Дәріс 1 Тақырып: Топырақтану-агробиологиялық ғылым, оның нарықтық жағдайдағы мазмұны мен мақсаты
Дәріс мақсаты: Топырақтану-агробиологиялық ғылым, оның нарықтық жағдайдағы мазмұны мен мақсатын білу.
Топырақ - дербес табиғи дене, биосфера (тiршiлiк әлемi) бөлегi және аграрлық еңбек орны (объектiсi); оның iзденiстiк әдiстерi мен әдiстемесмен танысуi.
Топырақтанудың жаратылыстану, агрономиялық және агроэкономикалық ғылымдармен байланысын қарастыру. Топырақтанудың Ресейде және Қазақстанда дамуымен танысу (В.Докучаевтың, Н.Сибирцевтiң, П. Костычевтiң. В.Вильямс, Ө.Оспанов, В.Боровский және т.б.).
Топырақтану-агробиологиялық ғылым, оның нарықтық жағдайдағы
мазмұны мен мақсаты Табиғаттың ғаламат туындысы топырақ. Ол жер қабығының ең үстін алып жатқан құнарлы қабаты. Топырақтың ерекше қасиеттерінің әсері осы ортада өсімдік өніп, тамыр жүйесі дамып, өсіп жетіліп, фотосинтез арқылы органикалық заттар түзіп халыққа азық–түлік, өндіріске шикізат беруін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге топырақ табиғи экологиялық жүйелердің басты құрамды бөлігі болып келеді.
Топырақтың құрылысын, құрамын, қасиеттерін, пайда болуымен дамуының заңдылықтарын, географиялық таралуын, қоршаған ортамен байланысын, табиғаттағы маңызын, топырақты жақсарту және құнарсызданудан қорғау, халық шаруашылығында тиімді пайдалану жолдарымен әдістерін зерттейтін – топырақтану ғылымы. Топырақтану ғылымының негізін XIX ғасырдың аяғында орыстың ұлы ғалымы Василий Васильевич Докучаев (1846–1903) қалады. Өткен ғасырдың басында топырақтану жаратылыстану ғылымының жеке жаңа саласы болып қалыптасты.
Топырақ туралы ғылыми тұрғыдан дұрыс түсінік В.В. Докучаевтың жемісті еңбегінің нәтижесінде пайда болып, дами түсті. Ол 1879 жылы Санкт–Петербургте жаратылыстану қоғамында жасаған баяндамасында-«топырақ дегеніміз жердің үстіңгі, қабатында жатқан, қарашіріндімен азды-көпті мөлшерде боялған, тірі ағзалардың, ауа райының, жер бедерінің өзара қарым–қатынасы әсерінен пайда болған минералды–органикалық жаралынды зат» - деп көрсеткен.