Тұнбаны қолмен түсіретін ашық сепаратордағы негізгі жүмыс органы барабан болып табылады.
Бөлгіштердің барабандары эмульсияны бөлу үшін қолданылады (мысалы, май,су,қатты тұнба биомасса түрінде) және келесідей құрылған (9.9 сурет):
■Барабанның негізі болып тәрелке ұстағышқа орнатылған және ішіне алғашқы суспензия жіберілген конус тәрізді қақпақ және т.н. негіз саналады.
■ Тәрелке ұстағыштың үстінде конуста үш немесе төрт тесіктері бар аралық конус тарелкелері, яғни пакет орнатылған.
■ Бұл тесіктері арқылы алғашқы эмульсия тәрелкелердің арасы арқылы саңылауға келіп түседі де мұнда пакетте оның бөлінуі жүреді:
-жеңіл сұйық фазаға
-ауыр сұйық фазаға
-және қатты тұнбаға
■ Будан кейін:
- жеңіл сұйық фаза сепаратордың барабанның өсіне ауысады.
- ауыр сұйық фаза тәрелкенің перифериясына ауысады да тәрелкенің жиегімен барабанның ішкі қабырғасының арасына құйылады.
-қатты тұнба тәрелке пакетінен ауыр фаза ағынымен шығарылады да барабанның ішкі қабырғасында тұнбаға түседі.
■ Үстіңгі тәрелкенің бөлгіш деген аты бар және келесі конструкциядан құралған:
-тәрелкенің төменгі бөлігі тесіксіз конус тәрізді формасы бар
-үстіңгі бөлігі - цилиндрлік стакан тәрізді және үстіңгі жағында жеңіл фазаны жою үшін шығару тесіктері бар.
■ Бөлгіш тарелке эмульсияның ағынын екі бөлек ағынға бөледі. Оның астында жеңіл фазаның ағыны қозғалады,ал үстінде тәрелке арасымен барабанның қақпағында ауыр фазаның ағыны қозғалады
■ Бұдан кейін-бөлгіш тәрелкенің тесіктері арқылы жеңіл фазаның ағыны барабаннан құйылады,
ал ауыр фазанын ағыны барабан қақпағынан тесіктері арқылы құйылады.
Түссіздендіргіштердің (тазалағыштардың) барабандары (9.10сурет):
суспензияны қатты тұнбадан тазалау үшін қолданылады және құрылғысы барабан бөлгіштер сияқты.
Бірақ кейбір айырмашылықтары бар:
-тарелкеұстағыштарыда төңкерілген келте құбыр түрінде жасалған, бірақ алдыңғысына қарағанда конустық төменгі негіз перифериясында тесіктері бар. Сондықтан бастапқы суспензиянын ағыны
тәрелкеұстағыштан тәрелкенің пакетіне емес шламдық аралыққа түседі.
Бұл аралықта суспензияның қатты фазадан таралу процесі жүреді (80%-тей шамасында және барабанның ішкі қабырғасында тұнбаға түседі.)
■Бұдан кейін суспензия тәрелкенің пакетіне келіп түседі және тәрелке аралыққа шетжақтан келіп түседі.
■Тазалағыштың тәрелкесінде тесіктері болады, ал барабанында тазалағыш тәрелкеларі болмайды.
■ Тәрелке арасындағы аралықта қатты фазадан сұйықтықтың бөлінуі аяқталады.
■Сұйықтық фаза тәрелке арасындағы аралықтан тәрелке пакетінің ішкі жиегімен және тәрелкеұстағыштың арасымен өтіп саңылауға құйылып үстіге көтеріледі.
■Сосын сұйық фаза (яғни түссізденген сұйықтық) барабанның үстінгі қақпағының тесіктері арқылы барабаннан құйылады. Осылай ашық сепараторларда тұнбаны түсіру (яғни қатты
фаза) барабан тоқтатылғаннан кейін қолмен жүргізіледі. Бұл барлық ашық сепараторлардың ең негізгі кемшілігі болып салалады. Осының салдарынан мыналар жасалды:
* Тұнбаны үздіксіз түсіру сепараторлары және өздігінен түсіретін сепараторлар.