Вирусты сүйелдер- көлемі 1мм-ден 1см-ге дейін жететін вирус құрамдас қатерсіз түзілістер. Қоздырғышы: папиллома вирусы. Ауыз қуысы шырышты қабатында вирусты сүйелдердің екі түрі кездеседі: жалпақ, өткірұшты.
Емі
Жергілікті 3% оксолин, 0,5% бонафтон, 0,5% флоренал, 0,5% теброфен т.б. Вирусқа қарсы препараттармен күніне 3-4 рет өңдеу. Ауыз қуысы санациясы, ауыз қуысы гигиенасы.
Герпангина
Герпангина- А, В Коксаки вирусымен шақырылатын жедел инфекциялық ауру. Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың серозды қабынуын туындатады. Коксаки А ол энтеровирусқа жатады. Мектепке дейінгі кіші мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі. Ерте жаста герпангина ауыр түрде өтеді.