ҚҰСТАР КЛАСЫ – AVES Кесірткеқұйрықты, немесе Ежелгі құстар кластармағы – Archaeornithes
Желпуішқұйрықты, немесе Нағыз құстар кластармағы – Neornithes
Тісті құстар отрядүсті – Odontognathae
Ихтиорнитестер отрядүсті – Ichthyornithes
Жүзгіш құстар отрядүсті – Impennes
Пингвинтәрізділер отряды – Sphenisciformes
Кәдімгі, немесе Жаңатаңдайлы құстар отрядүсті – Neognathae
Отрядтар:
Африка түйеқұстары – Struthioniformes
Нандутәрізділер – Rheiformes
Казуартәрізділер – Casuariiformes
Эпиорнистәрізділер – Aepyornithiformes
Моатәрізділер – Dinornithiformes
Кивитәрізділер – Apterygiformes
Тинамутәрізділер – Tinamiformes
Маймаққаздар, немеселер Гагаратәрізділер – Gaviiformes
Сұқсыртәрізділер – Podicipediformes
Түтіктұмсықтылар, немесе Дауылпаздар – Procellariiformes
Бірқазантәрізділер, немесе Ескекаяқтылар – Pelecaniformes
Ләйлектәрізділер (дегелектәрізділер), немесе Сирақтылар – Ciconiiformes
Қазтәрізділер – Anseriformes
Сұңқартәрізділер, немесе Күндізгі жыртқыштар – Falconiformes
Тауықтәрізділер – Galliformes
Тырнатәрізділер – Gruiformes
Диатриматәрізділер – Diatrymiformes
Татреңтәрізділер – Charadriiformes
Кептертәрізділер – Columbiformes
Тотытәрізділер – Psittaciformes
Көкектәрізділер – Cuculiformes
Жапалақтәрізділер – Strigiformes
Тентекқұстар – Caprimulgiformes
Ұзынқанаттылар – Apodiformes
Көкқарғатәрізділер – Coraciiformes
Тоқылдақтар – Piciformes
Торғайтәрізділер – Passeriformes
Орнитология (грек. ornіtos – құс және logos – ғылым) – зоологияның құстар, олардың жүйеленімі, жекеше және тарихи дамуы, физиологиясы, экологиясы, жер бетіне таралуын зерттейтін саласы. Орнитология терминін алғаш рет ғылымға XVI ғасырда итальян ғалымы У.Альдрованди енгізді. Қазақстан құс фаунасы жөніндегі алғашқы мәліметтер (XIX ғасырдың басы) орыс ғалымдарының (П.С. Паллас, Н.Я. Озерецковский, С.П. Крашенинников, т.б.) еңбектерінде айтылған. Олар құстардың ғылымға белгісіз түрлерін ашып, сипаттама берді. Кейіннен құс түрлерінің қазақ даласына таралуы жөнінде жаңа заңдылықтар ашты (А.Н. Северцов, М.А. Богданов, П.П. Сушкин, М.А. Мензбир, т.б.).
Орнитология - құстар туралы ғылым. Биология ғылымдарының жүйесінде орнитологияның алатын орны ерекше. Жануарлар әлемінің эволюциясында құстар өзіндік тармаққа ие. Орнитологияға түрлі әдістемелер көмегімен алынған құстар туралы барлық білімдер жүйесі енеді. Сондықтан да құстарды объект ретінде қолданатын басқа физиология, биохимия, гистология ғылымдарымен де байланысты.
Құстар баяғыдан ақ эволюциялық зерттеулердің моделі ретінде қызмет атқарады. Көптеген ірі эволюционистер мен орнитологтарға М.А.Мензбир, П.П.Сушкин, Б.Ренш, қазіргі кезде А.Уэтмор және Э.Майр сынды ғалымдар бар. Эволюционистердің қажырлы еңбектерінің нәтижесінде омыртқалылар жүйесінде құстардың жеке топ ретінде қалыптасуына ықпал жасады.
Қазіргі заман биологиясының түбегейлі мәселелерін шешуде құстардың атқаратын рөлі айрықша. Ең алдымен оларға популяциялық биологияның, биоценологияның, кеңістіктің бағыты, сигнализация, коммуникация және сондай ақ мінез құлықты басқару жатады. Орнитология сонымен бірге қолданбалы бағыттармен шұғылданатын дәрігерлік және авиациялық орнитологияменде тығыз байланысты. Орнитологияның жалпы биологиялық және эволюциялық потенциалының жоғары болуы, құстардың жануарлар әлемінде көп зерттелген топтардың бірі болғандығын анықтайды. Орнитология өзінің ұзақ даму тарихында құстар туралы білімнің үлкен жүгі жинақталып, олар іргелі, қолданбалы, аралық сияқты көптеген бағыттарға тарамдалды. Қазіргі уақытта бұл бағыттардың жиынтығы орнитологияның алдында тұрған 3 негізгі міндеттерді шешеді: құстар туралы ортақ білімдерді толықтырады, олардың жалпы биологиялық және эволюциялық мәселелерін және тәжірибелік мақсатта қолдануды қамтамасыз етеді.