7.6 Өнеркәсіптік қоспаларды қарапайым әдістерімен бөлудің күрделілігіне байланысты
арнайы бөлу әдістерін (азеотроптық немесе экстрактивтік дистилляция) қолдану қажеттілігі
туралы мағлұматтар.
Азеотроптардың бар екендігін көрсету және үшінші компоненті бар
жүйелердегі салыстырмалы ұшқыштық коэффициенттері.
7.7 Процестері сатылар бойынша сипатталған өндірістің принципиалды технологиялық
сызбанұсқасы.
Технологиялық сызбанұсқаларға барлық негізгі және көмекші процестер,
катализаторларды, көмекші материалдарды даярлау және регенерациялау түйіндері,
ластанған
суларды тазалау, газды тастандыларды залалсыздандыру және қалдықтарды өңдеу.
Принципиалды
технологиялық сызбанұсқалар жүктерді салу-жүк түсіру жұмыстарын механизацияландырудың
және периодты және үздіксіз процестер үшін катализаторлар мен басқа реагенттерді дозалау
түйіндерін қамтуы қажет.
8-тарау. Өндірістің жұмысшы және технологиялық параметрлері
8.1 Өндірістің технологиялық жұмысшы параметрлері және әрбір түйіндер бойынша
олардың рұқсат етілген тербіліс диапазоны: қысым, температура, көлемдік жылдамдық,
компоненттердің қатынасы, сызықтық жылдамдық, қанығу дәрежесі, диспергерлену дәрежесі,
ерітінділердегі заттардың концентрациясы, қатпарларға бөліну жылдамдығы, кристалдар мен
түйіршіктердің мөлшері, ылғал мен басқа қосалқы компоненттердің рұқсат етілген мөлшері.
Әрбір сатыдағы иә болмаса түйіндегі процестердің ұсынылған оптималды параметрлерден
ауытқу жағдайында (және қандай ауытқулар) қандай жағдайлар қалыптасуы мүмкін және де қай
жерде қандай жағдайлар орын алуы мүмкін болатындықтары туралы толық нұсқаулар.
8.2 Берілген нысанда катализаторларды даярлау және регенерациялаудың технологиялық
шарттары.
Қолданылатын катализаторлардың, адсорбенттердің гидравликалық кедергісі мен
механикалық беріктіліктері туралы мәліметтер.
8.3 Тұнбалардың, шайырлардың полимерлерінің, көпіршіктердің түзілу шарттары, олардың
түзілмеуінің алдын алу және оларды жойып жіберудің әдістері.
8.4 Реакциялық шайырларды араластыру сипаты бойынша ұсыныстар.
Достарыңызбен бөлісу: