Дәріс 12 Тақырыбы: Биологиялық алуантүрлілікті сақтау, биосфералық және экологиялық зерттеулердің даму болашағы


Конвенцияларда қатысудың финансты жақтары



бет2/2
Дата21.12.2023
өлшемі41,67 Mb.
#142353
түріПрограмма
1   2
Байланысты:
Дәріс 15

Конвенцияларда қатысудың финансты жақтары. Елдің жақсаруына осы конвенциялардың қабылдаған өзге елдерден алатын технологиялары мен ақшалай көмектері де маңызды орын алады. 
Конвенцияға қосылудың негізгі шарттарының бірі елдің беретін алғашқы капиталы және жыл сайын төлейтін капиталы болып келеді. Алғашқы беретін төлем құны 3- тен 40 мың АҚШ доллары, ал жылдық төлем 60 мың АҚШ долларына жетуі мүмкін. Әр ел үшін бұл сандар әр түрлі болып келеді, ол сол елдің ішкі өнім құнына сәйкес. Кейбір конвенциялар төлеуді талап етпейді.
Дамушы елдер мен өтпелі экономикалық шақтағы елдердің алатын көмекші қаражаты, олардың жылдық жұмсайтын қаражаттарынан бірнеше есе көп. Сол секілді Қазақстанның Лондонның Монреаль протоколына қосылуынан, біздің ел 2002 жылы 5,4 млн.АҚШ доллорын алды.
  • 2. Аумақтық жоспарлар мен проектілер. Арал көлінің қазіргі жағдайы дүниежүзінде қаралып жатқан қиыншылықтардың бірі болып отыр. осыған байланысты осы Арал бассейіне берілетін ақшаның барлық суммасы жасалатын проектілерге байланысты болады. Мысалы, су жағынан Қазақстан мен Өзбекстан белсенділік көрсетуде, тау жүйелерінен- Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан болып отыр. биотүрлілік жөнінен- Қазақстан, Қырғызстан, жерлердің құрғап кетуі жөнінде- Түркменістан мен Қазақстан белсенділік танытуда.
  • Аумақтарды қаражаттандыру келесі бағыттар бойынша жүреді: Аралдың экологиялық жағдайы-барлық жиналған капиталдың 76% алдаы, кузетілетін таулы аймақтар- 16%, құрғаған жерлер-2%, басқа да шаралар-6%. Көрініп тұрғандай негізгі шаралар ауа атмосферасының ластануы, беткі сулар, топырақ эрозиясы және тқздардың таралуы болып отыр.
  • Көптеген халықаралық мекемелер көп ақшаны проектке жұмсайды, бірақ олар бұл кезде не жасалып жатқанымен шаруалары да жоқ. Сондықтан ол үшін сол шарадарды орындайтын мекемелермен тығыз қарым –қатфнаста болу керек. 
  •  

3.​Биотүрлілікті сақтау.
-​«Батыс Тянь-Шаньның биологиялық түрлілігін сақтау»
-​«Алтай-Саянның таулы биотүрлілігін сақтау және тұрақты қолдану»
-​«Қазақстандағы таулы-агробиотүрлілікті сақтау»
-​«көші қон құстарының тұратын жерлерін және сулы аймақт арды сақтау»
-​«Экоторды сақтау»
Орталық Азия елдерінің халықаралық экологиялық конвенцияларға қатысуы. Халықаралық экологиялық конвенциялар Орталық Азия және ТМД елдерімен қосылып конвенция секретиатымен екіжақты келісімді жүргізіледі. Келер жылға жоспарлан жұмыстар тізімінде Орталық Азияның дамуы, Каспийдің экожүйесін сақтау және Азияда орналасқан тауларды қорғау болып келеді. 
Ерекше орынды 4 шектеулі тасымалды Еуропалық экологиялық комиссиясы, БҰҰ, Базель және Роттердам конвенцилары алып отыр. Барлық конвенциялар екіжақты, көпжақты және анықталған геоерафиялық, экологиялық жағдайға байланысты шешіледі.
4.​Халықаралық ұйымдар. БҰҰ 2010 жылды халықаралық биотүрлілік жылы деп атады. Бұл шара адам өміріндегі маңызды жағдай болып отыр. Жабайы табиғатты қорғайтын орталық БҰҰ –ны биотүрлілік жылының пайдалы болуына шақырады. Неліктен 2010 жыл деп сурасаныңыз?
1.​Адамдар–табиғат түрлілігінің бір бөлшегі. Және осы түрлілікті сақтау немесе жою біздің қолымызда. 
2.​Биотүрлілік бізге байлық пен денсаулық сыйлайтын тірі ағзаларды қорғау үшін қажет.
3.​Адамзаттың іс-әрекетінен биотүрлілік тез жылдамдықпен азаяды. Ары қарай осы шығындарды болдырмау біздің қолымызда.
4.​2010 жыл–халықаралық биотүрлілік жылы, сондықтан бар күшімізді осы түрлілікті сақтауға және келешек ұрпаққа аманат ретінде беруге тырысайық.
Бақылау сұрақтар.
1. БҰҰ Халықаралық Конференциясы қай жылы өтті?
2. Қазақстанның Халықаралық экологиялық конвенцияларына өтуі қай жылы басталды?
3. Биоалуандылықты сақтаудың аспектілері?
4. Қандай халықаралық ұйымдар биоалуандылықты сақтаумен айналысады?
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет