Дәріс №1 Тақырыптың аты: химиялық Өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру дәрістің мақсаты: Химиялық өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет14/39
Дата24.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#86259
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Байланысты:
ЛЕК. ТАСИБЕКОВ Х.С. ХТОВ ПРОЕКТ

Дәріс №8 
 
Тақырыптың аты: Бастапқы мәліметтердің құрамы және химия өнеркәсібінің кәсіпорындарын 
және олардың қондырғыларын жобалаудың негізгі сатылары
 
Қарастырылатын сұрақтар:
2.1 Химиялық өндірістерді және қондырғыларды жобалаудың негізгі сатылары
2.2 Конструкторлық құжаттардың түрлері
 
Химиялық өндірістерді және қондырғыларды жобалаудың негізгі сатылары
Технологиялық қондырғы өнеркәсіптік кәсіпорынның қондырғы жүйесінің құрамдас бөлігі 
болып кіреді, және оның өмірлік циклы өндірістің өніміне тәуелді. Ғылыми-техникалық 
прогрестің дамуы өндіріс өнімінің өмірлік циклының қысқаруына (көнеру циклы) алып келеді, 
және көпшілігі үшін ол қазіргі таңда бес жылдан артпайды. Сондықтан технологиялық 
қондырғыны жобалауға арнаулы бөлінген уақыт мүмкіндігінше минималды деңгейге дейін 
келтірілуі қажет. 
Жобалаудың негізгі сатылары 1-суретте келтірілген.
Технологиялық қондырғыны жобалаудың мақсаты: 

сапаның өте жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып жобаны орындау шарты 
жағдайында жобалаудың, даярлаудың және эксплуатацияға енгізудің мерзімін қысқарту; 

өндірістің, ғылыми-техникалық жетістіктердің, ұтымды ұйымдастыру мен басқарудың 
алдыңғы шепті тәжірибесін қолдану арқылы еңбектік, материалдық, энергетикалық ресурстадың 
шығындарының мүмкіндігінше минималды шығындалуын қамтамасыз ету. 
Технологиялық қондырғыны жобалаудың міндеттерін қою үш сатыда өтеді: 
1) 
өндірістің өнімін (зат) даярлап жасап шығаруға немесе өңдеу технологиясына деген 
идеяның немесе мұқтаждықтың туындауы; 
2) 
болжанылған технологиялық қондырғының негізгі параметрлері туралы және оған 
қойылатын талаптар бар материалдарға сараптама жүргізу; 
3) 
технологиялық қондырғыны жобалауға қойылатын міндеттерін құрастыру. 
Технологиялық қондырғыға қатысты идея немесе мұқтаждық өнім және оны өңдеудің 
технологиясы пайда болғанда туындайды. Сондықтан, технологиялық қондырғы өндіріс өніміне 
және технологиясына қатысты қараса екіншілік болып келеді. Технологиялық қондырғыны 
жобалау өндіріс өнімі және оны өңдеу немесе даярлау технологиясы туралы толық ақпарат бар 
болған кезде мүмкін. Жобалаудың бастапқы сатысы негізгі параметрлерді және технико-
технологиялық сипаттамаларды және олардың өзара байланыстарын экономикалық және 
әлуметтік факторлармен байланысын зерттеу болып табылады. 
Жобалаудың келесі сатысында ұсынылған өнімді өңдеудің технологиялық процесінің 
физикалық іске асырылуы бағытында жүргізілген зерттеулердің, технологиялардың, инженерлік 
ізденістердің, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың материалдарын сараптамадан өткізу 
қарастырылады.
Технологиялық қондырғыны жобалау міндеттерін құрастыруға мәселені алдын ала 
қарастыру, бастапқы мәліметтерді меңгеру, қаржыландырудың көзін және оның жуықталынған 
құнын, жобалау, жасау және эксплуатацияға енгізу мерзімін анықтау кіреді. 
Технологиялық қондырғыны жобалау туралы шешімді қабылдау алдын ала келесі 
тапсырмаларды орындаумен жүзеге асады:

технологиялық қондырғының көптеген (үштен көп емес) 
аналогтары
мен 
прототиптердің
арасынан жүзеге асуы тұрғысынан ең мүмкін болып келетін нұсқасын таңдау және оптималдылық 
критериін анықтау; 

технологиялық қондырғыны жобалау кезінде еңбектік, материалдық, энергетикалық 
ресурстарды, макеттерді немесе тәжірибелі-өндірістік (зертханалық) желілерге қатысты 
жуықталынған шығындарды анықтау; 

экономикалық және әлеуметтік факторлардың талаптарын қанағаттандыратын жобалау 
жүйесінің ұтымды құрылымын ұйымдастыруды қарастыру.


Технологиялық қондырғыны жобалау туралы шешімді қабылдау принципі ғылыми-
техникалық білімді, даму тарихын, алдыңғы қатарлы өндірістік тәжірибені және жобаның 
оптималды
нұсқасын анықтаудың прогресивті әдістерін қолдануға негізделген.
Химиялық өндірістің қазіргі дәрежесі жоғары сапалы машина мен аппараттарды жобалауды және 
жасауды талап етеді. Бұл келесі техника-экономикалық көрсеткіштердің 
оптималды
үйлескенде 
мүмкін болады: максималды жұмысшы көлем, жоғары өнімділік, қарапайымдылық, жұмыста 
сенімділік және қауіпсіздік, ең аз энергия- және металды- сыйымдылық, автоматтандырудың 
жоғары дәрежесі және максималды жұмыс істеу мерзімі.
Бұйымның Жасақтаудың қажетті 
меңзелінуі 
сатылары 
Бұйымның
Техникалық
Даяр өнім мен
техникалық тапсырма
шикізат сапасына
сипаттамасы 
қойылатын талаптар 
Техника- 
Эксплуатациялау және 
экономикалық қайта жөндеу шарттарын
талаптар ескере отырып
арнайы талаптар 
Таңдалған конструк- 
цияның дұрыс- Патентті құжаттар 
мақсаттылығының 
техника-экономикалық
негіздемеленуі Техникалық ҒЗЖ нәтижелерінің
ұсыныс және таңдалынған
конструкцияның
Конструкцияның 
эксплуатациялау
принципиалды тәжірибесінің
нұсқасын таңдау сараптамасы
Бұйымның құрылысы
мен жұмыс істеуінің
Тәжірибелік үлгілерді Эскиздік жоба 
принципиалдық
даярлау. Негізгі конструкторлық
өлшемдерін белгілеу шешімі
Жұмысшы жобаны Техникалық Аппараттың
жасақтау үшін жоба құрылысымен оның жұмыс 
бастапқы мәліметтер. істеу принципі туралы
Макеттерді даярлау. мағлұмат беретін соңғы
техникалық шешім.
Жұмысшы Сериялық массалық 
Тәжірибелік үлгі құжаттарды өндіріс 
жасақтау 
Бекітілетін 
серия


Жоқ Конструкторлық Иә Процедура соңы
құжаттарды
түзету
Сурет 1. Жобалаудың негізгі сатылары 
Бұйымның құрылымын жасақтау – өзіне тән айрықша дараланған үш сатылы күрделі 
көпбаспалдақты процес:
- біріншісі (жобалық конструкторлық құжаттарды жасақтау) – техникалық тапсырмалардың 
мәліметтерінен, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік сынақтардың нәтижелерінің 
негізінде орындалатын инженерлік шешімдердің техника-экономикалық жетілдірулердің 
қадамнан-қадам арқылы тереңдейтін процес;
- екіншісі ( жұмысшы конструкторлық құжатты жасақтау) – инженерлік ізденістердің 
нәтижелерінің материалдық тұрғыдан жүзеге асырылуы, тәжірибелік-өндірістік мәліметтерді 
жүйелеу және оларды техникалық тапсырмамен салыстыру, құжаттарға қажетті анықтамалар мен 
толықтыруларды енгізу процесі.
- үшіншісі ( техникалық тапсырманы жасақтау) – жасақталынатын нысанға қатысты 
бастапқы талаптарды анықтау процесі және жасақталынатын нысанның алдын-ала (мүмкін және 
меңзелінген) кескінін құрастыру процесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет