Топырақтың физикалық қасиеттері.
Топырақәртүрлі мөлшердегі бөлшектерден тұратын дисперсті табиғи
дене, сол себепті оның физикалыққасиеттері тығыз денелердіңқасиеттерінен
айырықша. Топырақта барлық кеңістікқатты бөлшектермен толтырылмаған,
олардың арасында су, ауа, микроагзалар болатын кеуектер бар.
Топырақтардың физикалыққасиеттері және онда жүретін физи-
калықүрдістер топырақтың түзілу үрдісіне, топырақтыңқұнарлылығына,
өсімдіктердіңөcyiнe және дамуына зор әсер етеді Физикалыққасиеттер
барлық уақытта физикалық, химиялық, физикалық-химиялық және
биологиялықүрдістердіңәсер етуінен, сонымен бipre адамдар жүргізетін
агротехникалық шаралар әсерінен өзгеріп отырады.
Топырақ физикасының негізінқалаушылар П.И. Костычев, А.А.
Измайльский, Г.Н. Высоцкий, В.Р. Вильямс және басқалар. Топырақ
физикасын дамытуда үлкен ролді Н.А. Качинский, В.В. Квасников, А.Ф.
Лебедев, А.А. Роде және т.б. атқарды.
Топырақтардың физикалыққасиеттерінегізгіжәне функционалдық болып
бөлінеді. Негізгіөз кезегінде - жалпы физикалық және физикалық-
механикалыққа; ал функциональдық - сулық, жылулық, ауалық болып
бөлінеді.
Топырақтың жалпы физикалыққасиеттері.
Топырақтың жалпы физикалыққасиеттеріне көлемдік салмақ, меншікті
салмақ, кеуектілік немесе саңылаулылық жатады.
Топырақгыңкөлемдіксалмағы (КС) деп сұлбасын бұзбай алған 1 см
3
абсолюттіқұрғак топырақтың грамм түріндегі салмағын айтады. Көлемдік
салмақ топырақтың структурасына және ондағы қарашірікқұрамына
тәуелді.Топыраққұрамында қарашірік көп болса, көлемдік салмақ аз болады;
топырақ структурасы айқын болған сайын, оныңқопсуы мен көлемдік
салмағы да аз болады.
Топырақтың көлемдік салмағы қарашіріктігоризонттарда өте аз болады -
әдетте 1,0-1,2 г/см
3
, орман төсенішінде және шымтезекте 0,2-0,4 г/ см
3
дейін
түседі, төменгі минералдық горизонттарда1,4-1,7 г/см
3
дейінөседі. Едәуір
көлемдік салмақ батпақтанған топырақтың глейлі горизонттарында -1,7-1,9
кейде 2 г/см
3
-ке дейін байқалады.
Топырақтыңменшіктісалмағы
(МС)
деп,
топырақтыңқатты
бөлшектері салмағының 4°С температурадағы осындай көлемдегі су
салмағына қатынасы айтылады. Меншікті салмақ топыраққұрамындағы
қарашіріккежәне минералдық бөлшектердің сапалық құрамдарына тәуелді.
Ендеше қарашіріктің меншікті салмағы 1,4-1,8-ге тен, ал топырақты
құрайтын минералдық бөлшектердің салмағы 2,2-ден 3,7-ге дейін барады.
Ipi туйіршікті шымды құмдауыт топырақтың көлемдік салмағы 1,8-ге, ал
меншіктісалмағы 2,65 тең; кәдімгіқаратопырақта 10% қарашірінді болады,
соған сәйкес 1,04 және 2,37. Көптеген топырақтардың орташа алғандағы
меншікті салмағы 2,5 - 2,7-ге тең, ал көп қарашіріктіжоғарғы горизонттарда -
2,4-2,6.
Көлемдік және меншікті салмақтардыңүлкен мәні бар; олардың
көмегімен топырақтардың кеуектілігі, кеуектердегі ауаны, су қорын және
қоректік заттар қорын анықтайды.
Кеуектілік немесе саңылаулылық(Н)деп топырақтардағы кеуектердің
жалпы көлемі және белгілі көлемдегі берік топырақ бөлшектері мен
түйіршіктер структурасындағы бос аралықтарды атайды. Кеуектілік табиғи
құрылымын бұзбай алынғаннан топырақтың жалпы көлемінің пайызбен
өрнектелген мәні.
Кеуектілікке топырақтың структурасы үлкен әсер етеді. Ceбeбi топырақ
структурасындағы структуралық түйіршіктердіңөзінде және олардың
арасында да кеуектер бар. Көптеген зерттеушілер анықтағанындай,
кеуектілік структуралық топырақтарда структурасыздарға қарағанда 1,5 есе
жоғары. Топырақтардыңөте жоғары кеуектілігі жоғарғы (қарашірікті)
горизонттарда 55 - 70% тең, ал шым-тезектер мен орман төсеніштерінде -
тіпті90 %. Тереңдеген сайын кеуектілік кемиді. Жоғарғы горизонттардың
кеуектілігіқарашірік құрамымен, структура болуымен, өсімдік тамырлары
мен қазғыш жәндіктердіңәсер етуімен айқындалады.
Кеуектілікке топырақтардың механикалыққұрамы да әсер етеді.
Кеуектілік балшықта 50-55%-ға тең, саздақта 50-40%, құмда - 30 -35%.
Топырақтардың глейлі горизонттарында кеуектілік өте төмен – 25-30%.
Топырақтың жалпы кеуектілігі топырақтың меншікті және көлемдік
салмақтарының мәндері бойынша (топырақтың жалпы көлемінен пайыздық
мөлшері) анықталады.
Топырактың физикалық-механикалыққасиеттері
Топырақөңдеу үрдісінде ауыл шаруашылыққұрал-жабдықтарыныңәсер
етуіне байланысты топырақ едәуір өзгерістерге ұшырайды да, ауыл
шаруашылықөсімдіктерініңөнімділігіне ықпал етеді.
Топырақтың физикалық-механикалық, қасиеттеріне байланыстылығы,
илeнгiштiгi, iciнyi,жабысқактығы, сығылуы, тығыздығы және жетілуі
жатады.
Топырақтың байланыстылығы- топырақ бөлшектерін механикалық
күштердің ажыратуына кедергі жасайтын топырақ кабілеті. Ол топырақ
бөлшектерінің арасындағы байланысу күштерінен туындайды, мұнда ерекше
үлкен
ролді
коллоидты
бөлшектер
атқарады.
Топырақтардың
байланыстылығы оның ылғалдылығы мен механикалыққұрамына тәуелді.
Мысалы, балшықты топырақтарда ылғалдылыктың жоғарылауынан
байланыстылығы азаяды да, олар жаңа қасиет - иленгіштікке ие болады.
Балшықты топыраққұрғақ күйде жоғарғы байланыстылыққа ие.
Құмдауыт топырақтар, керісінше, ылғалы жоғарылағанда бipaз
байланыстылыққа ие болады. Ауыр балшықты, саздық топырақтарда
қарашірікбайланыстылықты кeмiтeдi, ал жеңілқұмдақтарда - жоғарылатады.
Кейбірлерде
сіңірілген
натрий
катионы
байланыстылықты
қатты
жоғарылатады; иллювиалды-кебірлі горизонт құргак жағдайда тас сияқты
қатып қалады да, күрекпен қазуга келмейді. Топырақ структурасы
байланыстылықты кемітеді. Структуралы топырақтар әдетте қопсыған
болады.
Топырақтың байланыстылығы оныңүзілуге, мыжылуға, майысуға
кедергісінің мәнінөлшеумен анықталады және 1 см
2
-граммен өрнектеледі.
Мысалы,қаратопырақтың байланыстылығы 12 – 16% ылғалдылық кезінде
сығылуға қарсылық мәні бойынша 1080 г/см
2
-ге жетеді, 21-23%
ылғалдылықұ кезінде - 61,8 г/см
2
. Ылғалдылықөскен сайын балшықты
қаратопырақтың
байланыстылығы
барлық
көрсеткіштері
бойынша
төмендейді. Топырақтың байланыстылығы өндеу сапасы мен машиналарға,
өңдеушіқондырғыларға, жекелей алғанда соқаға кедергі келтіреді.
Топырақтың иленгіштігі- деп ылғалды жағдайда илеyi мен оған
берілген форманы сақтау қабілеттілігі. Бұл қасиетке тек саздақ және
балшықты топырақтар, аздап - құмдақ топырақтар ие, құмдауыт топырақтар
иленгіш емес. Құрғақ жағдайда топырақтың иленгіштікқасиеті болмайды.
Топырақтың иленгіштік дәрежесі оның механикалыққұрамына, ең бастысы
лайлы тұнба құрамына тәуелді.
Топырақтардың иленгіштігі ылғалдылықтыңбелгілi бip аралығында
байкалады. Ылғалдылықтың жоғарғы (топырақ аға бастайды) және төменгі
(жіпше тәріздес оралуы тоқтай бастайды) ылғалдылық арасындағы
айырмашылық иленгіштік саны деп аталады. Бұл сан жоғары болған сайын
иленгіштікте жоғарлайды. Жоғары иленгіштік бар топырақтардағы
иленгіштік саны 17-ден көп, саздықтарда 17-7; құмдақтарда 7-0; құмдарда - 0.
Топырақтың жабысқақтығыдеп ылғалды жағдайда топырақтыңөңдеу
жабдықтарының бетіне жабысу кабілеттілігін айтады. Жабысқактық
топырактың механикалыққұрамы мен структурасына тәуелді. Ауыр
балшықты топырақтардың жабысу кабілеттілігі жоғары, жеңілдерде -
құмдауыт,
құмдақтарда
төмендігімен
ерекшеленеді.
Структурасыз
топырақтардың жабысқактығы структуралыларға қарағанда 2 есе жоғары.
Құрғақ
топырақтарда
жабысқақтыкққасиет
жок.
Топырақтың
ылғалдылығы жоғарылаған сайын оның жабысқақтығы да жоғарылайды,
топырақтардың жабысқақтығы шамамен суға 90% дейін толыққанығуына
дейін жоғарылайды, ал одан кейін азая бастайды да, топырақ агатын күйге
ауысады.
Жабысқақтық мәніөңдеу құралдарынан топырақты бөліп алу үшін керек
болатын күшпен, 1 см
2
граммен өлшенеді. Ауыр батпақты топырақтарда бұл
мән 300 - 350 г/см
7
жетеді.
Жабысқактық топырақты өңдеуде үлкен кepi әсерін тигізеді.Құралдарға
топырақтың жабысуы нәтижесінде тарту кедергісіұлғаяды, топырақты өңдеу
қиындап, eгicтіксапасы төмендейді.
Топырақтың физикалықжетілуі (nicyi)деп оныңөңдеуге қолайлы
болатын, кесектері жақсы үгілетін және ең аз тарту күші болатын күйін
атайды. Жетілу жағдайы топырақтың ылғалдылығымен анықталады, ceбeбi
ылғалдылыққа оның байланыстылығы тәуелді.Қажеттіылғалдылықтағы
топырақты өңдеу қолайлы жағдай туғызады. Жыртуға қолайлы жағдай толық
ылғал сыйымдылығының 50-60 % ылғалдылығы кезінде болады.
Тәжірибелі жер өңдеушілер топырақтың физикалық жетілуін және
жырту уакытын дәл анықтауды үйренген. Топырақтың физикалық жетілу
мерзімін анықтау үшін, колға бipaз топырақ алып сығамыз да, жасалған
кесекті жерге тастаймыз. Егер кесек шашылмаса, онда ылғалдылықәлі көп,
жыртуға әліерте, егер шашылып кетсе, онда бұл жырту уақыты келгенін
көрсетеді. Бұл кезде топырақтың механикалыққұрамын ескеру керек, бірдей
ылғалдылықта құмдақ топырақкесегісаздақ кесегіне қарағанда тез
шашылады. Егер алынған топырақүлгісінқолмен қысқан кезде кесек
жасалмаса бұл топырақтың кеуіп кеткенін және жырту кезіөтіпкеткенін
білдіреді.
Физикалық жетілуден басқа биологиялық жетілуді де бөліп
көрсетуге
болады.Биологиялық
жетілу
кезінде
топырақтағы
микроағзалардың биологиялық белсенділігіөсімдіктерге кажеттіқоректік
өнімдердің босауына ықпал жасайды. Топырақтағы микроағзалар өздерінің
белсендіic-әрекетіүшінбелгілібip мөлшердегі ылғалдылық пен жылуды,
сонымен бipre ауаның еркін айналымын қажет етеді, кейде топырақтың
биологиялық жетілуі оның физикалық жетілуімен сәйкес келмей, егістік
жыртылғаннан кейін басталуы да мүмкін.
Топырақтың тығыздығыдегеніміз, әртурліформадағы денелерді (конус,
цилиндр және т.б.) топыраққа күшпен еңгізуге көрсететін кедергісі.
Тығыздық 1 см
2
-қа түсетін килограммен өрнектеліп тығыздықөлшегішпен
анықталады. Топырақтың тығыздығы топырақ бөлшектерінің санына
байланысты және де ылғалдылық жоғарылаған сайын азаяды.
Құрғак топырақтың тығыздығы өте жоғары. Тығыздық топырақтың
тартылу кедергісінің мәніне ықпал етіп, өсімдіктіңөсуіне біршама әсер
етеді.Тығыз топырақта тамырлардың таралуы және өркендердің жер бeтiнe
шығуы қиындайды. Механикалыққұрамы ауыр, структурасыз, аз қарашірікті
және құрамында сіңірілген натрий бар топырақтардың тығыздығы өте
жоғары.
Топырақ iciнyiдегеніміз ылғалданған топырақтың көлемінің ар-
туы.Бұндай қасиеттерге құрамындаорганикалық (әсіресе қарашірік),
минералдық коллоидтар және сіңірілген натрий бар топырақтар ие.
Құрамында коллоидты бөлшектер мүлде аз құмдауыт топырақтар ісінбейді.
Топырақiciнyiнeерекше
әсер
ететінқарашірік,
ceбeбi
оныңкөлемі
ылғалданғанда едәуір ұлғаяды. Натрий катиондарымен каныққан топырақтар
- кебірлер iciнyнe ерекше бейімді. Керісінше, сіңірілген натрийді кальциймен
ауыстырғанда, iciнy төмендейді.
Топырақтың сығылуы дегеніміз, оныңкебуікезінде көлемініңкішіреюі.
Ылғалданған кезде қатты iciнeтінтопырақтар, кепкенде көлемі біршама
кішірейеді.
Сығылу
мөлшері
топырақтың
ылғалдану
дәрежесіне,
құрамындағы коллоидтық бөлшектерге, ауысу катиондарыныңқұрамына
тәуелді. Сығылу көбінесе структурасыз, натрий катиондарымен қаныққан
балшықты және саздақ топырақтарда кездеседі.Құмдауыт топырақтардың
сығылу қасиеті болмайды.
Сығылу - қажетсіз құбылыс, ceбeбi оған байланысты жарықшақтар
пайда болып, топырақтағы ылғал буланып кетеді. Топырақ жарылғанда
өсімдіктердің тамырлары үзіліпкeтyiде мүмкін.
1.
Топырақтың
ылғалы,
су
қасиеттері.
Гидрологиялық
константалары. Топырақ ылғалдың түрлері.
Топырақ режимі – көп жылдық мәліметтерден шығарылған негізгі
топырақ параметрлердің (температураның, ылғалдылықтың, аэрацияның,
топырақ ауасы мен топырақ жамылғысының химиялық құрамының)
заңдылық өзгерістері.
Өсімдік дамуында және топырақ кескінінің қалыптасуында ерекше
маңызды
температуралық,
су-ауа,
қорек,
биохимиялық
және
термоэнергетикалық топырақ режимдері.
Топырақтың су режимі және суға қатысты қасиеттері.
Топырақта су өте маңызды роль атқарады. Ол физикалық және
химиялық
бұзылуға,
микробиологиялықүрдістерге
қатысады,
өсімдіктердіңқоректік
заттарыныңepiткiшiболып
табылады
және
дәндердіңeнyiалдындағы iciнyiнeқажет. Су өсімдіктердіңөздерініңқұрамына
да кipeдi.Өсімдіктердің 40—70%- тi, ал жасуша протоплазмасының 53—60%-
тiсудан турады. 1 кгқұрғақ зат (ағаш cүperi, діңі, сабан, т.б.) жасап шығару
үшінөсімдік300-ден 1000 литрге дейін, кейде одан да көп су шығындайды.
Судың жоқтығы немесе аздығы да өсімдіктердегіқopeктiкэлементтердің
жетіспеушілігі кезіндегідей зиянды әсерін тигізеді.
Топыраққа түсетін судың ең маңызды көзі атмосфералық жауын-
шашын. Олардың мөлшері мен жер бетінде таралуы климатқа, жер бедеріне,
әр
жылдын
метеорологиялық
жағдайларына
тәуелді.
Топыраққа
атмосферадан жауын-шашын ретінде келген ылғал топыраққа толық
түспейді. Бip бөлігінөсімдіктер сіңіреді, екінші бөлігі жылға, өзен, көл,
теңіздерге ағып кетеді. Ылғалдың екіші көзі атмосферадағы бу күйіндегі
ылғалдың топырақбeтiмен жоғарғы қабаттарында конденсациялануы.
Дегенмен, бұл құбылыстың сандық мәні көбінесе төмен.
Топырақ ылғалдылығын (Ы) екі көрсеткішпен сипаттайды - абсолюттік
және салыстырмалы ылғалдылық.
Абсолюттік
ылғалдылық
(Ыабс.)-
топырақ
салмағымен
салыстырғандағы алынған топырақтағы барлық ылғалдың мөлшері.
Салыстырмалы ылғалдылық (Ысал.)- топырақтың ылғалмен қанығу
дәрежесі немесе абсолюттік ылғалдылық пен ең төменгі ылғал
сыйымдылығымен қатынасын 100-ге көбейткендегі мән. Ылғалдылық
пайызбен беріледі. Абсолюттік және салыстырмалы ылғалдылық белгілі
болса, топырақ ылғалының мәдени өсімдіктер пайдалана алатын мәнін
анықтауға болады. Өсімдіктер пайдалана алатын күйдегі ылғал мөлшерінің
жептіспеушілігіне байланысты өсімдіктердің тұрақты қурай бастау
шегінқурау ылғалдылығы (Ық)деп атайды. Ол топырақтыңқұрғақ
салмағының пайыздық мөлшерінде беріледі. Топырақ ылғалдылығы қурау
ылғалдылығымен теңескен кезде өсімдіктердегі фотосинтез үpдici де
тоқтайды.
Топырақтыңөнімдіылғалдылығыдегеніміз
-
судыңқурау
ылғалдылығынан артық бөлігі, оны өсімдіктер толығымен пайдалана алады.
Қурау ылғалдылығы мен жалпы ылгалдылық мөлшерін білетін болсақ,
топырақтағы өнімді ылғалдылықтыңқорын есептеп шығаруға болады. Өнімді
ылғалдылықтың мөлшерін су қабатының миллиметрмен өлшенетінмәнi
арқылы белгілейді. 1 гектардағы судыңәр миллиметрі 10 т суға тең.
Өнімді ылғалдылыққорын мына формула арқылы есептейді:
W = 0,1 ҚС-һ(Ыабс~Ық), бұндағы
W — еөнімді ылғалдылыққоры, мм;
0,1 — су қабатының ауысу коэффициенті, мм;
ҚС — топырақтың көлемдік салмағы, г/см
З
;
h — өнімді ылғалдылыққоры есептелетін топыраққабатыныңқалыңдығы,
см;
Ыабс – топырақтың абсолют құрғақ салмағының ылғалдылығы,%;
Ық.- — абсолют құрғақ топырақтыңқурау ылғалдылығы, %.
Шартты түрде көптеген өсімдік түрлеріүшін оптималды ылғалдылық
ретінде топырақтың толық ылғал сыйымдылығының 50-60%-ы қабылданған.
Әртүрлі топырақтардың ылғал сыйымдылығы әрқалай болатындықтан, оның
абсолюттік мөлшері деәр жағдайда әркалай болады.
Топырақтың су режиміне орман төсенішіүлкен оңәсерін тигізеді. Орман
төсенешіфизикалық және суға қатысты қасиеттері бойынша минералдық
горизонттардан өзгеше. Орман төсенішінің меншікті салмағы 1,5-тен 1,8-ге
дейін, кейде 2-ге, көлемдк салмағы 0,04-0,2-ге дейін жетеді.Орман төсешінің
ылғал өткізгіштігіөте жоғары және онда минутына жүздеген миллиметр су
өткізіледі деп есептеледі.
Н.Ф. Созыкиннің бақылаулары бойынша, шырша орманының төсенішін
жинап тастағаннан соң, топырақтың су өткізгіштігі 3-4 - есе азайған. Орман
төсенешітопырақты судыңазаюынан және ауа өтетін кеуектердің лайлы
тұнбамен бекітіліпқалуынан және ұсақ шаң, балшық бөлшектердің
тамырларды зақымдауынан сақтайды.
Топырақтың су балансы.Су балансы ылғалдың топыраққа келуі мен
оның топырақтан пайдаланылып кетуінен (су шығынынан) тұрады. Ол нақты
зонада белгілібip уақыт аралығында және белгілібip топырақ кабатына
арналып есептеледі. Ылғалдың топырақта жинақталу көзі атмосфералықұ
жауын-шашын. Топырақтың жоғарғы қабатының ылғалмен қанығуы төменгі
ауа қабатындағы бу тәрізді және басқа ылғалдың конденсациясы арқылы да
жүруі мүмкін. Ондай жағдай көбінесе беткейлердің етегінде және жер
бедерініңкepiэлементтерінде ұшырасады. Ылғал қоры топырақішіндегі ылғал
қозғалысы арқасында да толықтырылып отырады. Оған қосымша ылғал
топыраққа жел ұшырып келген кардыңеріп, сіңуімен де толықтырылады.
Орман-тоғайдың айналасына, жыралар мен сайларға, ойыстарға жел күртік
қарды үйіп тастайды. Осылармен қатар ылғал жиналуына жер асты
суларынан жақын орналасқан капиллярлармен жоғарғы горизонттарға дейін
көтерілетін сулар да ықпал етеді.
Топырақтың жоғарғы қабаттарында жинақталған су мына себептер
нәтижесінде шығынға ұшырайды: 1) еріген қардың ағьш кетуі мен қардың
желмен ұшырылуы; 2) жер асты сулары мен топырақтағы су козғалысы; 3)
топырақ ылғалынын булануы; 4) өсімдіктер арқылы булану (транспирация).
Ең жоғары ылғал шығыны топырақ ылғалының булануы (физикалық булану)
мен өсімдіктер арқылы булану (транспирация) кезінде болады. Өсімдіктердің
топырақтағы ылғалды тамырлары арқылы пайдалануын десукция деп
атайды. Десукция мөлшеріөсімдік құрамына байланысты болады. И.С. Ва-
сильевич зерттеулері бойынша күрделі шырша орманының орташа шымды
топырақбетітөсенішіндегі десукция мөлшері жылына 70 мм, ағаш тәріздес
өсімдіктер үшін- 190 мм.
Орман калыңдығы да десукция мөлшеріне үлкен ықпал етеді. А.А.
Молчанов мәліметтері бойынша қалыңдығы 0,9 таза қарағайлы ормандарда
ылғалдың жиынтық шығынының десукциясы 243 мм.
Топырақтың су режимінің типтері.
Топыраққа ылғал түcyi мен оның шығыны, қозғалуы барысындағы
барлыққұбылыстар жиынтығын топырақтың су режимі деп атайды. Оның
пайда болуы су қорыныңкөбеуімен азаюына байланысты.
Топырақтың су режимі және оның типтері туралы ілімнің негізін Г.Н.
Высоцский қалады, кейін оны А.А. Роде, И.С. Васильев және т.б. өз
еңбектерінде жалғастырды.
Топырақ пен климаттық жағдайға байланысты әртүрлі топырақтардың
су режимінің шарттары да әртүрлі болып қалыптасады. Т.Н. Высоцкий
жылдық жауын-шашын мөлшері мен жылдық булану мөлшерін салыстыра
келе, әртүрлі су режимі типтеріндегі су балансының мынадай сызбасын
ұсынды:
а - су режимінің шайылу типі ; б - су режимінің шайылмайтын типі; s - су
режимінің терлеу типі; 1 - жауын-шашын; 2 - ағаштар ұстап қалатын ылғал; 3
- жер беті ағысы; 4 - физикалық булану және топырақтағы өсімдік
жамылғысының десукциясы; 5 - топырақтағы ағыс; 6 — ағаштар десукциясы;
7 - жер асты ағысы; 8 - булану және десукция.
Г.Н. Высоцкий аталған екі көрсеткіш арқылы су балансы
коэффициенттерін белгіледі, олар: орманды шалғын (орман) үшін - 1,33;
орманды дала үшін - 1,0; қаратопырақты дала үшін - 0,67, құрғақ далалық
зонасы үшін - 0,33. Осымен сәйкес келесі су режимінің типтерін белгіледі,
олар: шайылатын, шайылмайтын және терлеу типтері, ал тоңдық типті А.А.
Роде енгізді.
Су режимініңшайылу типi. Атмосфералық жауын-шашын жыл сайын
топыраққа сіңіп, жер асты суларына дейін жетеді, сондағы жер асты
суларына кететін ылғал мөлшері, топыраққа жер асты суларынан келетін
ылғал мөлшерінен көп. Сурежимінің шайылу типі тайга ормандары мен
жауын-шашын мөлшері булану мөлшерінен көп болатын басқа да зоналарға
тән.
Шайылу типінің тағы басқа бip түpi, периодты шайылу типі, бұнда
топырақтың жер асты суларына дейін шайылуы периодты түрде - жауын-
шашын мөлшері булану мөлшерінен көп болған жылдары жүреді. Жер асты
сулары мен капилляр жиектеріөсімдіктамырларынан төменде орналасады. Су
режимінің осы типі орманды дала аймағындағы орманның сұр
топырақтарына тән.
Достарыңызбен бөлісу: |