Қайтымды электродтық процес кезінде ток күшінің I берілген кернеуге Е тәуелділігі полярографиялық толқын теңдеуімен сипатталады:
ПОЛЯРОГРАФИЯЛЫҚ ТОЛҚЫН (ПОЛЯРОГРАММА) Бұл теңдеу жартылай толқын потенциалының (E1/2) токқа және тотықсызданатын иондардың концентрациясына тәуелсіз екенін көрсетеді. Сонымен, жартылай толқын потенциалы белгілі электролит ерітіндісіндегі ионның сапалық көрсеткіші болып табылады және жартылай толқын потенциалын анықтау полярографияның сапалық талдауының негізін құрайды.
=>
Сандық полярографиялық талдау Илькович теңдеуін қолдануға негізделген, бұл теңдеу диффузиялық токтың (Id) ионның концентрациясымен С байланысын сипаттайды:
мұндағы Z - ион заряды, D - иондардың диффузиялық коэффициенті, m - 1сек ішінде капиллярдан ағып шығатын сынап тамшысының массасы, мг, t - сынап тамшысының түзілуінің уақыты (тамшылау периоды), с - концентрация.
k = const
Полярографиялық талдудың маңызды әдістерінің бірі – амперометриялық титрлеу. Мұнда титрлеудің соңғы нүктесін табу титрлеу барысында диффузиялық шекті ток шамасының өзгерісін анықтауға негізделген. Бұл әдіс индикаторлық электродта тотыға не тотықсыздана алатын заттардың реакциялары үшін кең қолданылады, сондықтан амперометриялық титрлеудің міндетті шарты – реакцияға қатысушылардың біреуінің электрохимиялық белсенділігі.
Амперометриялық титрлеудің сезімталдығы дәстүрлік тура полярографиядан бір шама артық. Титрлеу кезінде дәстүрлі химиялық реакциялар қолданылады: