Дәріс № 10
Тақырыбы: Қызба. Терморегуляцияның патологиясы
Дене температурасы маңызды физиологиялық көрсеткіш болып табылады, себебі қалыпты зат алмасу процесстері, жасуша құрылымының тұрақтылығы, әр түрлі функциялардың орындалуы ішкі ортаның белгілі бір температурасында жүзеге асады. Дене температурасын арнайы терморегуляция жүйесі реттейді. Жылудың пайда болуы мен бөлінуінің тепе-теңдігі белгілі бір деңгейде сақталуы дене температурасының тұрақтылығы қамтамасыз етеді. Терморегуляциялық жүйеге орталық /гипоталамустық/ және шеткері терморецепторлар, гипоталамуста орналасқан терморегуляция орталығы, эффекторлық мүшелер мен ұлпалар жатады.
Дене қызымы организмнің тіршілігін сипаттайтын белгілі тұрақты физиологиялық көрсеткіштің бірі болып келеді. Ол организмнің күрделі термореттеу механизмдерімен қамтамасыз етіледі және қалыпты жағдайда 36,5-37°С деңгейінде ұсталып түрады. Организмнің термореттеу механизмдері жогары деңгейге көтерілгенде дене қызуы пайда болады.
Терморегуляциялық жүйенің қызметі әр түрлі патогендік әсерлерден бұзылуы мүмкін.
Оның 2 түрі кездеседі: гипертермия, гипотермия.
Гипертермия – дене температурасының қалыптан тыс жоғарылауымен сипатталатын ағзаның жылу балансының бұзылу күйі.
Оның 2 түрін ажыратады: 1/ экзогенді гипертермия; 2/ эндогенді гипертермия. Экзогенді гипертермия қоршаған ортаның жоғарғы температурасының әсерінен /ыстық цехта жұмыс істеу, жылы киім, жоғарғы ылғалдық т.б./ пайда болады. Экзогенді гипертермияның өмірге қауіп төндіретін түрлері: жылу соққысы, күн соққысы. Эндогенді гипертермия ұзақ уақыт шамадан тыс психо-эмоционалдық факторлар әсер еткенде, эндокринді жүйенің патологиясында т.б. пайда болады.
Гипертермияның 3 кезеңі бар:
І кезең – компенсация кезеңі.
Қоршаған ортаның температурасы жоғары болғанына қарамастан дене температурасы қалыпта сақталады /36,5 * 36,70С/.
ІІ кезең – салыстырмалы компенсация кезеңі.
Жылудың пайда болуы бөлінуінен көп болғандықтан дене температурасы көтеріле бастайды, қорғану-бейімделу реакциялары сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |