Дәріс №11 Тақырыбы: Электролиттік диссоциация теориясы Жоспары: Электролиттер және бейэлектролиттер.
Электролиттік диссоциация теориясы
Негізгі ұғымдар:электролиттер, бейэлектролиттер, аниондар, катиондар, диссоциация дәрежесі.
Мазмұны: Еріген және балқыған күйінде электр тогын өткізетін заттар электролиттер деп аталады. Оларға тұздар, қышқылдар, негіздер жатады. Электролиттердің электр тогын өткізуі – ерітіндідегі бөлшектердің зарядты болуынан. Электролит ерітінділерінің қасиеті С.Аррениустың (1887ж.) электролиттік ионизациялану теориясында көрсетілді:
Қышқыл, негіз, тұздар суда ерігенде олардың молекулалары оң және теріс зарядты иондарға ажырайды, яғни электролиттік диссоциацияланады – катиондар және аниондар түзеді. Электролиттер мен бейэлектролиттер Барлық заттарды олардың ерітіндідегі өткізгіштігі бойынша екі топқа бөледі:
Электролиттік диссоциация теориясы Электролиттердің ерітіндісі мен балқымаларында әртүрлі зарядталған (оң және теріс) иондардың бар болуы салдарынан электр тоғы өтеді. Бұл құбылысты түсіндіру үшін швед ғалымы Сванте Аррениус 1887 жылы электролиттік диссоциация теориясын (ЭДТ) ұсынды.
Диэлектрлігі жоғары ортада (су, спирт т.б.) иондарға ыдырайтын заттарды электролиттер деп атайды. Электролиттердің молекулалары суда ерігенде зарядталған бөлшектерге − иондарға ыдырайды. Бұл құбылыстарды электролиттік диссоциация дейміз.
Қышқылдардың, гидроксидтердің сулы ерітінділерінің қасиеттері, олардың қандай иондарға диссоциацияланатындығымен анықталады. Қышқылдардың жалпы қасиеттері қышқыл ерітінділерінде бола алатын сутек иондарының, ал сілтілік қасиет гидроксил иондарының болуына тәуелді. Диссоциацияланғанда әрі сутек, әрі гидроксил иондарын түзетін электролиттер амфолиттер деп аталады. Амфолиттерді қышқылдармен және сілтілермен әрекеттесіп, тұз түзуге қабілетті келетін электролиттер деп қарастырамыз.
Көп негізді қышқылдар мен сілтілер әдетте сатыланып диссоциацияланады. Сатыланып диссоциациялану нәтижесінде қышқылдық және негіздік тұздар түзіледі.