Дәріс 10
Модуль 4. Кәсіпкерлік қызметті бағалау және қолдау
Тақырып 1. Саладағы кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және
бағалау
Сұрақтар
1. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау тәсілдері.
2. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау қағидалары мен әдістері
3.Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық
қызметін талдау
1. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау тәсілдері
Нарықтық экономикалық өзінің мәні бойынша еңбек өнімділігінің
өсімін өндірістің тиімділігін көтеруді ынталандырушы құрал. Бірақ та бұл
жағдайда маңызды болып өндірістің тиімділігін көтерудің негізгі бағыттарын
оның өсімінің факторларын және анықтау әдістері қалыптастыру табылады.
Қоғамдық өндірістің
экономикалық тиімділігін
көтерудің
маңызды
бағыттарын дұрыс анықтау үшін тиімділіктің шектері мен көрсеткіштерін
қалыптастыру қажет. Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің
маңызды шегі болып қоғамдық
еңбек
өнімділігі
деңгейі
саналады.
Қоғамдық еңбек өнімділігі келтірілген ұлттық табыстың материалдық
өндіріс салаларында жұмыспен қамтылған жұмысшылардың орташа санына
қатынасымен анықталады.
Ұлттық табыс материалдық өндіріс салаларында қайтадан жасалған
құнды білдіреді. Ұлттық табыс материалдық өнідірістің барлық салаларына
таза өнімі сомасы ретінде есеп береді. Өз кезегінде жекелеген салалардың
таза өнімі жалпы өніммен материалдық өндірістік шығындар аралығындағы
айырма ретінде анықталады. Материалдық өндірістің кейбір салаларында
өнімділік жалпы өнім бойынша есептеледі.
Қоғамдық өндірістің маңызды көрсеткіші болып еңбек сыйымдылығы,
материал сыйымдылығы, қор сыйымдылығының жалпы және капитал
сыйымдылық табылады. Өнімнің сыйымдылығы материалдық өндіріс
сферасында шығындалған еңбек санының өндірілген өнімнің жалпы
көлеміне қатынасымен анықталады.
Қоғамдық өнімнің материал сыйымдылығы шикізаттар, материалдар,
отын, энергия және еңбектің өзге де заттарының шығындарының жалпы
қоғамдық өнімге қатынасымен
есептеледі.
Сала
өнімінің
материал
сыйымдылығы материалдық шығындардың өндірген өнімнің жалпы көлеміне
қатынасы реттелуде анықталады.
Өнімнің капитал сыйымдылығының қор сыйымдылығы бір біріне
шамалас. Өнімнің капитал сыйымдылығы капитал салымдар көлемінің
онымен анықталатын шығарылған өнім көлемінің өсіміне қатынасын білдіреді.
Өнімнің қор сыйымдылығы халық шаруашылығының негізгі өндірістік
қорларының орташа құнының өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы
ретінде есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |