Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет106/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ (1)

Жүгері туысы (кукуруза- Zea). Бірүйлі өсімдік, гүлдері және гүлшоғыры әртүрлі жынысты. Агрегатты сыпырғы тәрізді жоғары орналасқан гүлшоғырында екі гүлді аталық масақтары орналасады. Екі гүлді масақтың әрбір гүлінде үш-үштен аталығы болады. Аналық гүлдері собық деп аталынатын күрделі гүлшоғырына жиналады. Собық жапырақтың қолтығында орналасады, және ол түрі өзгерген жапырақтардан тұратын жамылғымен оралып қапталған (жабылған) болып келеді. Аналық гүлдің гүлтүйіні дөңгелек, мойны жібек жіп тәрізді сусылдаған ұзын болады, оның ұшы екі жақтауы бар аналықтың аузымен (рыльце) аяқталады. Тозаң осы өсімдікте собық пайда болып, оның жамылғысынан шашақтанып аналықтың аузы көрінгенше пісіп кетеді. Сондықтанда жүгеріде өздігінен тозаңдану мүлдем жоқ десе де болады. Тозаң аналықтың аузына жел арқылы жақын өсіп тұрған өсімдіктердің бірінен келіп түседі. Шыққан жері Мексика.
Жүгері жылусүйгіш өсімдік. Оның тамыры ауаның жеткілікті мөлшерде болып тұрғанын жақсы көреді. Сондықтанда жүгеріні себуден бұрын топырақты тиянақты түрде өңдеуден өткізеді және жаз бойы оны қопсытып отырады. Жүгері жарықты жақсы көреді, сондықтанда оны қатар-қатар бір-бірінен қашықтау себеді. Ол біршама құрғақшылыққа төзімді, дегенмен күніне әрбір өсімдік 1 литрдей су қажет етеді. Жүгеріні суық ұрғанға дейін жинап алады, өйткені пісіп жетілген өсімдік - 1-С өзінде оңай зақымданады.
Кәдімгі жүгері (кукуруза обыкновенная - Z.mays). Жүгері биіктігі 2-3 м және оданда көбірек болатын біржылдық шөптесін өсімдік. Ол тек мәдени жағдайда ғана белгілі. Европаға Оңтүстік Америкадан 1493 ж. әкелінген, ал Россияға оны Х ғасырда себе бастаған. Кәдімгі жүгері 8 түр тармағына бөлінеді. Тамақтық, малға қоректік және техникалық өсімдік ретінде маңызы аса зор. АҚШ-да, Аргентинада және Европада бұл негізінен мал азығы ретінде пайдаланылатын өсімдік; Мексикада, Қытайда, Индияда, Молдовада және Грузияның батыс аудандарында астық беретін дақыл. Жүгерінің ұнында ұлпа (клейковина) немесе белоктық заттар жоқ. Көпжылдық жүгері (Z.dіploperenne) деген жабайы өсетін түрінің Мексиканың тауларынан табылғанына көп болған жоқ, шамасы ол кәдімгі жүгерінің арғы тегі болса керек.
Қоңыржай климатты аудандарда жүгерінің көптеген сорттарының дәндері пісіп үлгермейді. Сондықтанда Россияның орталық аудандарында жүгеріні ауылшаруашылық жануарларын қоректендіру мақсатында силосқа өсіреді. Соңғы жылдары Россияның орталық аудандарында ғана емес, сонымен бірге Сібірде де дән беретін сорттары шығарылды. Орта Азия республикалары мен Қазақстанда жүгері тамақ өнімдеріне қажетті дән беретін және малға азық болатын аса құнды өсімдік. Жүгері өндіріс орындарына қажетті шикізат болып табылады.
Күріш туысы (рис - Oryza ). Азияда, Африкада, Австралияда, Оңтүстік Америкада таралған 24 түрі бар. Біргүлді масақ- шалары агрегатты сыпырғы тәрізді гүлшоғырына жиналған, масақшаның 4 қауызы, 6 аталығы болады. Екі түрі себіледі, оның ең маңыздысы - екпе күріш (рис посевной - O.satіva). Біздің елде күріш бидайдан кейінгі екінші орынды алады. Ол Орталық, Оңтүстік – Шығыс және Кіндік Азияда негізгі астық (нан өнімдерін) беретін дақыл. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша күріштің 2 мыңнан астам сорттары белгілі.
Құмай туысы (сорго - Sorghum). Құмайдың 40-тай түрі бар. Олар тропикалық елдердің (негізінен Африканың) құрғақшылыққа және ыстыққа төзімді өсімдіктері. БОР-дың территориясында себілетін немесе арамшөп ретінде кездесетін 8 түрі бар. Сабақтарының іші ұлпамен толтырылған, ол агрегатты сыпырғы тәрізді гүлшоғырымен аяқталады. Масақшасы бір немесе екігүлді, соңғы жағдайда гүлдің біреуі қосжынысты, ал екіншісі аталық болып келеді. Дәні домалақ.
Кәдімгі құмай қонақ (сорго обыкновенная - S.bulgare) үлкен (биіктігі 6 м-дей болатын) біржылдық өсімдік, тек мәдени жағдайда ғана белгілі, гүлшоғырының өсі иілген болып келеді, дән беретін, малға азық болатын және техникалық дақыл ретінде себеді. Дәндерін өңдеп, одан крахмал, қант және спирт алады. Жүгері (джугара - S.durra) біржылдық өсімдік, гүлшоғырының өсі иілген болады, астық беретін, малға азық болатын және техникалық дақыл ретінде себеді.
Құмай (гумай, или джонсона трава - S.halepense) көпжылдық тамырсабақты өсімдік, оңтүстік аудандарда мазасыз (найзойливый) арамшөп ретінде өседі.
Тары туысы (просо - Panіcum). Тропикалық және субтропикалық зоналарда көп таралөан және қоңыржай климатты облыстарға өсетін 400-дей түрі бар. БОР-дың флорасында төрт түрі кездеседі, барлығы да біржылдық өсімдіктер, олардың біреуі-ақ тары (просо посевное - P.mіlіaceum) жарма беретін дақыл ретінде себеді.
Борыққамыс туысы (сахарный тростник - Saccharum). Жершарының екі бөлігінің де тропикалық және субтропикалық аймақтарында кең тараған 15 түрі бар. Сабақтарының іші ұлпаға толы. Негізгі себілетін түрі - борыққамыс (тростник сахарный - S.offіcіnarum) Бразилияда, Куба аралында, Орталық Америкада, Қытайда, Индияда және Тәжікстанның оңтүстігінде себіледі. Сабақтарында 15-20% дейін қант болады. Сондықтанда бұл өсімдікті қант, ром, спирт және патокалар алу үшін пайдаланады. Орта Азия республикаларының территориясында (Сырдарья және Амударья өзендерінің жайылмасында) жабайы борыққамыс (сахарный тростник – S.spontaneum) өседі, оны жаңа сорттар алу мақсатында аталық немесе аналық формалардың бірі ретінде пайдаланады, әсіресе Индияда.
Қоңырбастар тұқымдасын қияқөлеңдерден (Carex) ажырататын белгілер

Қоңырбастар

Қияқөлеңдер

1.Сабағы азды-көпті цилиндр тәрізді, айқын байқалатын буындардан және буынаралықтарынан тұрады; тек жүгерінің, орыққамыстың және құмайдың сабағының ортасы қуыс болмайды.
2.Қынапшасы көп жағдайда ашық; жапырақ тақтасы мен қынапшасының шекарасында тілшесі біршама жақсы байқалады.
3.Гүлшоғыры мен гүлдері қос-жынысты, одан ауытқушылық өте сирек болады (жүгері).
4.Жемісі- дән.

1.Сабағы көп жағдайда үшқырлы, қуысы болмайды, буындары мен буынаралықтары нашар байқалады.
2.Қынапшасы барлық уақытта жабық, тілшесі болмайды.

3.Гүлшоғыры мен гүлдері көп жағдайда даражынысты.


4.Жемісі- үшбұрышты, шар тәрізді немесе жалпайып, жаншылған жаңғақша.



Пысықтау сұрақтары:

  1. Жабық тұқымдылардың өмірлік циклі қандай?

  2. Гүлдің шығу тегі қандай (эванттық, стробилярлық, теломдық теориялар)?

  3. Эванттық теория бойынша аналықтың структурасының қандай белгілері қарапайым болып келеді?

  4. Жабық тұқымдылар мен жалаңаш тұқымдыларды қандай белгілеріне қарай ажыратады?

  5. Жабық тұқымдыларды қандай кластарға бөледі және осы кластардың негізгі белгілері қандай?

  6. Әрбір тұқымдасты оқып-зертегеннен кейін мына сұрақтарға қалайда жауап беру қажет:

а) тұқымдастың көлемі қанша?
б) эволюциялық қатарда тұқымдастың орны қандай?
в) тұқымдастың өкілдерінің географиялық таралуы қандай?
г) тұқымдастардың өкілдерінің экологиясы қандай?
д) тұқымдастардың өкілдерінің вегетативтік және репродуктивтік органдаорының құрылысы қандай?
е) тұқымдастардың құрамына керетін негізгі туыстар мен түрлер қандай?
ж) тұқымдастардың өкілдерінің шаруашылықтағы маңызы қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет