Дәріс 13. Smart технологиялар



бет2/5
Дата05.12.2023
өлшемі34,08 Kb.
#134614
1   2   3   4   5
Байланысты:
Лекция-1695883930843

Үлкен көлемді деректер


Өте үлкен деректер қоры (Very Large Database, VLDB) - бұл физикалық сақтау құралында үлкен орын алатын деректер қоры. Бұл термин деректерді сақтаудың физикалық технологияларындағы соңғы жетістіктерімен анықталатын ДҚ ең максималды мүмкін көлемін түсіндіреді.
«Өте үлкен көлем» түсінігінің сандық анықтамасы мерзімге қарай өзгеріп отырады, қазіргі таңда ол көлем петабайттармен өлшенеді.
Өте үлкен ДҚ және деректерді сақтау орны күнделікті жеке жоба шеңберінде орындалып жүрген үлкен көлемді деректермен жеңіл жұмыс жасауға мүмкіндік беретін жүйелі техникалық шешім табуға болатын логикалық және жүйелі-техникалық жобалауға аса мән беруді талап
етеді. Мұндай шешім үш шарт орындалғанда: дискілік ішкі жүйе үшін арнайы шешім болса, операциялық ортаның арнайы нұсқалары және деректерге ДҚБЖ-не арнайы механизмдер арқылы ұсыныс жасалса ғана мүмкін болады.
Өте үлкен деректер қорын VLDB өңдеу және сақтау облысын зерттеу деректер қорының ұшқыр теориясы мен тәжірибесін қажет етеді. Көбіне, 1975 жылдан бері жыл сайын International Conference on Very Large Data Bases (Международная конференция по сверхбольшим базам данных) конференция өтеді. Көптеген зерттеулер VLDB Endowment (Фонд целевого капитала «VLDB») арнайы ұйымдар көмегімен өткізіліп, өте үлкен көлемдегі ДҚ туралы ақпараттармен бөлісіп ғылыми жұмыстардың дамуын қамтамассыз етіліп отырады.
Осындай өте үлкен көлемдегі ДҚ және деректер банкін пайдаланушыларға тоқталайық.
Деректер банктерінің пайдаланушылары
Басқа кез-келген бағдарламалық – ұйымдастырушы - техникалық кешен секілді, деректер банкіде уақыт пен кеңістікте орналасады. Деректер банкінің дамуының белгілі бір кезеңдері бар:

  • Жобалау;

  • Жүзеге асыру;

  • Қолдану;

  • Жаңарту және дамыту;

  • Толықтай қайта құру.

Деректер банкінің дамуының әр кезеңінде ол әртүрлі деңгейдегі пайдаланушылармен байланыста болады.
Пайдаланушылардың негізгі деңгейлерін және олардың деректер банкінің қызмет жасауындағы орындары:

  1. Соңғы пайдаланушылар - бұл деректер банкінің құрылымына себепші болған пайдаланушылардың негізгі деңгейі. Құрылатын деректер банкінің ерекшеліктеріне байланысты оның соңғы пайдаланушылары да әртүрлі болуы мүмкін. Бұл ДҚ-нан керекті ақпарат алу үшін оған оқтын-оқтын сұрау салып отыратын кездейсоқ пайдаланушылар болуы немесе осы деректер қорының тұрақты пайдаланушысы болуы да мүмкін. Кездейсоқ пайдаланушылар ретінде, мысалы, сіздің фирмаңыздың шығаратын өнімдерін немесе көрсететін қызметтерін қарап отырған клиенттер болуы мүмкін.

  2. Тұрақты клиенттерге - осы деректер банкінің қызметкерлерін жатқызуға болады. Мысалы, компьютерлік фирманың сервистік бөлімшесінің жұмысын жобалайтын менеджер өз жұмысында ағымдағы тапсырыстарды жобалауға және таратуға, олардың орындалу барысын бақылап отыруға, жаңа тапсырыстарды қамтамасыз етуге арналған жабдықтарды дайындауға көмектесетін бағдарлама қолданады.

Негізгі принцип бойынша, соңғы пайдаланушылардан есептеуіш техника және тілдік құралдар саласындағы арнайы білімі болуы талап етілмеуі тиіс.

  1. Деректер банкінің администраторлары - пайдаланушылардың бұл тобы деректер банкін құрудың бастапқы кезеңінде оның ыңғайлы ұйымдастырылуын (бірнеше соңғы пайдаланушының бір мезгілде жұмыс жасауын), қолдану кезеңінде осы деректер банкінің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Даму және қайта құру кезеңінде пайдаланушылардың бұл тобы банкті қайта құруды оның қолданылуын өзгертпей немесе тоқтатпай жүзеге асырады.

  2. Бағдарламаларды құрушылар және аминистраторлар - пайдаланушылардың бұл тобы деректер банкін жобалау, құру және қайта құру кезеңдерінде қызмет атқарады. Бағдарламалар администраторлары белгілі бір бағдарламаны немесе функционалды жүйеге біріктірілген бірнеше бағдарламаны құру кезіндегі бағдарлама құрушылардың жұмыстарын басқарып отырады. Белгілі бір бағдарламаны құрушылар осы бағдарламаға керекті ақпаратпен ғана жұмыс жасайды.

Барлық деректер банкінде пайдаланушылардың барлық типтері ажыратылып көрсетілмейді. Қарапайым ДҚБЖ қолдана отырып ақпараттық жүйелерді құру кезінде деректер банкінің администраторы, қосымшалар администраторы және құрушылар бір адам болуы да мүмкін. Алайда қазіргі заманғы күрделі копоративті деректер қорын құру кезінде қосымшалар администраторларының тобы және құрушылар бөлімшелері де болуы мүмкін. Ең қиын міндеттер деректер қорының администраторларының тобына жүктеледі. Оларды толықтай қарастыралық.
Деректер қорының администраторларының тобының құрамында келесі адамдар болуы керек:

  • жүйелік сараптаушылар;

  • деректер құрылымдарын және деректер банкіне жатпайтын ақпараттық жабдықты жобалаушылар;

  • деректерді өңдеудің технологиялық процестерін жобалаушылар;

  • жүйелік және қолданбалы бағдарламашылар;

  • операторлар және техникалық қызмет көрсету мамандары.

Егер коммерциялық деректер банкі жайлы сөз болса, онда бұндағы маңызды рольді маркетинг мамандары да атқарады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет