Индикаторлық электродтар арқылы ерітіндінің рН шамасын немесе ондағы иондардың концентрациясын анықтайды. Оларға:
сутектік
шыны
хингидронды электродтары жатады
Салыстырмалы сутектік электрод
Стандартты сутектік электрод арқылы металдардың салыстармалы түрде потенциалдары анықталады
Хлоркүмісті электрод – салыстырмалы электрод ретінде қолданады
Екінші текті электрод
Каломельді электрод гальваникалық элементтерде салыстырмалы электрод ретінде қолданады. Шыны электрод. 1906 жылы М. Кремер арасы өте жұқа шыны арқылы бөлінген, бірақ сутек иондарының концентрациясы өзара тең емес ерітінділер арасында потенциал айырмасының пайда бо-латынын байқады. Бертін келе бұл құбылысты Ф. Габер және 3. Қлименцевыч тиянақты зерттеді.
Потенциометрия әдістері тура (ионометрия) потенциометрия және потенциометриялық титрлеу деп бөлінеді. Тура потенциометрия әдістері Нернст теңдеуін тікелей қолдануға негізделген:
ВОЛЬТАМПЕРМЕТРИЯ ӘДІСІ Бұл әдіс электролиз кезінде, талданатын зат ерітіндісінің кернеуін жоғарылата отырып ток күшін өлшеу нәтижесінде алынған вольтамперлік қисықтарды (ток күшінің кернеуге тәуелділігі) тіркеуге негізделген.
Бұл әдісті 1892 жылы чех ғалымы Я.Гейровский тамшылайтын сынап электродында электролиз жүргізе отырып ашқан. Мұндай әдіс полярография деп аталады.
Вольтамперометрия поляризацияланған немесе вольтамперлік қисықтарды қарастырады, олар талданатын зат ерітіндісінің электролизі кезінде біртіндеп кернеуді жоғарылатқанда және осы жағдайда тоқ күшін белгілеп отырғанда алынады. Электролизді беттік ауданы шағын жеңіл поляризацияланатын электродты қолданылуымен жүргізген дұрыс. Электродтың бетінде заттың электрототығуы және электрототықсыздануы жүреді.
Поляризацияланатын индикаторлық микроэлектрод ретінде көбінесе сынаптың тамшылайтын электроды қолданылады, бұл жағдайда әдіс полярография деп аталады. Бұл әдісті 1922 жылы чехия ғалымы Я.Гейровский ұсынған.