Дәріс 12. Қазақстан Республикалық мемлекеттік мұрағат құжаттары


Республикалық мемлекеттік мұрағаттардың жүйесі



бет4/5
Дата07.05.2023
өлшемі27,05 Kb.
#90817
1   2   3   4   5
5. Республикалық мемлекеттік мұрағаттардың жүйесі.
1936 жылғы Конституция бойынша мемлекеттік аппаратта өзгерістер болды. Мұрағат мекемелері Ішкі істер халық комиссариатының қарамағына берілді. Қазақ КСР БМБ-ның Ішкі істер халық комиссариатының мемлекеттік мұрағаттар бөлімі болып өзгерді. Мұрағаттар тоталитарлық режим аясында Орталықтандыру принципі мен мұрағаттық қорлардың біртұтастығы принципі бұзылды. Арнайы мемлекеттік мұрағаттардың және партия мұрағаттары жүйесі құрылуы. Мемлекеттік мұрағаттар және бұрынғы КОКП мұрағаттарының жеке дербес әрекет ете бастады. 
Мұрағат мекемелері соғыс жылдарында Ресейдің батыс аудандарынан мұрағаттарды Қазақстанға көшіру, Қазақ КСР Орталық фонофотокиноқұжаттарының мемлекеттік мұрағатын ұйымдастыру іске асырылды. 
Мұрағаттардың ғылыми басылымдық жұмысы құжаттарды түрлі мақсаттарда пайдалану. Құжаттарды халық шаруашылығының мақсатына пайдалану үшін іздестіру. Қазақ КСР мұрағаттық басқару органдарына басшылық жасаудың жақсартылуы. Соғыстан кейінгі кезеңдегі мұрағат мекемелері. Республиканың министрліктер мен ведомстволарындағы мұрағаттық материалдардың сақталуын жақсарту шаралары. Ведомстволық қарасты мекемелерде құжаттармен жұмыс жасауды бақылау. 
1950 жылдардың ортасына дейін мемлекеттік мұрағаттардағы жеке қорларды жинау жұмыстары төмен деңгейде жүргізілді. Өйткені ол кезде жеке адамдардың құжаттарын бағалап, қабылдау мен жинақтаудың жалпы әдістері жаңадан пайда бола бастап еді. 50-жылдардың аяғына таман еліміздің көптеген мемлекеттік мұрағаттарының жинақтау тәжірибесін байытатын еңбектер шықты. Сол кезден бастап аталған мәселе жаңа белеске көтерілді. Себебі бұл кезеңде құжаттардың құндылығын сұрыптау жұмыстарында қайта құру жүргізілді.
Республикалық мемлекеттік мұрағаттар және Алматы облыстық және Алматы қалалық мемлекеттік мұрағаттар біріктірілді. Республиканың мұрағат органдарының ведомствоға қарасты және құқықтық жағдайы өзгерілді. Қазақ КСР ІІМ-нің Мұрағат басқармасы қайта құрылды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мұрағат басқармасы туралы ереже бекітілді. 1960 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 24 шілдедегі (№667) Жарлығы бойынша Ішкі істер Министрлігі бөлімдерінің жойылуына байланысты қалалық, аудандық архивтер тиісінше атқару комитеттерінің қарауына берілді. Архив басқармасының құрылымына 1965, 1967 жылдары аздаған өзгерістер енді.
Соғыс жылдарында КСРО-ның мұрағаттық мекемелері мұрағаттарды реттеу, оларды сақтау, құжаттары жариялауы жалғаса берді. Соғыс жылдары басында батыстағы мұрағаттар Сібірге, Қазақстанға және т.б. республикаларға көшірілді.
Қазақстанға облыстық мемлекеттік архивқа жинақталған және кейбір қалаларды, қалалық архивтар бөлімінде жинақталған 16-ақ вагон енгізілді.
Документ сақтауға қолайлы жердің болмауынан дымқыл жерде тұрғандықтан құжаттардағы ақпаратты алу мүмкін болмай қалды. Соған қарамастан архивтік қызметтің барлық жақтарына бағытталған жұмыстар қиын жағдайға қарамастан жалғаса түсті. Соның ішінде соғыс жылдарында, нақтырақ айтқанда, 1943 жылдың қаңтарында киноқұжаттармен, дыбыс баспаларын шығарушы ортақ мемлекеттік Архив пайда болды. Соғыс жылдарынан кейінгі бастапқы кездерде архивтар көбіне Ұлы Отан соғысына қатысушылар туралы құжаттар жинаумен айналысты. 1950 жылдың басына «Документалды материалдар жазылуының негізгі қағидалары» шығарылды.
Соғыстан кейін жылдарда мұрағатшылар өздерінің практикалық қызметтерін мынадай бағыттардағы: археография, архивқа кіріспе, құжатқа кіріспе сияқты аумақтағы ғылыми ізденістермен байланыстырды.
Сонымен 1960 жылдың аяғы мен 1970 жылдың басында мұрағаттық мекемелер мұрағаттық жұмыстарды дамытуда, 5 жылдық жоспарды атқаруда маңызды жұмыс жасады. 1966 жылдың қаңтарында Қазақ КСР министрлер кеңесі мемлекеттегі мұрағатты жұмыстардың одан ары жақсаруына Қаулы қабылдады. Мұнда 5 жылға белгіленген тапсырмалар болды. Бұл қаулының шынайыландырылуы сол орындардағы мұрағаттар жұмыстар күйінің терең талдануы мен анықталған бағытын талап етті. 
Талқылауға тұспа-тұс келетін қабылдауға мұрағаттық ұйым ғана емес мекемелер де қатыстырылды. Жергілікті өзін-өзі басқару мүшеліктер: облыстық, қалалық, аудандық, т.б. жалпылап айтқанда қайсында жергілікті мұрағатары бар, барлығы түсті. Басқару үдерістерін жүзеге асыру мен басқару үдерістерінің нәтижелерін қабылдауын талқылау үшін әдіскерліке кіріспе мекемелеріне арналған Бірлікті типтік құралдар бекітілді және таратылды.
1966 жылы мемлекет мекемелерінде, ұйымдарында, кеңестерінде мұрағаттар күйі әдіскерлер және жеке құрылымдық құжаттары бойынша тексерулер жүргізілді. 
Республика аумағында 1970-жылдардың басында Қазақ КСР-нің Орталық мемлекеттік мұрағаты, 17 облыстық мемлекеттік мұрағат және 31 облыстық мемлекттік мұрағат филиалы ұйымдастырылып, қызмет ете бастады. Қарағанды және Жамбыл облыстарындағы мұрағаттық мекемелер құрылысы аяқталып, 1968 жылы Семей, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстық мемлекеттік мұрағаттар мекемелерінің құрылысы аяқталды. 
Мұрағаттардың жеке бағыттағы жұмыстарына келер болсақ, негізгі назар кең көлемдегі құжаттар жұмысын оңайлатуға арналған ғылыми- анықтамалық құралға аударылды. 
1970 жылдардың аяғында 500 мыңдай жазба жұмыстары жүзеге асты. Мемлекеттік мекемелер тарихы, әкімшілік- территориялық бөлініс туралы анықтамалар және қысқаша анықтамалардың басқа да түрлері жасалынып шықты.
1960-және 1970-жылдары Қазақстандағы социолизм құрылысының негізгі кезеңдерін, қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысқандығы туралы және т.б тақырыптарды сипаттайтын құжаттар басылып шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет