Презентация тақырыбы: Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығы.
Орындаған: Тоғайхан Айшат
Тобы ҚТ-20-01
Жетекшісі: Райнбекова Г. С.
Абай Құнанбаев 1845 жылы жылан жылында Шыңғыс тауында (бұрынғы Семей облысында ) дүниеге келген. Әкесі Құнанбай тілге шешен, ақылға бай, ел басқарған адам. Әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелер естіп өсті, бала кезінен сүйді. Абай небәрі үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды. Бұл жылдары араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы меңгерді. Кішірек кезінде Ғабитқан деген ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайды әкесі он жасында Семейге оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабдүл-Жапардың,кейін Ахмет –Ризаның медресесінде оқиды. Болашақ ақын өзімен сабақтас шәкірттерден анағұрлым үздік оқыған. Мектепте жүргізілетін дін сабағын жеңіл меңгеріп, араб, парсы тілдерін үйренеді,бос уақытын кітап оқуға, өз бетімен ізденуге жұмсайды. Медресенің соңғы жылында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, өз қасына алады да, ел билеу ісіне баули бастайды. Ел басқару қызметінде өз орнымды басар ұлым осы ғой деген дәмемен Абайға әр түрлі жол көрсетіп, тәрбиелейді. Ел ісіне араласу білімді, саналы, ойлы жас Абайдың ел танып, жер танып есеюіне, халықтың әдет-ғұрып, тұрмыс-салтын терең танып –білуіне жол ашады. Шәкәрім Құдайбердіұлы-ақын,жазушы,аудармашы, тарихшы,ойшыл. Қазақ қоғамының рухани өсуіне үлес қосып,жастарды ғылым-білім,өнер-өнегеге баулуды мұрат еткен ұлы Абай мектебінің шәкірті,талғамы биік талант иесі Шәкәрім 1858 жылы 11-шілдеде Шыңғыс тауы бөктерінде қазіргі Семейдегі Абай ауданында дүниеге келген. Абай Құнанбайұлының соңынан ерген ізбасары, ақындық өнер ерекшеліктерінің мұрагері болған Шәкәрім өле-өлгенше білім іздеп, ақындықтың жолында болды, жастарды білімге шақырады.
Абай қазақ өлеңін қызықты,тапқыр теңеулермен,жаңаша,бейнелі сөз қолданыстарымен байытты.Басқа елдердің,соның ішінде,әсіресе А.С.Пушкин,М.Ю.Лермонтов сияқты ұлы ақындары мен тамаша мысалшысы Крыловтың шығармаларын керемет көркем етіп аударды.
Шәкәрім орыс және батыс әдебиетінің тамаша туындыларын қазақ оқырмандарына таныстырды
А.С. Пушкиннің “Боран”, “Дубровский” повестерін қазақ тіліне аударды.
Шал Антон бишік бұлғап,божы қақты,
Сар желді күрмедегі ат,шеткі ат шапты.
Өткенін қанша уақыт пайым етпей
Владимир тым терең ой ойлапты.
Түпсіз ой,түссіз қиял неше мыңдап,
Бірі «бүйіт»,бірі «сүйіт» деп тұрады ымдап.
Тұңғиық,тұманданған алдыңғы өмір
Тұрғанынбіліп болмас не дайындап.
Назарларыңызға рахмет!