Құнанбай - ділмар шешен Құнанбай - әккі саясаткер Құнанбай - нағыз мұсылман Құнанбайдың кесек мінездерінің бір қыры оның діншілдігі Дүкенбай Досжанның «Абай айнасы» атты ғұмырнамалық эссесінде орта жүздің ақылды адамы Құнанбайдың қасиетті жерге қалай барып, қалай қонақ үй салғызғандығы жөнінде былай депті.
Құнанбай қасына аса жігерлі өжет мінезді Ізғұттыны ілестіріп 1870 жылы Меккеге сапар шегеді. Жолда ат тұяғын күйдірген шөлден құс қанатын талдырған таудан өтеді. Көп қиындықпен Меккеге жетеді. Өзге елден келген мұсылмандардың жататын үйі болады екен. Үйсіз - күйсіз босып жүрген қырғыздар мен қазақтар. Осыны көрген Құнанбай: «Дүниеде малды несіне жинап жүрміз өлсек ертең бәрі қалады. Реті келсе кәдеге жаратқанға не жетсін. Біздің соңымыздан талай жұрт қажылыққа келер. Олар біздің кебімізді кимесін. Сондықтан қазақтарға арнап үй салдырайық. Мен осында қалып іс қылуға бекініп отырмын,»- деді.
Құнанбай - параға сатылмайтын әділ би, ділмар шешен, әккі саясаткер, сыншыл әке, нағыз мұсылман.
Құнанбай - сұңғыла ойшыл. Құнанбай - шешен тілді, өзі де суырып салып өлең шығаратын ақын адам болған. Ел арасында Құнанбайдың шешендік сөздері, ойлы өлеңдері мол - ақ. Солардың қолға түскендерімен таныстыра кетсем.
Бір беделді аға сұлтан Құнанбайды сынағысы келіп:
- Дүниедегі алыс не, жақын не?- деп сұрапты.
Сонда біртуар білгір Құнанбай: - Кешегі күннен алыс жоқ, ертеңгі күннен жақын жоқ,- депті. Тағы мынадай афоризмі еске түседі:
«Кешірім сұраса - үлкен күнә да кешіріледі, қайталана берсе кішкентай күнә да үлкенге айналады.
Осы айтылған деректерге сүйене отырып, Құнанбайдың алып ойдың иесі, қара қылды қақ жарған би,- деген қорытынды жасай аламын.
Екі топтың оқушылары да өз пікірлерін, өз ұстанымдарын дәлелдеу үшін нақты айғақтармен дәлелдей отырып сөйлейді. Келтірген мысалдар мен дәйектемелер оқушының өз танымынан ізденісінен туындап отырғандықтан қарысы жақтан да сұрақтар қойылады. Оқушы өз көзқарасының дұрыстығын білдіру үшін тыңдаушысын сендіріп ойын нақты жеткізуге талпынады.
Академик З. Қабдоловтың мына пікіріне қосылмасқа тіпті де болмайды «Адамды биік қияға, адамгершілікке, абзал қасиетке, асыл идеалға баулитын Абай ғана емес, немесе Абай бастаған сан типті кенйіпкерлер ғана емес. Бұларға қарамаа - қарсы типтер, олардың ең оқшау өкілі Құнанбай десе, сол Құнанбайдың өзі қандай зор тәрбиелік рөл атқарып отыр? Эпопеядағы Құнанбай феодализмнің шынжыр балақ жуаны, өшер таптың аш бөрісі, көкжал жыртқышы ғана ма? Қорқауы ма?
Жоқ, ол біздің мықты тәрбиешіміз!»
Құнанбай - өте күрделі бейне. Ол - өз заманының мықты тұлғасы. Атадан ұл туса сондай тусын дерлік, ақылы да, қайраты да озық, шым болаттай берік, қайтпас қажырлы, көңілі жүйрік көреген, тілі орамды шешен, айла - амалы, қулық - сұмдығы мол алдырмас майталман. Осы қасиеттердің барлығын Құнанбай өз бойына жинақтай келе ру бірлігін сақтай білді.
Ру бірлігі - елді басқарудың алғашқы ұстанымы.