Лихорадка – қалыптағы дене температурасынан жоғары температураны сақтауға терморегуляцияның өзгеруімен сипатталатын, пирогенді тітіркендіргіштердің әсеріне ағзаның қорғаныстық – бейімделу реакциясы.
Лихорадка кезінде температураның жоғарылауы қоршаған ортаның температурасына тәуелді емес және зат алмасудың, физиологиялық функциялардың, қорғаныс-бейімделу мүмкіндіктерінің өзгерістерін, туғызады.
Себептері әртүрлі, оларды жұқпалы және жұқпалы емес деп бөлуге болады.
Жұқпалы факторлар: патогенді вирустар, микробтар, паразиттер. Олардың құрамындағы химиялық заттар пирогендер деп аталады.
Жұқпалы емес факторлар: экзогенді, эндогенді белоктар. Экзогенді белоктарға вакциналар, сывороткалар жатады. Эндогенді белоктарға жарақат, күйік, иондық сәуле, ісіктің ыдырауы, ұлпаға қан құйылу әсерінен қасиеттері өзгеретін ағзаның өз белоктары жатады.
Лихорадканың кезеңдері мен түрлері:
І кезең – температураның көтерілу кезеңі (stadium incrementum);
ІІ кезең – температураның салыстырмалы тұрақты кезеңі(stadium decrementum);
ІІІ кезең – температураның төмендеу кезеңі І кезеңде температура бірден немесе біртіндеп көтерілуі мүмкін.
ІІ кезең температураның салыстырмалы тұрақтылығы бірнеше сағатқа немесе жылдарға созылуы мүмкін.
Бұл кезеңде температураның жоғарылауына байланысты бірнеше түрге бөледі:
1/ субфебрилді – t0 - 380С –ға дейін көтерілуі;
2/ фебрилді - t0 - ның 38,0 -39,0 0С ға дейін көтерілуі;
3/ пиретикалық t0 –ның 39,0-41,00С-ға дейін көтерілуі;
4/ гиперпиретикалық t0 - 410С –дан жоғары болуы.
ІІІ кезеңде дене температурасы бірден төмендесе кризис деп, біртіндеп төмендесе лизис деп аталады. Лихорадка кезінде минималды дене температурасы таңертеңгі сағат 6-да, максималды дене температурасы кешкі сағат 6-да байқалады.