Дәріс №1 Тақырып: Персонал менеджменті және оның ұйым қызметін басқарудағы рөлі Қарастырылатын сұрақтар тізбегі



бет1/58
Дата04.04.2023
өлшемі0,92 Mb.
#79351
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

Дәріс №1
Тақырып: Персонал менеджменті және оның ұйым қызметін басқарудағы рөлі
Қарастырылатын сұрақтар тізбегі:
1. Персоналды басқарудың түсінігі, мақсаты
2. Персонал қызметі және оның әрекет етуіне қойылатын негізгі талаптар

Дәрістің мақсаты: Персонал анықтамасын студенттерге жеткізу. Персоналды басқару мақсаттарын анықтау. Персоналды басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын сипаттау. Кәсіпорынның персонал қызметін талдау.


1. Персоналды басқарудың түсінігі, мақсаты. Персонал-бұл адамдардың жеке сапаларының күрделі жиынтығы, оның ішінде әлеуметтік – психологиялық қасиеттері басты рөл атқарады, персонал – кәсіпорынның экономикалық және жаңартпа (инновациялық) кеңістігінің маңызды бөлігі. Персонал ұйымдағы барлық адамдар ресурстарының жиынтығы. Персонал – бұл ұйымның болашағын анықтайтын стратегиялық фактор, себебі тек адамдар ғана жұмысты орындайды, ойларды ұсынады және кәсіпорынның әрі қарай дамуына мүмкіншілік береді.
Персоналды басқару – іс әрекеттің атқарымдық функционалды ортасы, оның мәселесі – кәсіпорынды керек уақытта, қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада персоналмен қамтамасыз ету, оларды дұрыс орналастыру және ынталандыру. Персоналды басқару мақсаты жалпы ұйымның игілігі мен жұмыскерлердің жеке мүдделерін ескере отырып, әрекет ететін қабілетті ұжымын қалыптастыру болып табылады.
Персоналды басқару мақсаттары: Персоналды басқару келесі мақсаттарды көздейді:

  • Жалпы мақсаттарға жетуде кәсіпорынға көмек көрсету

  • Жұмыскерлердің шеберлігі мен мүмкіндіктерін тиімді пайдалану

  • Кәсіпорынды біліктілігі жоғары және қызығушылық танытатын қызметкерлермен қамтамасыз ету

  • Жұмыскерлердің өз жұмыстарына барынша толық қанағаттануына, олардың өздерін толық көрсете алуына ұмтылу, бұл өз алдына әрбір жұмыскердің осы кәсіпорында жұмыс істеу тілегін жоғарылатады

Жеке адамның әлеуетін тиімді пайдалану қағидасына сәйкес адамның еңбек іс-әрекетін басқару механизімін меңгеру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет