Дәріс №1. Тәрбие үдерісі тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі



бет39/42
Дата25.03.2022
өлшемі411,32 Kb.
#28757
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Критерий – бағалауға, пікір айтуға не топтастыруға негіз болатын белгі; қайсыбір құбылысты пайымдау, бағамдау өлшемі.
Әдебиеттер:

  1. Губашева С., Отарбай А. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Оқулық. - Астана, 2011.

  2. Губайдуллина Г.Н. Педагогиканы оқыту әдістемесі. Оқулық. – Алматы,2011.

  3. Сластенин В.А. Методика воспитательной работы. Учебное пособие. – Москва, 2008.

  4. Набуова Р.Тәрбие жұмысының әдістемесі. Оқу құралы. - Алматы, 2015.

  5. Тәжібаева С.Ғ. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. –Алматы, 2013.

  6. Худякова Н.Л. Теория и методика воспитания: учеб. пособие Н.Л. Худякова Челябинск: Изд – во Челяб. гос. ун – та, 2009.

Сынып жетекшісінің оқу - тәрбие жұмысының нәтижесі - сынып жетекшісі жұмысының ішіндегі ең күрделі кезеңі. Себебі, ол педагогикалық процестің мәнін танып білуге аса зор ықпал етеді. Әрбір жағдайды талдау жұмысының нәтижесінде, оған дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, түзетулер және толықтырулар енгізіп отыруға мүмкіндік туады.

Ол сынып жұмысының мақсат, міндеттері және жоспарлау жұмысымен тығыз байланысты болады. Сондықтан да сынып жетекшісі үшін, оны атқарудың маңызы ерекше.

Талдау жұмысының мақсаты - оқу жылының соңында сынып көлемінде жалпы педагогикалық үдерістің нәтижесін бағалауды, келешекте оның жұмысын жетілдірудің жаңа оқу жылының мақсат, міндеттерін анықтап, ата-аналармен және пән мұғалімдерімен атқарылатын оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау барысында қолданылады.

Оқу жылының қорытындысына талдау жүргізу негізінен бір жыл бойы жүргізілген жұмыстардың мәліметтерді, оларды талдау қорытындысы, сауалнама жүргізу және зерттеу нәтижесі барысымен байланысты атқарылады. Қорытындысында, педагогикалық әрекетті жетілдіруге сай нақтылы ұсыныс білдіру және бірыңғай ортақ көзқарас қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі. Оны мамыр және маусым айларында атқару тиімді.

Оқу жылында атқарылатын жұмыстарға қатысты басқа да мәліметтерге және тоқсандық оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау жұмыстарын жүргізуге қарағанда, жылдық талдау көлемі, сипаты жағынан күрделі болып келеді.

Сондықтан да ол комплекстік (кешенді ) жұмыс болып есептелінеді. Талдау жұмыстары 3 кезеңде атқарылуы мүмкін.


  1. Жалпы сынып ұжымының өміріне талдау жасау

  2. Сынып жұмысындағы кейбір негізгі мәселелерді талдау.

  3. Жеке оқушымен жұмыс нәтижесін талдау.

Жоғарыда көрсетілген бөлімдерге сәйкес, талдауға қатысты мәселелер оқу жылының басында белгіленген міндеттерді ескере отырып, сынып жетекшісінің басшылығымен анықталады.

Сынып жетекшісінің оқу жылының қорытындысына талдау жүргізуді ұйымдастыру жұмыстарының шартты түрде алған жоспары:



    1. Талдау жұмыстарының мазмұны мен формасын белгілеу үшін оқушылар мен ата- аналар белсенділерінің отырысын ұйымдастыру.

    2. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының нәтижесін анықтау үшін «срез» тәсілін жүргізуі.

    3. Сынып ұжымымен талдау жұмысының әдістемесін ойластыру.

    4. Сынып жұмысының қорытындылауға сай, оқушылардың пікірін ескере отыра, оларға тапсырма беру.

    5. Оқушылардың және ата-аналардың, пән мұғалімдерімен бірлесе отыра, оларға тапсырма беру.

    6. Талдау жұмыстарының материалдарын өңдеу.

    7. Оқушылар және ата-аналар белсенділерімен талдау жұмысының нәтижесін жазбаша қорыту.

    8. Талдау жұмысының қорытындысын мектеп әкімшілігінің тәрбие жөніндегі орынбасарына тапсыру.

Мұндай жұмыстарды атқару сынып жетекшісінен шыдамдылық пен төзімділікті, орасан күш-жігерді және кең көлемді тәжірибе мен асқан ұйымдастырушылық қабілетті қажет етеді.

Талдау жұмысының нәтижесімен сол сыныпта жұмыс істейтін барлық пән мұғалімдері таныс болуы керек. Себебі, олар болашақта атқаратын педагогикалық әрекеттерін жоспарлауда, оның нәтижесін ескерулері тиіс.

Сынып жетекшісі оқу жұмысына талдау жұмысын ұйымдастыруда бірнеше қиындықтарға тап болады. Солардың ішінде талдау сызбасы мен оның құрылымын анықтау. Ол көбінесе талдаудың мақсаты мен міндеттеріне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты анықталады.

Сондықтан, әрбір атқарылған іс-шара соңында ұжым болып талдау жұмысын атқарып отырған пайдалы.

Білімдену процесінің ажырамас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностика жәрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталады. Ол болмаған жерде дидактикалық үдерісті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика бұл дидактикалық үдерістің нәтижесін анықтау, оқу-тәрбие үдерісінің барысы және нәтижелері туралы ақпарат алу тәсілі. “Диагностика” (грек «диа» - мөлдір, таза және «гносис» - ілім) – оқылатын нысан немесе үдеріс туралы алдын - ала ақпаратты алудың жалпы тәсілі.

Психологиялық-педагогикалық диагностика - бұл оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін және оқу-тәрбие үдерісін оңтайландыру мақсатымен балалар ұжымына әлеуметтік-психологиялық сипаттама беруді үйренуге бағытталған бағалау тәжірибесі. Тәрбие жұмысы педагогикалық диагностикадан басталады. «Адамды жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін, оны жан-жақты білу қажет» деген К.Д.Ушинский. Әрбір мұғалім тәрбиешіге оқушының жеке ерекшеліктерін білу үшін диагностикалық әдістерді таңдай білу қажет. Сондай-ақ, әрбір тәрбиеші қажетті диагностикалық (айқындау) әдістерді ұжымның ерекшеліктеріне сәйкес таңдап алу керек.

Мектептегі диагностиканың міндеттері:


  • Оқушылардың даму барысына және нәтижелеріне талдау жасау (мектепте білім алуға әзірлігі, психикасының жұмысы, ілгерілеушілік);

  • Оқыту үрдісінің барысын және нәтижелерін талдау (білімнің көлемі және тереңдігі, білім, іскерлік, дағдыларды қолдана білу, ой жұмысының негізгі тәсілдерінің барлығы, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін білу);

  • Тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау (тәрбиелік деңгейін, адамгершілік сенімін, адамгершілігін).

Оқу-тәрбие үдерісін тексеруден гөрі диагностика туралы көп айтылуда. Дәстүрлі тексеру әдістері неге қайта қаралуда? Бұл оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіруге байланысты. Егер өктемдік ететін тәрбиеде талдау, тексеру және бағалаудың объектісі оқушының еңбегі болса, енді жаңа жағдайда мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегі, оның нәтижелері талданады. Тексерудің бұрынғы әдістерімен жұмыс істеуге болмайды.

Диагностика нәтиже мен үдерісті бірге зерттейді. Оқушының еңбегі мұғалімнің еңбегімен бірге талданады, оқушының мүмкіндігі, қабілеті және икемділігі зерттеледі. Мұғалімнің жұмысына ықпал еткен жағдайлар ескеріледі. Тексеру оқушының «оқығым келмейді» деген пікірімен санаспайды. Ал диагностика онымен санасады, оқушының оқуға ынтасын арттыру тәсілдерін табады. Мысалы, тексеру арқылы 3 сыныптың оқушысы барлық тапсырманы дұрыс орындағаны анықталады. Мұғалім оған «өте жақсы» деген баға қойды және мадақтады. Үдерісте нәтиже де жақсы сияқты, тек қана диагностика оқушының бес алғаны есте сақтау қабілетінің жақсылығынан екендігін, бірақ оның ақыл-ой жұмысына қабілеті нашарлығын анықтайды. Мұғалім кемшілікті жою мақсатымен оқушыға түрлі тапсырмалар береді. Дәстүрлі тексеруде нәтижелерді бағалағанмен, олардың себептерін түсіндірмейді. Диагностика арқылы оқушылардың білімі, іскерліктері тексеріледі, бағаланады, сандық мәліметтер талданады, бағыттар айқындалып одан арғы жұмыстар болжанады.

Диагностика үшін көптеген әдістер және әдістемелер қолданылады. Мысалы: дәстүрлі тексеру, бағалау әдістерімен қатар тест әдісі, оқушылардың оқуға керекті психикалық сапаларын, атап айтсақ, есті, зейінді, ақыл-ойды т.б. зерттеу, жеке оқушылармен жұмысты жобалау әдісі қолданылады. Қазіргі мектепте қолданылатын диагностика – педагогикалық қатынастар жүйесіндегі оқушыны жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер мен әдістемелердің жиынтығы.

Дәстүрлі тексеру әдістері диагностика арқылы ізгілікке қызмет етіп, мектепте жақсы қарым-қатынас орнатады. Диагностика оқушыларды «орташа», «үздік» деп бөлмей, олардың мүмкіндіктерін анықтайды. Диагностикалық қорытындылар дәл, толық болуы керек. Барлық оқушы туралы ақпараттар жиналып, оның қабілетін, дарындылығын дамытуға қолайлы жағдай жасалады.

Оқушылардың білімдерін тексеру, бағалаумен байланысты әлі шешілмеген мәселелер көп. Гуманистік педагогиканың білімді бағалауы өктем педагогикадан бөлек. Ең бірінші орында оқу-тәрбие үдерісінің барысы және нәтижелері туралы ақпараттар алудың тәсілі диагностика тұрады. Ол мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен еңбегінің нәтижелерін көтеру үшін оның жолдарын талдайды.

Оқушының жеке басы мен сынып ұжымының дамуы туралы психологиялық- педагогикалық білім алу үшін көптеген әр түрлі тәсілдерді қолдану керек. Ең алдымен сынып жетекшісі, сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерімен әңгімелесулері қажет. Содан кейін алған мәліметтерді талқылап, қорытындылайды. Негізгі мәліметтерді сынып жетекшісі сол сыныптағы оқу-тәрбие, сыныптан тыс жұмыстар барысында алады. Ол үшін сауалнама жазбаларын, әңгімелесу және социометриялық әдістерді, экспериментті қолдануға болады.

Оқушының жеке басын танып білуде оның оқу әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі оқушының оқу әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық процестерін (жаңа материалды меңгеруі, қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т.б.) сынып жетекшісі сабақтар жүйесіне қатысу арқылы анықтайды, ол өз алдына оқытудың сапасын арттыруға сай шараларды белгілеуге мүмкіндік туғызады.

Оқушыларға нәтижелі тәрбие беру ісі тек оқу әрекетін дұрыс ұйымдастырумен шектелмейді, оқушылардың өздерін қоғамдық пайдалы істерге белсенді араласуын да көздейді.

Зерттеуді жүйелі ұйымдастыру барысында пән мұғалімдері мен оқушылардың ата- аналарымен әңгімелесудің де берері мол. Ата-аналармен әңгімелесу – оқушылардың үйдегі өмірі мен еңбек жағдайын, отбасы туыстарымен қарым-қатынасын, бос уақыттарын қалай өткізетіндігін, үй тапсармаларын орындаудағы белсенділігі мен жауапкершілігін анықтап білуге ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет