Дәріс №1 Ұялы қосымша интерфейсін жасау Білетін боласыңдар



бет12/13
Дата26.12.2023
өлшемі3,19 Mb.
#143396
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1-15дәріс (1) (13)

Бақылау сұрақтары:

  1. Дыбыстармен жұмыс жасау интерсейсін сипаттаңдар.

  2. Ойынға дыбыс қосудың қандай тәсілдері бар?

  3. Дыбыстық файлдардың қандай типтері бар?


Дәріс №15
Компьютерлік ойындар құру

Компьютерлік ойын құрамыз.


Ойынның мақсаты: доптар ойын алаңында ары бері ұшады және қабырғаларға тиіп, қайтады.
Ойыншының мақсаты: ойыншы тышқанның курсорымен доптың үстінен басуға тырысу керек. Доптың бір рет басылғаны үшін ұпай қосылып, жаңа доп беріледі.
Ойын жасау үшін Game maker бағдарламасын қолданатын боламыз.

  1. Спрайттар құру. Сайтты түрлі әдістермен құруға болады:

А) Recources мәзірінен CreateSprite (спрайт құру) бөлімін таңдау
б) құрал-саймандар тақтасындағы спрайттың белгішесіне шерту
в) Sprites бумасын белгілеп, тышқанның оң жақ ьбатырмасын басу, сол жерден CreateSprite жолын таңдау;
г) Cntr+Alt+S пернелер комбинациясын қолдану. Бұл әдістердің барлығы да басқа ресурстар үшін де орындалады.
Нәтижесінде жаңа терезе ашылады. Name (Атауы) өрісіне спрайттың атын енгіземіз, мысалы, “wall” (қабырға). LoadSprite (Спрайтты жүктеу) батырмасын басып қажетті суретті таңдаймыз (\Sprites\Maze-Platform\wall_block). Біз енді жүктелген суретті көріп отырмыз, сондықтан терезені жабуға болады. Ары қарай тура осы жолмен доптың спрайтын құрамыз (\Sprites\BouncingBalls\ball_blue).






  1. Дыбыс қосу. Recources мәзірінен CreateSound (дыбыс құру) батырмасын таңдаймыз. Жаңа терезе ашылады. Дыбысқа сәйкес атауын меншіктейміз, ол үшін LoadSound (дыбысты жүктеу) батырмасын таңдаймыз. Қажетті дыбысты таңдап (мысалы, Sounds\beep3.wav), таңдалған дыбыстың сәйкес келетіндігін ойнату батырмасын басу арқылы тексеріп көреміз.





  1. Фон қосу. Recources мәзірінен Createbackground (фон құру) бөлімін таңдаймыз. Жаңа терезе ашылады. Фонға сәйкес атауын беріп, сәйкес фонды Loadbackground (фонды жүктеу) батырмасын басу арқылы таңдаймыз.







  1. Нысандар құру. Алдымен қабырға нысанын құрамыз. Recources мәзірінен CreateObject (нысан қосу) бөлімін таңдаймыз. Нәтижесінде келесі терезі ашылады:




Терезенің сол жақ бөлігінде нысан жайында ақпарат берілген. Name графасына біздің объектімізге сәйкес келетін атауын беріп, қабырғаның сәйкес келетін спарйтын таңдаймыз. Біз оны алдыңғы бөлімде жүктеп қойған болатынбыз. Оны таңдау үшін Sprite графасының сәйкес белгісіне шертеміз. Біздің бөлмемізде қабырғалар қатты болғандықтан Solid (Қатты) өрісіне жалауша қоямыз.





Ары қарай жаңа нысан құрып, оны o_ball деп атаймы және оған сәйкес спрайтты меншіктейміз. Допты біз қатты ете алмаймыз (Solid терезесіне жалауша болмауы керек). Добымыздың әрекеттерін анықтап алуымыз керек, яғни онымен болатын оқиғалар мен сол оқиғаларға доптың әсері қандай болатындығын анықтау қажет. Терезенің ортасында (негізгі ақпараттың оң жағындағы Events оқиғасының жанында) оқиғалардың бос тізімін көре аласыңдар. Оның төменгі жағында AddEvent (оқиға қосу) батырмасы орналасқан. Оны бассақ, барлық қолжетімді оқиғалар жиынтығы бар мәзір ашылады. Create (Құру) оқиғасын батырмасын басу арқылы таңдаймыз. Нәтижесінде ол оқиғалар тізіміне қосылады. Оң жақ шеткі бұрышта барлық мүмкін әрекеттер тізімін көресіз (жапсырмалар түрінде), олардың құрамына көптеген әрекеттер жиыны кіреді. move тобынан (белгішесі бар шаршы) 8 қызыл сызықты таңдап, оны әрекеттер тізіміне алып келеміз. Ол Actions (Әрекет) жазбасы бар ақ терезе. Әрекетті тасымалдау үшін қажетті шаршыны тышқанмен белгілеп, тышқанның сол жақ батырмасымен курсорды әрекеттер тізіміне алып келеміз де, ташқанның батырмасын босатамыз.
Таңдалған әрекет қажет бағыт бойынша нысанды қозғалтуға мүмкіндік береді. Шаршыны ақ терезе аумағына алып келгеннен кейін, қажетті қозғалыс бағытын таңдау мүмкіндігі беріледі. 8 сызықтың барлығын доптың жан-жақты қозғалуы үшін таңдаймыз. Speed (жылдамдық) өрісінде доптың жылдамдығын беруге болады, әзірге үнсіз келісім бойынша берілетін 8 қала берсін.

Енді доп пайда болғанда, яғни ол құрылып болғаннан кейін осы сегіз бағыттың бірімен қозғалатын болады. Екінші қадаммен доптың қабырғамен collision (соқтығысу) оқиғасында не болатындығын анықтаймыз. Қайтадан AddEvent батырмасын басын, соқтығысу оқиғасының батырмасына басыңыз, пайда болған мәзірден қабырға нысанын таңдаңыз. Ары қарай доптың қандай-да бір оқиғаға әсерін анықтау үшін bounce (рикошет) әрекетін таңдау керек болады. Бұл Jump бөлімінің move тобындағы соңғы әрекет. Енді доп қабырғаға соғылғанда секіретін болады.





Ең соңында доптың үстінде қолданушы тышқанның сол жақ батырмасын басқан кезде қандай әрекет орындалатындығын анықтаймыз. Сәйкесінше mouse (тышқан) оқиғасын орнатыдар және ашылған мәзірден тышқанның сол жақ батырмасы LeftPressed (тышқанның сол жақ батырмасы басылған оқиға) оқиғасын таңдаңдар. Осы оқиға үшін бірнеше әрекет қосамыз.
Бірінші – дыбыс ойнатылады, оны әрекеттердің main1 (негізгілер 1) тобынан тауып алуға болады: «Play a sound» (дыбысты ойнату), дыбысты таңдап, сұқбат терезесін жабыңдар.

Екінші – ойын есебін өзгерту (score тобы) - «Setthescore» (ұпайлар санын көрсету), newscore (ұпайлардың жаңа саны) өрісіне 1 мәнін меншіктеп, Relative (қатысты) өрісіне жалауша қоямыз, бұл ағымдағы есепке 1 қосылады дегенді білдіреді.





Үшінші – доптарды жаңа орындарға тасчымалдау - «Jump to a random position», Jump бөлімінің move тобында, барлық өрістерді өзгеріссіз қалдырамыз. Сонымен қатар дотың еркін қозғалу әрекетін қосу керек, ол үшін құру оқиғасынан жай көшіріп қоюға болады. Енді біздің барлық нысандарымыз дайын.










  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет