Дәріс 10 Модуль Кәсіпкерлік қызметті бағалау және қолдау Тақырып Саладағы кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау


Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау қағидалары және



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата09.11.2022
өлшемі377,09 Kb.
#48710
1   2   3
2. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау қағидалары және 
әдістері 
Кәсіпорын қызметін бағалау және талдау үшін көрсеткіштер жүйесі: 
a) салық органдары үшін; 
б) несие беруші банктер үшін; 
в) келісім шарттар бойынша әріптестер үшін. 
Салық органдары үшін ең маңыздысы кәсіпорынның салық төлеу 
қабілеттілігі. 
Сондықтан да 
олардың 
ең 
бірінші 
қызықтыратыны 
кәсіпорынның баланстық пайдасы, себебі ол салық төлеудің бір бөлігінің көзі 
болып саналады. Сондықтан салық органдарының көз қарасы бойынша 
кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын келесі көрсеткіштер болпып 
табылады: 
1. баланстық пайданың жалпы сомасы 
2. активтердің рентабельділігі 
3. өткізу рентабельділігі 
4. баланстық пайда=түсімнен шығындарды алып тастағандағы. 
Кәсіпорынның қызметін бағалау мен талдау үшін несие беруші банктер 
ең бірінші қарастыратыны кәсіпорынның өтімділік және төлем қабілеттілігін 
көрсететін көрсеткіштер. 
Төлем қабілеті-кәсіпорынның несие беруші банктерге бережақ 
ақшаларын тоқтаусыз өтей алу мүмкіндігі. 
Өтімділік және төлем қабілетінің негізгі көрсеткіштеріне мыналарды 
жатқызады: 
1. жалпы жабу коэффициенті
2. аралық жабу коэффициенті; 
3. абсолюттік өтімділік коэффициенті; 
4. жалпы төлем қабілетінің коэффициенті; 
5. ағымдағы жойылу коэффициенті. 
Жалпы жабу коэффициенті (Коп) қандай ағымдағы несие мен
есептеу бойынша міндеттерді өтеуге болатынын анықтайды. Жалпы
жойылуға тиіс материалдың және ақшалай айналым қорлардың сомасының
қысқа мерзімді міндеттеріне шаққанда анықталады. 



Аралық жабу коэффициенті (Кпп) материалдық айналымдағы қаржыларды 
тартпай-ақ қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен есеп шоттағы қаржы 
арқылы кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттерін жоба алатының көрсетеді. 
Абсолюттік өтімділік 
 коэффициенті 
 ағымдағы 
активтердің
неғұрлым өтімділеу мен қысқа мерзімді бережақтардың 
салыстыра арқылы анықтайды. 
Ағымдағы жойылу коэффициенті жойылуға тиісті айналымдағы 
қорлардың жалпы бағасын жедел төлеу міндеттеріне қысқа мерзімді банк 
несиесі түрінде қарыздар немесе әртүрлі кредиторлық бережақтарына 
шаққандағы. 
Жалпы төлеу қабілетінің коэффициенті нақты активтер бағасын
жалпы қарызды қаржылар бағасына шаққанда анықталады. 
Келісім шарттар бойынша әріптестерді банктер секілді кәсіпорынның 
өтімділігі мен төлем қабілеттілігі қызықтырады. 
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсететін көрсеткіштерді үш 
топқа бөлуге болады: 
1. Айналымдағы құралдардың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер: 
● кәсіпорынның өзіндік айналымдағы қаржымен қамтылуы; 
● материалдық қордың айналымдағы қаржымен қамтылуы; 
● айналымдағы қаржының орағытпалық коэффициенті. 
2. Негізгі құралдардың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер: 
● мүліктің нақты бағасының коэффициенті; 
● тұрақты актив коэффициенті (индекс); 
● тозуды жинақтау коэффициенті; 
● ұзақ мерзімді қарызды қаржыларды қатыстыру коэффициенті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет