Дыбыс қосу. Recources мәзірінен Create Sound бөлімін таңдағанда жаңа терезе ашылады. Дыбысқа сәйкес атау беріп, қажетті дыбысты таңдаймыз және Load Sound (загрузить звук) батырмасын басамыз. Қажетті дыбысты таңдап (мысалы, Sounds\click.wav), ойнату батырмасын басу арқылы ойнатып, ол дыбыстың бізге қажеттілігін анықтаймыз (16-сурет).
16-сурет. Ойынға дыбыс қосу.
Фон қою. Ол үшін Recources мәзірінен Create background (создать фон) бөлімін таңдасақ, жаңа терезе ашылады. Фонға сәйкес атау беріп, фон таңдайық және Load background (загрузить фон) батырмасын басайық. Ары қарай қажетті фонды таңдаймыз (17-сурет).
17-сурет. Ойынға фон қою.
Объектілер жасау. Ол үшін Recources мәзірінен Create Object (добавить объект) бөлімін таңдау керек. Ашылған терезенің сол жақ бөлігінде объект туралы ақпарат шығады. Біздің жағдайда бізге 5 объект жасау қажет. Әр объектіге сәйкесінше атауын берейік “object_wall”, “object_door”, “object_diamond”, “object_book”, “object_player” в графе Name.
Алдымен қабырға объектісін қарастырайық. “object_wall” объектісі үшін бұрынырақ жүктелген қабырға спрайтын таңдап, Sprite бөлімінің жанындағы сәйкес батырманы басыңдар. Біздің бөлмеміздің қабырғалары қатты болғандықтан Solid (қатты) жолының жанына «˅» белгісін қою керек.
“object_player” объектісі үшін сәйкес келетін “Player_down”спрайтын таңдаймыз. Біздің ойыншы үшін әрбір жүріс-тұрысқа оқиғалар мен әрекеттер анықтау керек. Терезенің ортасында бос оқиғалар тізімін көруге болады. Оның төменгі жағында оқиға қосу Add Event батырмасы орналасқан. Бұл батырманы басу арқылы барлық қолжетімді оқиғаларды қарап шығуға болады. Оқиға таңдап, Create басу арқылы оны оқиғалар тізіміне қосамыз. Оң жақ бұрышта түрлі әрекеттер тізімі орналасқан. Main1 тобынан Change Sprite әрекетін таңдаймыз және Actions деп аталатын ортадағы ақ терезеге орын ауыстырамыз. Таңдалған әрекет біздің объектімізге бізге қажетті бағытта орын ауыстыруға мүмкіндік береді. Actions ортасына әрекетті орналастырғаннан кейін, ашылған терезенің Sprite бөлімінен “Player_down” таңдау керек.
Add Event батырмасын қайта басамыз. Қақтығысу оқиғасының батырмасына шертіп, ашылған мәзірден “object_wall” объектісін таңдау керек. Move тобынан сегіз қызыл бағыттауышы бар әрекетті таңдап, әрекеттер тізіміне орналастырамыз. Бұл әрекетті ақ терезеге қойғаннан кейінгі ашылған терезеден қозғалыстың қажетті бағытын таңдауға болады. Ортадағы төртбұрышты таңдап, сұхбат терезені жабайық.
Add Event батырмасын қайта басайық. Қақтығысу оқиғасының батырмасына шертіп, ашылған мәзірден “object_door” объектісін таңдау керек. Move тобынан сегіз қызыл бағыттауышы бар әрекетті таңдап, әрекеттер тізіміне орналастырамыз. Бұл әрекетті ақ терезеге қойғаннан кейінгі ашылған терезеден қозғалыстың қажетті бағытын таңдауға болады. Ортадағы төртбұрышты таңдап, сұхбат терезені жабайық.
Ары қарай тағы да Add Event батырмасын басайық. Пернетақта оқиғасының батырмасын басамыз және ашылған мәзірден “no_key” таңдау керек. Move тобынан сегіз қызыл бағыттауышы бар әрекетті таңдап, әрекеттер тізіміне орналастырамыз. Бұл әрекетті ақ терезеге қойғаннан кейінгі ашылған терезеден қозғалыстың қажетті бағытын таңдауға болады. Ортадағы төртбұрышты таңдап, сұхбат терезені жабайық. Main1 тобынан Change Sprite әрекетін таңдаймыз және Actions терезесіне орын ауыстырамыз. Таңдалған әрекет біздің объектімізге бізге қажетті бағытта орын ауыстыруға мүмкіндік береді. Actions ортасына әрекетті орналастырғаннан кейін, ашылған терезенің Sprite бөлімінен “Player_down” таңдау керек.
Add Event батырмасын басайық. Пернетақта оқиғасының батырмасын басамыз және ашылған мәзірден “Left”, “Right”, “Up”, “Down” кезек-кезекпен таңдау керек. Move тобындағы әрбір оқиғаға сегіз қызыл бағыттауышы бар әрекетті таңдап, әрекеттер тізіміне орналастырамыз. Бұл әрекетті ақ терезеге қойғаннан кейінгі ашылған терезеден қозғалыстың қажетті бағытын таңдауға болады. Бұл әрекетті ақ терезеге қойғаннан кейінгі ашылған терезеден қозғалыстың қажетті бағытын таңдауға болады. “Left” оқиғасы үшін сол жақ бағыттауышты таңдаймыз, сәйкесінше “Right”, “Up”, “Down” оқиғаларына да бағыттауыштарын таңдаймыз. Speed (жылдамдық) бөліміне 4 мәнін беріп, сұхбат терезені жабамыз. Main1 тобынан Change Sprite әрекетін таңдаймыз және Actions терезесіне орын ауыстырамыз. Оқиғаның орнын ауыстырғанда, ашылған сұхбат терезенің Sprite бөлімінде “Left” оқиғасы үшін “Player_left”, “Right” оқиғасы үшін “Player_right”, “Up” оқиғасына “Player_up” және “Down” “Player_down” орнатамыз.
4.3. “object_diamond” объектісі үшін сәйкес “diamond” спрайтын таңдаймыз. Add Event батырмасын басыңыз. Қақтығысу оқиғасының батырмасын басамыз және ашылған мәзірден “object_player” таңдаймыз. Main1 тобынан Destroy the instance әрекетін таңдаймыз және оны әрекеттер тізіміне орыналастырамыз. Белгішені Actions терезесіне орналастырғаннан кейінгі, ашылған терезеде Applies to бөлімінен “Self” таңдаймыз. Ары қарай main1 тобының «Play a sound» бөлімінен дыбыс таңдап, сұхбат терезені жабамыз.
4.4. “object_book” объектісі сәйкес “book” спрайтын таңдаймыз. Add Event батырмасын басып, қақтығысу оқиғасын шертіп, ашылған мәзірден “object_player” таңдаймыз. Main2 тобынан Display message әрекетін таңдаймыз және әрекеттер тізіміне орналстырамыз. Белгішені Actions терезесіне орналастырғаннан кейін «Жарайсың» сөзі шығады.
4.5. “object_door” оқиғасы үшін “door” спрайтын таңдаймыз. Біздің бөлмеміздің есігі қатты болғандықтан, Solid өрісін белгілеу қажет. Add Event батырмасын басып, қақтығысу оқиғасына шертіп, ашылған мәзірден “object_player” таңдау керек. Control тобынан Test Instance Count әрекетін таңдаймыз және әрекеттер тізіміне орналастырамыз. Белгішені Actions терезесіне орналастырғаннан кейінгі ашылған терезенің object бөлімінде “object_diamond” таңдау қажет. Ары қарай, control тобынан Start of a block және End of a block әрекеттерін таңдаймыз. Ал, олардың арасында main1 тобынан Destroy the instance әрекетін таңдап алып, әрекеттер тізіміне орналастырамыз. Белгішені Actions терезесіне орналастырғаннан кейінгі ашылған терезенің Applies to бөлімінде “Self” таңдаймыз.
18-сурет. Объектілерді жасау.
Бөлме құру. Recources мәрінен CreateRoom бөлімін таңдап, бөлме қосамыз. Терезенің оң жағынан ашық кеңістікті көресіз. Терезенің сол жағында біздің бөлмеміздің кейбір орнатулары келтірілген. Backgrounds (фондар) жапсырмасынан алдын өзіміз жүктеген сәйкес фонның бірін таңдаймыз. Ол үшін background өрісіндегі белгішені таңдаңдар. Енді objects жапсырмасының сол жақ төменгі бөлігінде сәйкес мәзірден нысандар таңдай аласыңдар. Ойын алаңында тышқанның сол жақ батырмасын басу арқылы таңдалған нысан үлгілерін орналастыратын боласыңдар. Енді қабырға, кітап, есік, алмаздар мен ойыншыны ойын алаңына орналастырумен айналысыңдар. Алдымен қабырғаны тіктөртбұрышты етіп қоршап алыңдар, қалған нысандарды содан кейін орналастырасыңдар (19-сурет).
Рисунок-19.Создание комнаты игры.
Енді құрылған ойынды тестілеу ғана қалды. Ол үшін құрал саймандар тақтасында жасыл үшбұрыш Run батырмасын басыңдар. Егер барлығы дұрыс жасалынған болса, онда ойын басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |