсетін г‰лді өсімдіктердің бірі казуариндерге ұқсас болып келеді. Қылшаның кейбір т‰рлерінің биіктігі 5-8 м-дей болады, бірақ олардың көпшілігі аласа бойлы келетін, жақсы бұтақталған бұталар. Оған БОР-дың европалық бөлігінің оңт‰стік-шығысында, Сібірде және Орта Азия мен Қазақстанда өсетін биіктігі 15-40 см болатын қос масақшалы қылша (E.dіstachya) мысал болады. Қылшаның бұтақтары шыбық тәрізді, т‰сі жасыл, сырты майда қабырғалы болып келеді. Жапырақтары редукцияға көп ұшыраған, ұсақ, қабыршақ тәрізді және қарама-қарсы немесе топтасып орналасқан болып келеді (әрбір буында 3-4 жапырақтан). Жапырақтары жиі қоңырқай тартып т‰сіп қалып отырады. Фотосинтез процесінің қызметін бұтақтары атқарады. Бұтақтарының сырты эпидермиспен қапталған. Устьицесі әдетте сабақтың ұлпасына терең еніп жатады. Эпидермистің астында, сабақтың қабырғалы қырларында арқаулық ұлпаның учаскелері, ал ойыс жерлерінде ассимиляциялық ұлпалар орналасады.
Қылша екі ‰йлі өсімдік. Аталық өсімдікте аталық стробилдері пайда болады, олар жіңішке бұтақтың буындарында 2-4-тен орналасады. Стробилдің өсінде 2-8 пар қабыршақ тірізді жапырақшалар орналасады. Олардың төменгі 1-2 жұбы (қабыршақ) жеміссіз, ал жоғарғыларының қолтығында микроспорофиллдері орналасады. Микроспорангийлері екі ұялы (кейде 3-4 ұялы) болып келеді. Микроспорофиллдің т‰п жағын екі қарама- қарсы орналасқан қабыршақ тәрізді жапырақшалар ("г‰лсерігі") қоршап тұрады.
Микроспорангийде көп мөлшерде эллипс тәрізді микроспоралар пайда болады, олар микроспорангийдің ішінде тұрып-ақ өнеді. Микроспора өнген кезде, оның ядросының бірінші рет бөлінуінің нәтижесінде кішілеу проталлиальдық клетка пайда болады. Қалған ядро тағыда бөлініп, екінші проталлиальдық клетканың ядросын береді. Бірақ олардың арасында көлденең перде пайда болмайды, сондықтан да жаңа клетка т‰зілмейді. Микроспора ядросының одан әрі бөлінуінің нәтижесінде вегетативтік (келешек тозаң т‰тігінің ядросы) және антеридиялық ядролар пайда болады. Соңғысының айналасына цитоплазма іріктеліп жинала бастайды. Антеридиялық ядро тағыда бөлінеді, нәтижесінде одан спермагендік ядро мен қарындастық ядро (антеридияның аяқша клеткасының ядросы т‰зіледі (128-сурет). Осы қалпында өнген микроспора желдің көмегімен (қылшаның кейбір т‰рлерінде, шамасы насекомдармен де) тұқым б‰ріне келіп т‰седі.
Аналық өсімдіктерде олардың бұтақтарының жоғарғы жапырақтарының қолтығында аналық стробилдері пайда болады (127,2-сурет). Аналық стробилдерінің т‰п жағында бірнеше жұп жеміссіз қабыршақ тәрізді жабындық жапырақшалары болады. Стробилдің өсі бір тұқымб‰рімен (мегаспорангиймен) аяқталады. Тұқымб‰рі екі қабықшамен қапталған. Сыртқы қабықша біршама жақсы жетілген, ол екі жапырақша т‰рінде пайда болады да кейін бір-бірімен бірігіп тұқымб‰рінің жоғарғы бөлігінен басқа жерлерінің барлығын жауып тұрады ("околоцветник"- "г‰лсерік"). Тұқымб‰рін интегумент қоршап тұрады, оның жоғарғы жағы созылып тозаң кіретін саңлауға (микропилеге) айналады, тозаң кіретін саңлау микроспораларды ұстайды (127,5-сурет). Тұқымб‰рінің ортасын нуцеллус алып жатады, оның жоғарғы жағы ойыстау болып келеді - тозаң камерасы.
Нуцеллуста мегаспораның аналық клеткасы қалыптасады. Оның бөлінуінің нәтижесінде (алғашқы бөліну редукциялық жолмен ж‰реді) төрт мегаспора пайда болады, оның ‰шеуі өледі де біреуі (төменгісі) өніп аналық өскінше береді. Өскіншенің жоғарғы жағында әдетте екі архегоний орналасады. Архегонийдің екі қабат (этаж) т‰зіп орналасатын екі қатар клеткалардан тұратын мойны болады. Құрсақ канал клеткасы тек ядродан ғана тұрады, одан төмен ‰лкен жұмыртқа клеткасы орналасады (128,8-сурет). Тозаң кіретін саңлаудың ‰стіне т‰скен ұсақ тозаң (микроспора) тұқымб‰рінің ішіне қарай (тозаң камерасына) тартылады. Осы жерде аталық өскіншенің одан әрі дамуы жалғасады. Вегетативтік ядродан тозаң т‰тігі пайда болады, ол нуцеллустың ұлпасы арқылы архегонийге қарай өтеді. Спермагендік ядро бөлініп одан екі спермий т‰зіледі. Содан соң тозаң т‰тігінің ұшы жарылады да спермийлер архегонийдің аузына келіп т‰седі. Спермийлердің біреуі жұмыртқа клеткасымен қосылып, оны ұрықтандырады, ал екіншісі өледі. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан ұрық пайда болады. Пісіп жетілген ұрықтан тұқымжарнақтың астыңғы қылтасы (подсемядольное колено), екі тұқым жарнағы, алғашқы тамыр және аяқшасы - тамыр мойнының айналасындағы ұрықтың өсіндісі пайда болады.
Тұқымның сыртын етженді, қызыл т‰ске боялған сыртқы қабықша ("г‰лсерік") жауып тұрады, одан кейін қатты болып с‰ректенген интегумент орналасады. ‡шінші қабатты нуцеллус т‰зеді, ал тұқымның ортасын эндосперм алып жатады. Эндоспермнің ортасында ұрық жетіледі.
Қылшаның практикалық маңызы оның бұтақтарында эфедрин алкалойдының болуымен байланысты. Эфедрин аса қажет дәрілік шикізат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет