су өткiзу қасиетін айтады. Ол топырақтың түйiртпектігiне,
механикалық құрамына, органикалық қорына байланысты жəне
мұның өзi сiңiру, ылғалдану мен өткiзу кезеңдерiнен құралады.
Суды жақсы өткiзгiш топырақтарға құм, құмай, ең аз су өткiзгiш
топырақтарға балшықтар жатады. Топырақтың су өткiзгiш қабiлетi
деп өзінің капиллярлары (түтiктерi) арқылы оның төменгi
қабатынан жоғары қабатына су көтергiштiгiн айтады. Бұл қасиет
топырақтың түйіртпектігіне, механикалық құрамына бай-ланысты.
Құмдар суды тез, бiрақ аз биіктікке көтерiледi (тəулiгiне 30-60 см-ге
дейiн ғана), балшықтар керiсiнше, суды баяу со-рып, биiкке (3-4 м
дейiн) көтерiледi. Капиллярлы суды көтеру арқылы топырақ
құрғақшылық аймақтарда өсімдіктерді өзінің төменгі қабатындағы
сумен қамтамасыз етiп тұрады. Ал шөлдi аймақтарда жақын
жататын ащы жер суларының буға айналуы-нан топырақ сортаңдана
бастайды. Көптеген ауылшаруашылық дақылдары кұрғақ заттарды
құрау үшiн судың орасан көп мөлшерiн жұмсайды. Мəселен, бидай
өсiмдiгi, өзінің жер бетiндегi масса-сымен салыстырғанда тəулiк
бойында шамамен, 1,3-1,5 есе артық суды жұмсайды жəне сіңірілген
90-95 пайыз құрғақ заттың пайда болуы үшiн (транспирация)
жұмсалады. Өсімдіктерде бір грамм құрғақ заттардың пайда болуы
үшiн жұмсалатын судың үлгiлiк мəнi бірнеше дақылдар үшiн
мынадай: жоңышқа – 858, сұлы – 636, мал азықтық бұршақ –372,
тары – 287 грамм. Бұл көресеткіштер өсімдік өсетiн топырақ-климат
жəне басқа жағдайларға бай-ланысты едəуiр ауытқып отырады.
Өсімдіктер транспирация жолымен өте көп мөлшерде су жұмсайды.
Өсiмдiк бойына
сiңірген 1000 г судың небары 1-2 грамын ғана пайдаланады, судың
998 грамы өсiмдiк арқылы өзгермей өтедi. Топыраққа
тыңайтқыштарды, əсiресе, фосфор тыңайтқышын еңгiзу, су, ауа
режимiн ретке келтiруi арқылы жəне басқа шаралардың көмегiмен,
өсімдіктердің қоректену жағдайын жақсарта оты-рып, 1 грамм
құрғақ заттың пайда болуы үшін жұмсалатын су ша-масын азайтуға
болады. Алайда, құрғақ заттың пайда болуы үшiн жұмсалатын
судың азайғанына қарамай, тыңайтылған жердің бiр гектарға
жұмсалатын жалпы ылғалдың қоры ұлғаяды, өйткенi оның өнiмi
өседi. Мұндай жағдайда ылғал мейлінше, тиімді пайдаланы-лады.
Достарыңызбен бөлісу: