Өздігінен түсіретін және тұнбаны үздіксіз түсіретін сепараторлар
Өздігінен түсіретін сепараторларға мына сепараторлар жатқызылады:
-АСЭ; АСЭ-Б, ВСЛ, ФЕБ;
-ОДА-637;
Бұл машиналар жартылай жабық типті сепараторларға жатқызылады.
АСЭ-Б мыналардан құралған (9.11 сурет)
-беріліс механизмі 2 бар тұғырдан
-буферлік сұйықтықты ағызу үшін клапыны 10 бар барабаннан 11 (ротор);
-ілгерілемелі-кейінді қозғалатын құрылғыдан 18;
-буферлік сұйықтықты беруді басқару үшін гидроторабынан 7.
Сепаратордың тұғырында ыдыс 8 орнатылған және оның ішінде тәрелке арасындағы сұйықтық қабылдағышы орнатылған.
Барабанның турығында 11 мыналар орнатылган:
-тәрелкеұстағыш 14;
-тәрелке пакеті 15;
-піспек 13;
-және клапан 10.
Барабан электрқозғалтқыштың фрикционды ортадан тепкіш жалғастырғыш және винттік беріліс арқылы айналады. Ол оның айналу санын 5000 мин' дейін жоғарлатады.
Сепаратор келесідей жұмыс істейді:
■ Культуралды сұйықтық орталық құбыр 19 арқылы тарелке ұстағыштың ішіне және бұдан кейін барабанның шламдық аралыгына 23 келеді.
■ Ортадан тепкіш күш арқылы биомассаның үлкен және ауыр бөлшектері барабанның перифериясына жіберіледі.
Ал сұйық биомассаның ұсақ бөлшектерімен тәрелке пакетіне жіберіледі.
■ Ағынның жұқа қабаттылығы мен ламинарлығы биомасса бөлшектерінің тәрелкенің астыңгы қабаттарына жиналуына мүмкіндік береді.
■ Түссізденген сұйық-фугат-саңылау арқылы тәрелке пакетінің ішкі жиегімен тәрелке ұстағыштын арасымен ағынды дискінің камерасына көтеріледі де барабаннан шығарылады.
■ Бөлінген биомассаның ұсақ бөлшектері шламдық аралыққа тәрелкенің астыңғы бөлігі арқылы барады.
9.11 сурет.Сепаратор АСЭ-Б:
1,6 - тығын; 2 - түғыр; 3- май деңгейін көрсеткіш; 4 - көлденең білік; 5 -тахометр; 7 - гидроторап; 5 - тостаған; 9 - қабылдағыш; 10 - клапан; 11 - барабан тұрығы; 12 - барабан негізі; 13 - піспек; 14 - тарелкеүстағыш; 15 -тарелке; 16 - барабан қақпағы; 17 - ағынды диск; 18 - қабылдау құрылғысы; 19 - орталық құбыр; 20, 21 - кергіш сақина; 22 - қабылдағыш; 23 – шламды кеңістік; 24 - жоғарғы тірек ұштырегі; 25 - жоғарғы тірек серіппесі; 26 - тік білік; 27 – тірек.
Шламдық аралық толу барысында культуралды сұйықтық берілуі тоқтатылады.
■Бұдан кейін екі клапан көмегімен тәрелке арасындағы аралықтан фугатты қабылдағышқа 9 құяды.
■ Биомассаны түсіру механизмі көмегімен шлам қабылдағышына 22 жібереді.
■ Бұл үшін піспекті 13 астыға ауыстырады, осыдан барабандағы түсіру терезелері ашылады.
■ Нәтижесінде ортадан тепкіш күш есебінен биомасса қабылдағышқа 22 жіберіледі.
СОС-501 К-3 сепараторы ашытқылы суспензияны бөлу үшін қолданылады (9.12 сурет).
Бұл машина мына сепараторларға жатқызылады:тұнбаны сопла арқылы үздіксіз түсіру және сұйықтықты үздіксіз ағызу.
Сепаратор мыналардан құралған:
■ жетекті механизмі бар тұғырық 1,
■ тәрелкеұстағышы және тәрелке пакеттері бар барабаннан 2,
■ ашытқы концентраттын жинақтағышы 4,
■ және қолданылған культуралды сүйықтыққа 3 арналған келте құбырдан.
Сепаратор келесідей жұмыс істейді:
-Ашытқылы суспензия тарелкұстағыштың ішкі жағына жіберіледі де қабырға көмегімен айналады.
-Бұдан кейін ашытқылы суспензия тарелкеұстағыш және шламдық аралықтағы барабан негізінің арасымен өтеді.
- Ортадан тепкіш күш арқылы ашытқы тасушалары шламдық
аралықтың перифериясына жіберіледі.
-Барабан негізінің төменгі бөлігінде ашытқылы концентратты болу үшін түтіктері қосылған тесікті арналар орнатылған.
-Бұл түтіктер арқылы (немесе сопла) ашытқылы концентратжинаққа 4 шығарылады.
- Ашытқылы суспензия негізгі бөлігінен босатылғаннан кейін шламдық аралық тәрелке пакетіне жіберіледі.
-Мұнда ашытқының қалдықтары тәрелкелердің астыңғы бөлігінде тұнады, үлкейеді, агломерленеді де қайтадан шламдык аралыққа жеткізіледі.
-Ашытқыдан түссізденген суспензия арынды дискіге бағытталады да ол арқылы сепаратор барабанынан шығарылады. Ашытқы концентратының қоюлану дәрежесін мундштук тесіктерінің диаметрінің өзгеруі арқылы бақылауға болады.
- Мұнымен бірге қоюлану дәрежесі алғашқы суспензиядағы ашытқының концентрациясынан да болады, мысалы
- Алғашқы концентрациясы 20-30 г/л болғанда қоюлану дәрежесі 8-10 болады, яғни концентратта 200-300 г/л-ға дейін жетеді.
- Алғашқы концентрациясы 80-120 г/л болса, қоюлану дәрежесі 5-ке дейін жетеді, яғни концентратта 400-600 г/л
Достарыңызбен бөлісу: |