Дәріс №13 Тақырып атауы


«Абай жолы» роман-эпопеясының



бет3/6
Дата24.05.2022
өлшемі37,32 Kb.
#35555
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция-1598506569188

«Абай жолы» роман-эпопеясының тек қазақ әдебиетінің ғана емес, әлемдік әдебиеттің озық туындысы екендігі. Оған берілген әртүрлі әдеби сыйлықтар мен өнер қайраткерлерінің бағасы. Романның эпопеялық сипат-белгілері. Шығармада қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, терең ойшылы Абайдың өмірі мен шығармашылық өнерімен қатар, қазақ халқының жарты ғасырлық саяси-әлеуметтік өмірінің, рухани бітім-болмысының, тұрмысының, салт-санасының көрініс табуы.
Роман-эпопеяның басты тұлғасы Абай екендігі. Шығармадағы Абай характерінің өсу, кемелдену эволюциясы. Ақынның халық мүддесі, ер арманы жолындағы күресі, оның азаматтық, ақындық мінезінің таптар тартысының қайшылығында шыңдалуы. Автордың Абай образын сомдауда, ақынның шығармашылық психологиясын ашу мақсатында Абай өлеңдері мен әндерінің шығу себептерін шеберлікрен пайдалануы. Абайдың әдеби-эстетикалық көзарастары.
Ол жазған „Абай жолы“ роман-эпопеясы тек қазақ әдебиетінің ғана емес, әлемдік әдебиеттің озық туындысы. Онда қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, терең ойшылы Абайдың өмірі мен шығармашылық өнерімен қатар, қазақ халқының жарты ғасырлық саяси-әлеуметтік өмірінің, рухани бітім-болмысының, тұрмысының, салт-санасының ешқайсысына қылдай қылау түсірмей, жоғары көркемдікпен кестеленеді. Автор Абай образын сомдауда шығармашылық психологиясы басты кілт саналған. Абайдың дәрежеге көтерілуіне Шығыс, орыс, европа әдебиеттері мен орыс демократтарының, халық өкілдерінің ықпалы да жазушы назарында отырады. Романда Құнанбай төңірегінділер де, Абай төңірегіндегілер де қапысыз бейнеленеді.
«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай» (1942, 1947), онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын; 1952, 1956) романын жазды. Осы төрт томнан тұратын «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет