Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет1/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Дәріс 1. Тақырып: Кіріспе. 1 сағат


Дәрістің мақсаты. студенттерді өсімдіктер систематикасы пәнінің зерттейтін объектісімен, мақсат-міндеттерімен және зерттеу тәсілдерімен таныстыру. Қарастырылатын мәселелер.

  1. Өсімдіктер систематикасы курсының мақсаты мен міндеттері.

  2. Систематиканың тарихы

  3. Өсімдіктер систематикасының тәсілдері.

  4. Өсімдіктер систематикасының негізгі терминдері.

Систематика деген ғылым біздің планетамызда кездесетін өсімдіктердің т‰рлерін сипаттап жазып, оларды туыстық топтар- ға біріктірумен және осы топтардың ж‰здеген миллион жылдарға созылған эволюциясына жауап беретіндей ж‰йеде орналастыруымен айналысады.
Систематиктердің жұмысының қиындығы табиғаттағы т‰рлердің санының ересен көптігімен және олардың таусылмас алуан т‰рлілігімен есептелінеді. Қазіргі кездерде өмір с‰ретін өсімдіктердің жалпы саны шамамен 500- мыңға жетеді.
Таксондар (систематикалық бірліктер).Өсімдіктерді жекелеген систематикалық топтарға біріктіру (классификациялау), жалпыға бірдей қабылданған таксондар деп аталынатын систематикалық бірліктің негізінде ж‰зеге асады:
тр (specіes) - морфологиялық жағынан ұқсас особьтардың жиынтығы;
туыс (genus) - жақын т‰рлердің жиынтығы; тұқымдас (famіlіa) -жақын туыстардың жиынтығы; қатар (ordo) - жақын тұқымдастардың жиынтығы; класс (classіs) - жақын қатарлардың жиынтығы; бөлім (dіvіsіo) - жақын кластардың жиынтығы.
Осы келтірілген негізгі таксондардан басқа, аралық қосымша таксондарда бар. Оларға туыс тармағы, тұқымдас тармағы және т.б. жатады.
Т‰рлердің ішінде жартылай т‰р (subspecіes) және т‰р тармағы (varіetas),
ал мәдени өсімдіктерде - сорттар (cultіvar) болады.
Сорт дегеніміз адамның селекциялық ж‰ргізген жұмысының жемісі. Оның шаруашылықта белгілі бір сапалық артықшылығы болады және ол қасиеті келесі ұрпағына беріліп отырады.
Өсімдіктер д‰ниесін арнайы бекітілген таксондардың рамкасынан тыс төменгі және жоғарғы сатыдағы деп бөледі. Туыстық жағынан жақындығы бар бірнеше бөлімдерді өсімдіктер д‰ниесінің жартылай тармағына біріктіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет