Организмде орталық нерв жүйесi мен эндокриндiк бездер арасында тығыз байланыс бар және екеуiнiң бiртұтас әрекеттерiнiң нәтижесiнде организмдегi түрлi функциялардың ұйлесiмдi қызмет атқарулары қамтамасыз етiледi.
Жүйке жүйесі өзінің реттеуші қызметін әрекет потенциалдары арқылы кенет және өте жылдам өзгерістер арқылы орындайды.
Эндокриндік жүйедегі жауаптар өте баяу және ұзақ уақыт бойы жүреді.
Екі жүйе де әртүрлі заттарды бөліп шығару арқылы жасушааралық байланысты қамтамасыз етеді.
Эндокриндік жүйе мен жүйке жүйесі бір-бірімен байланыста.
Гипоталамус жүйке жүйесі атынан, ал гипофиз безі эндокриндік жүйе атынан байланысты жүзеге асырады.
Дегенмен, гипофиз гипоталамустың бақылауымен жұмыс істейді.
Гормон деген терминдi 1902 жылы ағылшын зерттеушiлерi Бейлисс пен Старлинг енгiзген.
Гормондар атқаратын функцияларына сәйкес ерекше құрылысы бар және организмнiң белгiлi бiр клеткалық топтарында ғана түзiлетiн аса күрделi бейорганикалық заттар.