Жасандыинтеллектжүйесініңдамуперспективалары Жасанды интеллект – бұл модель мен тиісті бағдарламалық құралдар жасайтын ЭЕМ көмегімен семантикаға жүгінуді талап етілетін үдерісте есептеу сипатындағы шығармашылық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ғылыми зерттеу бағыты. Жасанды интеллект саласында
жұмыстың басталуын электронды есептеуіш машинаның жасалуынан деп есептейді, ол адамзаттың ойлау қабілетінің үдерісінің қайталануы.
60-шы жылдардың аяғында жасанды интеллектінің міндеттерін әдістемелік шешу өзгерді, яғни адамның ойлау тәсілдері имитациясының орнына адамзат міндеттерін шешуге қабілетті бағдарламалар әзірлеу басталды, бірақ бұл машиналық бағыттаушы әдістердің базасында жүзеге асты. Бұл кезеңнің сынақ полигоны шешімі қиын түйіндер мен ойындар болды. Бұл шешімдерді іздестірудің тұйықтығымен және шешімді іздестірудің өте күрделі стратегиясын модельдеу мүмкіндігімен түсіндіріледі.
70-ші жылдардың басында жасанды интелектіге символдық тәсіл негізінде нақты пәндік салалар шеңберінде шешімдер жасаудың эвристикалық әдістері негізінде кешенді мүмкіндік беретін адам машина жүйелерін жасау қолға алынды. Сол кезде сараптама жүйелері ерекше қарқынмен дамыды. Сараптама жүйелері әртүрлі салалардан білімді анықтауға, жинауға, түзетуге және осы білімдердің негізінде белгілі бір жағдайларда егер оңтайлы болмағанның өзінде барынша тиімді болып есептелетін шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жасанды интелект пайда болуымен байланысты жаңа ғылыми пән инженерлік білім пайда болды, бұл білімдерді беру және қалыптастыру саласында зерттеулермен, оларды өңдеу және жасанды интелект қолданумен айналысады. ЖИ саласындағы зерттеу бірнеше жылдар бойы жүргізуде. Жасанды интеллект жұмысы екі бағытқа бөлінеді. Сонымен бірінші бағыт адамның интеллектуальды әрекетінің өнімін қарастырады, оның құрылысын меңгереді (есептерді шешу, теоремалар, ойындар) және бұл өнімдерді қазіргі техника көмегімен жасайды. Жасанды интеллектінің екіншібағытыинтеллектуальды іс-әрекетінің нейро- физиологиялық және психологиялық механизмі туралы мәліметтерді, дәлірек айтқанда адамның саналы іс-әрекетін қарастырады.