Дәріс №14. Қайта сақтандыру: мәні, қызметтері 1. Қайта сақтандырудың мәні мен қызметтері Қайта сақтандыру – бұл сақтандыру келісімінің мүмкіндігінше балансталған портфелін құру, сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығы мен рентабельдігін қамтамасыз ету мақсатында сақтандырушы өзінің қаржылық мүмкіндігіне қарай сақтандыру тәуекелдерінің бір бөлігін, жауапкершілікті қабылдай отырып, басқа сақтандырушыға келісілген жағдайлармен сақтандыруды тапсыруда туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі, яғни тәуекелдерді қайта бөлу. Қайта сақтандыру бірнеше компаниялар арасындағы мүмкіндігінше ірі төлемдерді қайта бөлуге және сақтандыру портфелін қорғауға көмектеседі.
Сақтандырушы қайтасақтандыруды қолданған кезде алдымен сақтанушымен сақтандыру келісім шартын жасай отырып, сақтандыру өтемақыларын төлеу бойынша міндеттемелерді өз мойнына алады және тиісті сақтандыру сыйақысын алады. Өз жауапкершілігіне алған міндеттемелердің бір бөлігін бір немесе бірнеше қайтасақтандыру ұйымдарына жүктей алады. Қайтасақтанушы қайтасақтандырушыға өзі алған сыйақының белгілі бір бөлігін қайтасақтандырушының міндеттелердің белгілі бір бөлігін өзіне алуға келісім бергені үшін ақы ретінде төлейді. Сақтандыру оқиғасы орын алған кезде сақтанушы залалдың орнын толтыру бойынша талапты сақтандырушыға ғана қоя алады, ал сақтандырушы өз кезегінде қайтасақтандырушыдан өзіне тиесілі соманы талап ете алады. Осылайша қайтасақтандырудың мәні сақтандырушының өзіне сақтандыру келісім шарты бойынша жүктелген міндеттемелерді қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында екінші бір сақтандыру ұйымдарына қайта бөлуі арқылы ашылады.
Қайта сақтанушы немесе цедент – бұл сақтандыру тәуекелік мойнына алатын және оны толығымен немесе бөліктеп қайта сақтандыруға басқа сақтандырушыға беретін сақтандырушы. Қайта сақтандыру тәуекелін мойнына алған сақтандырушы, қайта сақтандырушы немесе цессионер деп аталады. Қайта сақтандыруда тәуекелді жеткізумен көбінесе қайта сақтандыру брокері айналысады. Қайта сақтандыру тәуекелін ала отырып, қайта сақтандырушы оны бөліктеп, үшінші сақтандырушыға бере алады. Мұндай операция ретроцессия деп аталады, ал ретроцессияға тәуекелді беруші қайта сақтандырушы – ретроцессионер деп атайды.
Қайта сақтандыру туралы мәселені қарастырғанда, әрбір сақтандыру компаниясы оның мақсатқа жету жолында экономикалық тиімділікті, сондай-ақ қайта сақтандыру бағасын ескеретіндей болу керектігін ұмытпауы керек. Қайта сақтандыру бағасы – бұл қайта сақтандырушының есептелген үлесі ғана емес, сонымен қатар, қайта сақтандыру тәуекелін жеткізумен байланысты жұмыстарды жүргізудегі компания шығындары да болып табылады. Мұндай шығындарға қайта сақтандыру келісімдерін рәсімдеу, клиенттердің карточкаларын жасау, есеп және т.б. жатады.
Қайтасақтандыру қызметтері. Қайта сақтандырудың маңызы келесі қызметтерді атқару арқылы ашылады:
Сақтандырушыға тәуекелдерді өзіне қабылдауда қосымша қаржылық капиталды ұсынады;
Қабылданған тәуекелдерді сақтандыруды қайта бөлуді қарастырады;
Қайтасақтандырудың сақтандыру нарығындағы ролі келесі жағдайлармен ашылады:
Қайта сақтандырудың көмегімен сақтандырушылар өздерінің теңгерімді сақтандыру қоржынын құра алады. Мұндай сақтандыру қоржынын құру біртектес нысандар бойынша сақтандыру келісім шарттарының көптеп құруды білдіреді. Теңгерімді сақтандыру қоржынының болмауы ұйымның қаржылық тұрақтылығының негізі болып табылатын активтері мен міндеттемелерінің сәйкес ара қатынасының бұзылуына әкеледі.
Қайта сақтандыру арқылы сақтандыру өтемақыларының сақтандыру сыйақыларының мөлшерінен асып кетуі салдарынан туындайтын сақтандырушының залал шегу тәуекелін азаяды.
Қайта сақтандыру сақтандырушының қомақты сақтандыру сомаларына келісім шарт жасау мүмкіндігін жоғарылатады.
Қайта сақтандыру келісім шартын жасау мүмкіндігінің болуы сақтандырушының жаңа сақтандыру өнімдерін жасауға қорықпай кірісуіне жол береді.