Дәріс 14 Биология сабағында сандық бағдарламаларды тиімді қолдану



бет2/2
Дата02.05.2023
өлшемі18 Kb.
#89146
1   2
Flippity -бұл кесте негізінде оқыту үшін әртүрлі интерактивті тапсырмаларды жасауға болатын онлайн қызмет. Функционалдығы бойынша Flippity LearningApps сияқты танымал қызметтерге ұқсас. Flippity интерактивті жұмыстарының ең танымал түрлері: Мәтінді енгізу жаттығуы; тексеру; Кроссворд; Турнир кестесі; Уақыт шкаласы; Сөздерді іздеу; Бинго. Әр тапсырма үшін құру нұсқаулары, сондай-ақ шаблон мен демо нұсқасы бар. Flippity интерфейсі ағылшын тілінде, бірақ интуитивті интерфейсі бар. Сондай-ақ, сервиспен жұмыс істеу кезінде браузерге салынған автоматты аудармашыны пайдалануға болады, мысалы, мұндай мүмкіндік Google Chrome браузерінде бар. https://www.youtube.com/watch?v=4de8IxNLgV8&t=436s
Өз оқыту тәжірибемізде осы платформаны пайдаланудың келесі артықшылықтарын атап өтсек:
1. Ойын түрінде ынталандырушы тапсырмаларды құру.
2. Оқушылардың білімін үздіксіз бақылау үшін қарапайым және жылдам қолдану.
3. Барлық пәндер үшін қолайлы.
4. Интерфейс тілін өзгерту мүмкіндігі.
5. Үлгілерді жылдам өзгертуге және осылайша жаңа тапсырмалар жасауға болады.
6. Сіз басқа платформаларда кездеспейтін бірегей үлгілерді пайдалана аласыз.
7. Тапсырмаларды тексеру үшін мұғалімнен қосымша уақыт қажет емес, өйткені жүйе баллды автоматты түрде есептейді.
«Tarsia» әдісі арқылы терминдер мен тірек сөздерді қайталау немесе пысықтау тапсырмасы ретінде оқушыға қолданылады. https://www.youtube.com/watch?v=om1QGKg5jSg
«Полиглот» әдісі арқылы термин сөздерді қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде оқушылардан ауызша немесе жазбаша сұрақтар арқылы қайталауға болады.
«Matching» әдісі арқылы берілген сөздер мен сөйлемдерді аудармасы бойынша сәйкестендіріп, оқушылардың білімін тексеруге болады.
Қорытындылай келе, электрондық оқыту жүйесі ақпараттық ортаны құруда, электрондық мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруда және тұрғындардың компьютерлік сауаттылығына байланысты мәселелерді шешуде басты рөлге ие. Компьютердің мұғалімдердің оқу процесін, сыныптан тыс жұмыстарды, әртүрлі шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруда берер көмегі көп екені аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Мектеп өміріне компьютердің келгеніне біраз жыл өтті, осы жылдарда оқу процесінде есептеуіш техникаларды қолданудың тұжырымдамалары бірінің орнын бірі алмастыруда. Компьютерлік бағдарламалар ғана, емес, компьютерлік техниканың жаңа түрлері қолданысқа енуде.
Ал, сандық білім беру ресурстарын жасау және пайдалану қажеттігі туындайды. Биология сабақтарында тірі ағзалардағы биологиялық процестерді көрнекі құралдарсыз, саусақ қимылымен түсіндіру мүмкін емес. Сондықтан мұғалім оқу процесін ұйымдастыруда тиімді оқытудың техникалық құралдарын таңдауы тиіс. Электронды ресурстарды қолданып білім беру барысында дәстүрлі сабақтың ауқымын кеңейтіп, ақпараттық ортаны едәуір жоғарылатып, білім беру үрдісін көру арқылы қабылдауын қамтамасыз етеді. Жаңа технологияны меңгеру оқу –тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың озық технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге,жаңа ізденістерге жетелейді. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» - деп тұжырым жасайды. Сондықтан оқытушы өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап,әдістемелік шеберлікпен келу керек. Сабақ барысында интерактивті технологияларды қолдану оқытушы жұмысын өнімді, нәтижелі, ал оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет