Дәріс 1 Тақырып: Топырақтану-агробиологиялық ғылым, оның нарықтық жағдайдағы мазмұны мен мақсаты Дәріс мақсаты


Топырақтың бесінші әлемдік қызметі–органикалық заттарды және олармен байланысқан химиялық энергияны жердің беткі қабатына шоғырландырып жинауы



бет4/7
Дата19.09.2023
өлшемі41,56 Kb.
#108523
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс 1

Топырақтың бесінші әлемдік қызметі–органикалық заттарды және олармен байланысқан химиялық энергияны жердің беткі қабатына шоғырландырып жинауы. Құрамында 4-6 пайыз қарашірінді бар, яғни әр гектарға шаққанда 200–400т қарашірінді бар топырақта, 20 –30 тонна антрацит көмір бойында бар энергия жиналған. Академик А.В.Ковда топырақтың энергия көзі ретінде маңызын айқындай келе: «топырақ жамылғысы биосфераның құрамды бөлігі бола отырып, сонымен бірге жердегі әмбебап энергия жинағыш (аккумулятор) және табиғаттағы заттар алмасуымен айналымның үйлесімді жүруіне қажет, қарашірінді құрамында бар тіршілікті қуаттаушы энергия көзінің үнемді жұмсаушысы»-деп атап көрсеткен.
Қорыта келгенде, топырақ өзінің ерекше қасиеттерінің арқасында Жер ғаламшарының ағзалар дүниесінде өте үлкен маңыз атқаратынын аңғарамыз. Табиғаттың туындысы және оның бір бөлігі бола отырып, топырақ әлемі табиғатының дамуының негізгі ортасы болып табылады. Сонымен бірге атмосфера, биосфера, гидросфера және литосфера қабаттарымен үздіксіз зат және энергия алмасу процестеріне қатынасып, олардың өзара қарым-қатынасының үйлесімділігіне әсер етіп, тіршіліктің сан қилы түрлерінің сақталуына жағдай туғызады.


3 Топырақтанудың жаратылыстану, агрономиялық және агроэкономикалық ғылымдармен байланысы. Топырақтанудың Ресейде және Қазақстанда дамуы (В.Докучаевтың, Н.Сибирцевтiң, П. Костычевтiң. В.Вильямс, Ө.Оспанов, В.Боровский және т.б.)
Топырақтану кең ауқымды жаратылыстану ғылымы. Бұл ғылым топырақты және жер планетасының топырақ жамылғысын зерттеу мәселесі кезінде басқадай жаратылыстану ғылымдармен байланысып олардың әдістемелерін және жетістіктерін қолданып отырады.
Қазіргі топырақтану геология ғылымынан дамып, бөлініп шыққан және әліде геологиямен тығыз байланысты болып келеді. Топырақтың шығу тегін, дамуын, топырақ жамылғысының жер шарында таралу ерекшеліктерін, оның минералдық құрамын зерттеуде геология ғылымының үлкен маңызы бар.
Топырақты және оның құнарлығын зерттеу барысында топырақтану ғылымы үшін микробиология, биохимия, өсімдіктер физиологиясы, өсімдіктану, жануартану, экология ғылымдарымен байланысының қажеттілігі туады.
Сонымен бірге топырақтың химиялық құрамын, физикалық қасиеттерін анықтауда, зерттеу барысында алынған мағлұматтарды статистикалық жолмен сұрыптап, математикалық болжамды мөлшерлік үлгі (модель) жасау үшін химия, физика, математика, информатика ғылымдарының алатын орыны айрықша.
Топырақтану ғылымының өрістеп-дамуы басқада жаңа ғылым салаларының пайда болуына ықпалын тигізді. Олар биохимия, геоботаника, биогеоценология, ландшафтану, экология ж.б. В.В. Докучаевтың әдістеме жүйесін қолдана отырып, оның оқушысы және жолын қуушы академик В.И.Вернадский биосфера және ноосфера туралы ілімнің негізін қалады. Қазіргі экология және қоршаған орта жайлы ілімдердің дамуына В.В.Докучаевтың дамытқан ғылыми тұжырымдары (концепциялары) қомақты үлес қосты.
Топырақтанудың кең ауқымды түрде басқа ғылымдармен қатынасының тығыз болуы топырақтың ерекше табиғи дене екендігіне және алуан түрлі ғылымдар зерттейтін жер геосфераларының тоғысқан межесінде топырақтың пайда болып, оның дамуының әрі қарай жүріп жатқандығында. Топырақтану ғылымы дами отырып қазіргі кезде әр– алуан ғылыми бағыттағы тарауларға бөлінеді.
Бастапқыда бұл ғылымды екі үлкен топқа жіктеуге болады. Біріншісі–жалпы топырақтану (іргелі), екіншісі–арнайы топырақтану (қолданбалы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет