Молекулалардың поляризациясы және полярланғыштығы Ядроға қатысты электрондық тығыздығы симметриялы таралумен сипатталатын бірдей (Н2 ,О2, Cl2, N2 ) немесе бірнеше атомнан құралған молекулалар (СО2, CS2, СН4., C6H6) полярсыз (полярлы емес) деп аталады. Ядроға қатысты электрондық тығыздығы симметриясыз таралумен сипатталатын молекулар (Н2О, СН3СООН, НCl) полярлы деп аталады. Молекуланың симметриялығын диполь моменті көрсетеді. Диполь моменті зарядтың зарядтар арақашықтықтығына көбейтіндісіне тең.
( 1.1 )
m – диполь моменті, кулон×м
q– заряд
l–зарядтардың арақашықтығы
Полярсыз молекулалардың =0, полярлы молекулалар үшін . Химиялық қосылыстардың диполь моменті молекуладағы атомдардың орналасуынан тәуелді.
Сыртқы электр өріс әсерінен атомдардың, электрондардың ығысуын, сондай-ақ молекулалардың бағытталуын поляризация деп атайды. Молекулалардың поляризациясы электрондық (Пэл), атомдық (Пат) және бағытталу (Пбағ) поляризацияларынан құралады:
П= Пат +Пэл +Пбағ (1.2) Пат – молекула атомдарының ығысуы Пэ л– электрон бұлттарының ығысуы
Пбағ –молекулалардың электр өрісінде бағытталуы
Молекулалардың поляризациялану қасиетінің сандық сипаттамасын полярланғыштық(α) дейді. Молекулалардың полярланғыштығы электрондық, атомдық және бағытталу полярланғыштарының қосындысына тең:
a=aат+aэл+aбаг( 1.3 )
Деформациялық полярланғыштық ядро мен электрон бұлттарының орналасуына қатысты ығысуын сипаттайды және электрондық, атомдық полярланғыштықтардың қосындысына тең:
aд=aат+aэл(1.4)