Дәріс №1. Тәрбие үдерісі тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі



бет42/42
Дата25.03.2022
өлшемі411,32 Kb.
#28757
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
ТМВР дарис

Педагогикалық кеңес – мектептің барлық іс – әрекетін басқарудың тұрақты органы, мұғалімдердің педагогикалық ойының ұжымдық орталығы.

Педагогикалық курстар – мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығын көтерудің бір жолы. Педагогикалық курстарда мұғалімдер теориялық мәселелермен және озат педагогикалық тәжірибелермен танысып, білімдерін толықтырады.
Әдебиеттер:

  1. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. –Алматы: Дарын, 2004.

  2. Кукушин В.И. Теория и методика воспитания. – М.: Издательский центр

«Академия»,2002.

  1. Сластенин В.А. Методика воспитательной работы. Учебное пособие. – Москва, 2008.

  2. СуминаТ.Г. Теория и методика воспитательной работы: курс лекций.Т.Г.Сумина Екатеринбург: Изд – во Рос.гос.проф. – пед. ун –та, 2010.

  3. Тәжібаева С.Ғ. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. –Алматы, 2013.

  4. Худякова Н.Л. Теория и методика воспитания: учеб. пособие Н.Л. Худякова Челябинск: Изд – во Челяб. гос. ун – та, 2009.

Кез келген мемлекеттің өркендеуі оның білім беру саласының жағдайына негізделеді, ал білім беру процесіндегі маңызды фигура – ұстаз тұлғасы. Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - өскелең ұрпақты қазіргі ғылыми білімдермен қаруландыру, дамыған шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыру. Осындай жауапты міндеттерді сапалы деңгейде атқару үшін әр мұғалім өзінің білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мұғалімнің кәсіби дайындығы кезінде жинақтаған білімдері бір қалыпта сақталып тұрмайды. Қоғамның дамуына байланысты мұғалімнің білімдері де жаңарып, толықтырылып отыруы керек, себебі қоғамның экономикалық дамуына байланысты жас ұрпақты әлеуметтендірудің жаңа талаптары туындап отырады. Осыған орай қазіргі оқушылардың сұраныстары да жоғарлай түсуде.

Білім жетілдіру - кадрлардың, білімнің түрлі саласындағы мамандардың ғылыми – техникалық білімін кеңейтетін және кәсіби іскерлігін, біліктілігін арттырып, мамандығын көтеретін мемлекеттік жүйе. Мұғалімдердің мамандығын жетілдіру - өздігінен білім алу (ең алдымен), курстар, семинарларда, мектептегі, пән бірлестіктерінде, практикумдарда, ғылыми-педагогикалық конференцияларда, құрылтайларда, симпозиумдарда, озат тәжірибе мектептерінде, білім жетілдіру институттарында, аудандық, қалалық методикалық мамандықты жетілдіру методикалық кәсіпке жатады.

Әрбір мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі – үздіксіз жүретін құбылыс, ой еңбегінің әдіс-тәсілін меңгеру, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, дербес жұмыс жоспарын жасап, оны іске асыру нәтижесінде жүзеге асырылады.

Өздігінен білім алу – мұғалімнің тұлғалық өсуінің негізі.

Өздігінен білім алудың атқаратын негізгі қызметтері ретінде М.Князеваның мынадай топтамасын келтіруге болады:



  1. Экстенсивтік – жаңа білімдерді іздестіру, жинақтау.

  2. Бағдарлық – мәдениет және қоғам ішінде өз орнын анықтау.

  3. Компенсаторлық – мектептік білімнің олқылықтарын толықтыру, өз біліміндегі кемшіліктерді жою.

  4. Дамытушылық - өзіндік сананы, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін, шығармашылық сапаларын дамыту.

  5. Әдіснамалық – кәсіби біліктілігін, білімдерін жетілдіру, дүниенің тұтастығын түсіне алу.

  6. Коммуникативтік – түрлі кәсіптер, ғылымдар, адамдар арасындағы байланыстарды орната алу.

  7. Шығармашылық – шығармашылық жұмысқа үйрену.

  8. Жаңашылдық – қалыптасып қалған пікірлерге жаңаша көзқарастардың туындауы, ескілікті жою, стереотиптерден арылу.

  9. Психологиялық – зиялы адамдар қатарынан екенін сезіну, өзін зиялылар қауымының бір бөлігі ретінде сезіну.

  10. Геронтологиялық – жасы ұлғайған адамдардың өздігінен білімдерін жетілдірулері арқылы заманауи жаңалықтардан хабардар болып отыруы.

Қазіргі ақпараттық қоғамда адам өздігінен білімін жетілдіріп отыруы арқылы бәсекеге қабілетті, еркін жан-жақты дамыған тұлға бола алады. Өздігінен білім алу үдерісінің құнды жақтарының бірі ретінде тұлғаның жеке танымдық белсенді іс-әрекетпен шұғылдануын атауға болады. Бұл үдерісте адам мақсат-міндеттерді өзі анықтайды, өзі білім алу құралдарын іздестіреді, өзі-өзіне мұғалім болып, өзін-өзі білімге жетелейді.

Өздігінен білім алудың тағы бір маңызды ерекшелігі ретінде адамның білімді ізденудегі құлшынысының, ынта-ықыласының барлығы адамның өз еркінен туындайтынын, сырттан келетін ешқандай ықпалдардың болмайтындығын атап өтуге болады.



Өздігінен білім алудың негіздері әуелі мектеп жасынан басталып, кейіннен орта және жоғарғы кәсіби білім алу барысында жалғасын табады. Ал жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалімдер үшін өздігінен білім алудың негізгі көздері ретінде А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева т.б. ұсынған мынандай жағдайларды қарастыруға болады:

    1. Кітапханадағы электрондық және кітап қоры, Интернет жүйесін пайдалану. Студент жастарға кітапхананың бай қорымен танысып қалу мүмкіндігін жіберіп алмау керек, себебі онда академиялық кітаптардан басқа мерзімді басылымдар арқылы заманауи жаңалықтармен танысып отыруға болады. Интернет арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша түрлі білімді жетілдіру курстарына қатысуға болады. Бұның ұтымды жағы болып адамның өзіне үйреншікті жағдайда отырып сан алуан білім беру бағдарламаларымен танысып, өзінің қалауы бойынша біреуін таңдап электрондық пошта арқылы хат алмасып білімін толықтыруы болып табылады.

    2. Студенттердің ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттері. Кәсіби дайындық барысында студенттер курс жұмысы, дипломдық жұмыс (бакалавриатта), зерттеу жұмысының нәтижелерін мақала ретінде жариялау, магистрлік диссертация (магистратурада) жазумен айналысады. Бұл жұмыс барысында жас мамандар бір ғылыми мәселені шешуде өзіндік көзқарастарын қалыптастырады, зерттеудің эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық әдістерімен танысады, бір тақырып көлемінде өздерінің білімдерін тереңдетеді. Ғылыми жетекшісінің басшылығымен зерттеу саласындағы белгілі мамандардың еңбектерімен жан- жақты танысып, өзіндік болжамдарын жасап, жеке пікірлерін тұжырымдай алады.

    3. Білімді, іскерліктерді жан-жақты жетілдіру курстарына қатысу. Студенттік шақ адам бойындағы қабілеттерді дамытуға өте қолайлы кезеңдедің бірі. Арнайы білімдермен

қатар жас маман тұлғасына оның іскерліктеріне байланысты көп талаптар қойылады. Сондықтан сөйлеу шеберлігін дамытуға арналған психологиялық тренингтерге, шет тілдерін үйрену курстарына қатысып жоғарғы білім туралы дипломмен қатар бір неше сертификаттар алып шықса оның жұмысқа орналасуы да жеңіл, және жұмыс орнында өз күшіне деген сенімділік нығая түспек. Бұндай мамандар өздерінің құзіреттілігімен беделді де абыройлы бола алады.

    1. Кәсіби іс-әрекет бағытында жұмыс істеп көру. Қазіргі нарық заманында көптеген студент жастар оқуларымен қатар қосымша жұмыс істеуге тырысады. Әрине, бұл сабақтарына кедергі болмаса өте құптайтын жайт. Егер сабақтарымен қатар алып жүре алмаса, жазғы каникул кездерінде өздерінің кәсіби іскерліктерін, құзіреттерін практика жүзінде сынап көрулеріне болады. Бірақ осындай жұмыстар болашақ маманның өзі таңдаған кәсіптерімен байланысты болғаны абзал. Мысалы репетиторлық жұмыстар, мектепте сабақтан тыс спорттық үйірме, факультативтік жұмыстарын жүргізу, лингвистикалық аудармашылық жұмыстар, компьютерлік қызмет көрсету жұмыстары, балалардың демалыс лагерлерінде жетекшілік атқару, бала бақшаларында тәрбиеші болу сияқты жұмыстар жастардың болашақ кәсібімен жақынырақ танысуға, ұжым ішінде тұлға аралық қарым- қатынасты орнатуға уйренуіне, тәжірибе жинақтауына, өз мүмкіндіктерін бағалауға көп септігін тигізді.

    2. Қоршаған ортадан алынған ақпараттарды білім алу көзіне айналдыру. Айналамыздағы бізді қоршаған таныс және бейтаныс адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатудың өзі болашақ мұғалім үшін кәсіби тәжірибе жинақтаудың көзі бола алады, себебі ертең мұғалімдік қызметте жасы үлкен әріптестерімен, балалардың ата-аналарымен сөйлесе алу қажет. Сонымен қатар әрбір тәжірибелі ұстаздардың дәрістеріне қатысу арқылы олардың аудитория назарын қалай аулайтынын, сабақ үстінде тәртіпті сақтай алу іскерліктерін, ынтымақтастық қарым-қатынас орната алу шеберліктерін үйренуге болады. Теледидардан көретін хабарларыңыздың кәсібіңізге қатысты жаңалықтары болса оларды педагогикалық күнделігіңізге түртіп жазып алуды дағдыға айналдырған дұрыс. Кітап дүкендеріне, кітап көрмелеріне баруды әдетке айналдырған абзал, себебі онда ең соңғы жаңа кітаптар сарынымен танысып отыруға мүмкіндік бар.

    3. Өздігінен білім алудың көзі ретінде әр адамның әуестенушілігін, хоббиін қарастыруға болады. Кез келген адамда өзіне тән бір ерекшеліктері болады. Мысалы біреу жақсы ән айта алады, екіншісі жақсы билей алады, үшіншілерінде ақындық қабілеттері дамыған, кейбіреулері музыкалық аспаптарда жақсы ойнай алады, басқасында спорттық қабілеттері басым болып келеді. Бұл қабілеттерді одан әрі дамытып отыру қажет, себебі ертеңгі кәсіби іс-әрекетте балаларға беретін сабағыңыздан басқа оларды әуестендіретін, қызықтыратын тұлғалық сапаларыңыздың бірі осы ерекшелігіңіз болады.

Өздігінен білім алу негіздерін жақсы меңгерген маман кәсіби іс-әрекетте үнемі әріптестерінің алды, ұжымның абыройлы тұлғасы, өзінің құзіреттілігімен, бәсекеге қабілеттілігімен гуманистік бағыттылығы негізінде басқаларға үлгі-өнеге болып оларға қолдау көрсете алады.

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық үдеріс. Көпшілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып, жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі. Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе



  • мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.

Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, бірақ жаңашыл мұғалімдердің іс- тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.

Озық педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар.

Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озық мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.

Озық тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.

Озық тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы.

Жаңалық – озық тәжірибенің төртінші белгісі. Педагогикалық озық тәжірибе оқу- тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады.

Педагогикалық озық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату.

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір талаптары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озық тәжірибесін тарату және оны тәрбие үдерісіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.

Инновация туралы ұғым, маңызы.

Инновация – педагогикалық үдеріске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатына жету. Инновациялық үдеріссіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы: 20 жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.

Инновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.

Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды.

Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда.

Инновациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс - әрекетін саналы түрде өзгертеді.

Инновациялық үдерістің кезеңдері: иновацияның себептері; жаңалықты жобалау; жаңалықты жүзеге асыру Шалва Александрович Амонашвили - профессор, психология ғылымдарының докторы, академик.

Негізгі идеялары және педагогикалық ұрандары: ынтымақтастық педагогикасы, жеке тұлғаны демократияландыру. Ш.А.Амонашвили 6 жасар балаға тәрбие және білім берудің мазмұнын, принциптерін, тиімді әдістерін ғылыми негіздеп, оны мектеп тәжірибесі арқылы



дәлелдеді. Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты тәрбиелеуде гуманитарландыру идеясын жүзеге асырды. Ұраны: "Тәрбие үдерісінің барлық салаларында әр баланың жеке басына құрметпен қарау". Шалва Александрович мектеп есігін жаңа ашқан, әлі буыны бекіп үлгермеген 6 жастағы балалардың тауын жығып, талабын қайтармас үшін оларға баға қоймайды. Балалардың еңбегін олардың тындырған істерінің нақты нәтижелерімен бағалайды. Оның оқушыларының дәптерден жасаған қолжазба кітаптары бар. Оған балалар өздерінің алғашқы әңгімелерін жазады, өздерінің салған суреттерін папкаларға жинайды. Балалар табыстарын ата-анасына көрсетіп, мақтанып, оны мектептегі көрмеге қойып, ұжымның рухын көтеріп, оқушыларға күнделікті оқу, білім, өздігінен іздену жолдарын түсіндіреді.

Бекітуге арналған сұрақтар


  1. Өздігінен білім алудың негізі ерекшеліктерін анықтаңыз?

  2. Озық педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар қандай?

  3. Инновацияның түрлерін атаңыз.





77




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет