Дәріс №1 Ұялы қосымша интерфейсін жасау Білетін боласыңдар



бет6/13
Дата26.12.2023
өлшемі3,19 Mb.
#143396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1-15дәріс (1) (13)

Басты мәзір.

  • Жылдам қол жеткізу панелі. Мәзірдің өте жиі қолданылатын пункттерін қамтиды, мысалға ресурс жасау, файлды ашу, сақтау, компиляция жасау, ойынды қосу сияқты.
    4. Ойындық ресурстар. Егер тышқанның сол жақ түймесімен ресурсты шертетін болсақ онымен жұмыс істеу мәзірі ашылады. Бәрін толығырақ қарастырайық:

      1. Sprites (спрайттар) –нысандар иеленген суреттер. Спрайттардың біршама саны Game Maker программасымен біргеSprites бумасындабір жиынтықтаұсынылады.

      2. Sounds (дыбыстар) –дыбыстық сүйемелдеу файлдары.

      3. Background's (фондар) –ойындағы артқы фондар, яғни деңгейдің әрекеттері ненің фонындаболатыны. Фондар – бұл әдетте ойын процесі өтетін бөлмелердің артқы (немесе алдыңғы) фонында пайдаланылатын үлкен бейнелер. Көбінесе фон файлдары визуалды кемшіліктерсізбүкіл аймаққа бір ғана бейне төселіп (толтырылып) жасалады. Осылайша артқы фонды белгілі бір шаблонмен толтыруға болады. Осындай файлдар жиынтығы Game Maker программасында қамтылған. Басқаларды Game Makerсайтынан және ғаламтордан табуға болады.Background'sпен жұмыс істеу интерфейсі қиын емес – сақтау, редакциялаужәне оның өлшемі (2-сурет):




    2-сурет.Background's пен жұмыс істеу интерфейсі.

    Терезенің сол жағынан ағымдағы папканың файлдарын көреміз, ал оң жағынан таңдап алынған фонның алдын ала көрінісін қарауға болады. Оң жағындағы фонды күңгірт етуге, артқы фонды жоюға (оны айқын етуге), және фонның шеттерін тегістеуді қосуға болады, бұл оның сыртқы бейнесін жақсартады. Нәтижеге көңіліміз толса, фонды жүктеу үшін Open (Ашу)түймесін басамыз. Game Makerкөптеген графикалық форматтарды сүйемелдейді. Фон анимацияланған түрде бола алмайды!Сіз Edit Background (Фонды редакциялау)түймесін пайдалана отырып, фонды өгертуге немесе жаңасын жасауға болады. Сонда бейнелеулер редакторы ашылады.


    Game Maker программасындақондырылған бейнелеулер редакторы бар, ол спрайттардың жеке бейнелері мен фондық бейнелерді редакциялауға пайдаланылуы мүмкін. Спрайт кадры үшін редакторды шақыру үшін, спрайт редакторынан бейнені таңдап аламыз және Edit (Жөндеу) мәзіріненEdit Image (Редакциялау) басамыз (немесе сол бейнені екі мәрте шертеміз). Фонды редакциялау үшін, фонның қасиеттерін ашыпEdit Background (Фонды редакциялау)басамыз.Бейнелеулер редакторын қосқан кезде, әдетте ол келесі түрде болады(3-сурет):



    3-сурет.Бейнелеулер редакторы.

    Терезеден бейнені ортасынан көреміз, ал сурет салуға арналған құралдар сол жағында тұрады. Төменгі жағында сурет салу құралдарының белгілі бір қасиеттерін орната аламыз. Олар таңдап алған құралға байланысты өзгеріп отырады. Құралдар панеліндегі түймелерді пайдалана отырып, қарау масштабын өзгерте аламыз. Оң жағында сурет салып жатқан түстер туралы ақпарат көрсетілген және тышқанның сол жақ және оң жақ түймелері үшін жеке түстерді орнатуымызға болады. Түстік палитрада тышқанның сол жақ немесе оң жақ түймесін шертіп, олардың түстерін өзгерте аламыз. Сонымен бірге осы түстерді бейнелейтін өрістің жоғарысында да шерте отырып, оларды өзгерте аламыз. Түстердің төменгі жағынан айқындықты реттегішті көреміз. Ол түстің қаншалықты күңгірт немесе айқын екенін көрсетеді. Оны 255-ті орнататын болсақ, салып жатқан сурет пикселі толығымен күңгірт болады, ал егер0-ге орнататын болсақ, олар толығымен айқын болады. Әдетте, егер жартылай айқын пиксельдер салатын болсақ, олар ағымдағы түспен араласып кетеді. Егер түстік түзімді алмастыруға қойсақ, пиксельдер жаңа түспен алмастырылып отырады. Сонымен, форманың төменгі жағында сурет салудың ағымдағы құралы, тышқанның қалпы, бейненің өлшемі, жадының көлемі туралы оған қажетті белгілі бір ақпаратты қамтыған жол бар болады.



      1. Objects (нысандар) - Game Maker программасының негізгі ресурсы. Ойынға суреттерді, музыканы қоса аласыз – бірақ суреттерді қалай қозғалтуға, музыканы қалай ойнатуға болады? Бұл үшін нысандар жауап береді. Олар экранда жылжи алады, өзара соқтығысады, жасалынады, жойылады. Жоғарыда аталғандардың барлығы –бұл оқиғалар. Оқиғалар орын алған кезде нысандарға команда беруге болады.

      2. Rooms (бөлмелер). Бұл фондар мен нысандар орналасатын орын –басқаша айтсақ деңгей. Бірінші мәзір –нысандарды қосу мәзірі. Мұнда бәрі түсінікті –бос аймақты түртесіз, нысанды таңдайсыз және оны бөлмеге орналастырасыз. Одан кейін орнатулар жасайсыз. Бұл жерде бөлменің ұзындығын, енін, сонымен қатар оның жылдамдығы мен атауын орнатуға болады. Одан әрі фондар үшін жауап беретін терезеше. Мұнда бөлмедегі фонның түсін таңдауға, немесе жобада бар фонды қосуға болады.

    1. Бұл Game maker программасының жұмыс терезесі.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет