Кондуктометр Кондуктометрическое титрование ЭЛЕКТРОТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ Электроталдау әдістері негізінде электр тоғының әсерінен заттардың химиялық ыдырау реакциялары жатыр.
Электроталдау әдістері электролиз процесіне негізделген және Фарадей заңдарына бағынады:
Электролиз кезінде бөлінетін зат массасы ерітінді арқылы өткен электр зарядтарының мөлшеріне тура пропорционал
2) Ерітінді арқылы электр зарядының бірдей мөлшері өткенде, электродтарда заттың бірдей эквиваленттік мөлшері бөлінеді
Кулонометрия әдісі электрохимиялық реакцияға түскен заттың мөлшері мен электролит ерітіндісі арқылы өткен ток мөлшері арасындағы байланысты қолдануға негізделген. Әдістің негізінде Фарадей заңдары жатыр.
Кулонометриялық талдаудың екі әдісі белгілі – тура кулонометрия және кулонометриялық титрлеу.
Кулонометриялық талдау кез келген электродтық реакцияға жұмсалған электр мөлшерін өлшеуге негізделген. Фарадей заңына сүйеніп, жұмсалған электр мөлшері бойынша тотықтырғыш не тотықсыздандырғыштың массасы анықталады:
Кулонометрия процесіндегі электродтық реакция барысында анализденетін зат электродта қатты түрде бөлінбейді.
Мысалы:
Катод (-): Fe3+ + e → Fe2+ (тотықсыздану)
Анод (+): 2Cl- - 2e → Cl2 (тотығу)
Мұнда аналитикалық сигнал – анализденетін ерітінді арқылы өтетін ток мөлшері болып табылады, оны кулонометр немесе кулонометриялық титрлеуде ЭН көмегі арқылы өлшейді.
Электрогравиметрия кезіндегі электродта электролит құрамынан металл катионы таза металл күйінде, не оның тотығы (оксид) мен тұзы түрінде электрохимиялық тұнба бөлінуіне, және электродтың массасын электролизге дейін және одан кейін өлшеуге, бөлінген майда кристалды тұнбаның массасы бойынша зерттелетін үлгіде талдауға, қажетті құрамды есептеп, анықтауға негізделген. Бұл әдістің басты артықшылығы:
онда қолданылатын құрылғының карапайымдылығы,
жоғарғы дәлдігі,
кайталанымпаздылығы.
Электрогравиметрия әдісі арқылы кендегі, балқымадағы, әр түрлі ерітінділердегі металдарды, радиоактивті заттарды анықтайды. Ең бастаса тотықсызданатын катионның потенциалы 0В-тан жоғары болған жөн, сонда ғана оның тоқ бойынша шығымы 100% болады.