Дәріс №9
Тақырыптың аты:
Бастапқы мәліметтердің құрамы және химия өнеркәсібінің
кәсіпорындарын
және олардың қондырғыларын жобалаудың негізгі сатылары
Қарастырылатын сұрақтар:
2.3 Өнеркәсіптік химиялық өндірісті жобалау үшін бастапқы
мәліметтердің тарауларының
мазмұны
Химиялық саланың кәсіпорнының жобасын жасақтау кезінде нақты құрылған Техникалық
тапсырмалар негізгі құжат болып табылады. Олардың құрастырылып
жасалынуы мен берілуіне
Жетекші ғылыми-зерттеуші ұйыммен немесе Құрылтайшылар кеңесімен келісілген және бекітілген
тапсырыстық құжаттарға сай өнім өндіруді меңзеп отырған мемлекеттік,
кооперативтік немесе
қоғамдық ұйым немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік (кәсіпорын) жауапты болып табылады.
1-тарау. Жалпыламалық мағлұматтар және технология
1.1 Өндірісі үшін технология жасақталынған мақсатты өнімнің меңзелінуі.
1.2 Технологияның тиімділігі жайлы қысқаша мағлұматтар.
1.3 Өндіріс технологиясы пысықталынылған тәжірибелік қондырғының масштабы
2-тарау. Жобалауға негіз болған бастапқы мәліметтердің негізіне кіретін орындалған
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстардың сипаттамалары
2.1 Өндіріс технологиясы туралы қысқаша әдеби шолу. Шетелдегі
дәл осындай өндірістер
туралы мағлұматтар.
2.2 Технологияның жекелеген сатылары және түйіндері бойынша орындалған ғылыми-
зерттеу жұмыстарына шолу (соның
ішінде шикізатты даярлау, катализаторларды дайындау,
химиялық және механикалық ластанған суларды тазарту, тастанды қалдықтарды өңдеу және т.б.).
Зертханалық
жағдайларда, тәжірибелік және жартылай зауыттық қондырғыларда
технологияны жасақтауға қатынасқан ғылыми-зерттеу және конструкторлық ұйымдардың аттары.
Тәжірибелік жартылай зауыттық қондырғылардың жұмыстарының нәтижелерін баяндау.
2.3 Мемлекетімізде және шет мемлекеттердегі дәл осындай жұмыс істеп тұрған өндірістердің
кәсіпорындарының техникаларының деңгейі және негізгі техникалық
көрсеткіштері туралы
қысқаша сипаттама.
Ұсынылатын технологияның біздің мемлекетте және шет мемлекеттерде қазіргі кездегі бар
өндіріс әдістерімен салыстырғанда басымдылығы.
Достарыңызбен бөлісу: