топтық және жеке адамдардың қарым-қатынастарын басшылықтың көзқарасын талдау және реттеу
өндірістік және әлеуметтік дау-жанжалды және селқостықты болдырмауға басшылық жасау
персоналды басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыздандыру
жұмыспен қамтуды басқару
бас лауазымды қызметтерге үміткерлерді іріктеу және бағалау
персоналдық әлеуетті және персонал қажеттілігін талдау
персонал маркетингісі
іскерлік мансапты жоспарлау және бақылау
жұмыскерлердің кәсіби және әлеуметтік жағдайға тез бейімделуіне жағдай жасау
еңбек уәждемесін басқару
еңбек қатынастарының құқықтық мәселелерін қамту
еңбектің эстетикасы туралы жұмыстарды басқару.
2. Кадр қызметін басқарудың ұйымдық құрылымы және сипаттамасы. Кадрдыбасқару мәселелері мен негізгі талаптарының өзгеруіне байланысты персонал қызметінің мәселелері, функциялары және құрылымы өзгеріс тапты.
Кадрды басқару – бұл функция тек қана персонал қызметіне жатпайды. Осы және басқа да бағыттағы жұмысқа өз құзырының көлемінде персонал басқарудың басқа да субьектілері - өндірістік бөлімшелердің желілі жетекшілері оған бағынатын мамандарымен бірге міндетті түрде қатысуға тиісті. Бірқатар ұйымдарда персоналмен жұмыс жүргізуге қатысы бар, персоналды басқару жөніндегі директордың орынбасарының (вице-президенттің) бірыңғай жетекшілігіндегі барлық бөлімшелерді біріктіретін персоналды басқару жүйесі қалыптасады.
Ұйымның кадрын басқару жүйесі – кадрды басқарудың функциясын жүзеге асыратын жүйе.Ол жалпы және желілі жетекшіліктің ішкі жүйелерінен, сонымен қатар:
Жалпы және желілі жетекшіліктің ішкі жүйесі ұйымды бүтіндей басқаруды, жеке атқарымдық және өндірістік ішкі бөлімдерді басқаруды жүзеге асырады.