Есту түтігі, tuba auditiva немесе Евстахий түтігі ( Eustachii, осыдан түтіктің қабынуы евстахиит), ауаны жұтқыншақтан дабыл қуысына өткізеді, осы арқылы дабыл қуысының іші мен сыртқы атмосфера қысымы арасындағы тепе – теңдік сақталады. Бұл лабиринтке дабыл жарғағының тербелістерін дұрыс өткізу үшін керек. Есту түтігі өзара қосылатын екі бөліктен тұрады: сүйекті және шеміршекті. Оның ішкі шырышты қабығы кірпікшелі эпителиймен жабылған, бұл қабықта шырышты бездер мен лимфа түйіншелері орналасқан, олар жұтқыншаққа ашылатын тесік жанында көп (түтік бадамшасы). Адам жұтынғанда есту түтігі арқылы ауа ортаңғы құлақтың дабыл қуысына кіріп, оның ішіндегі ауа қысымын теңестіріп тұрады. Бұл дабыл жарғағын ауа қысымынан жарылып кетуден сақтайды.
Ішкі құлақ немесе лабиринт,самай пирамидасының қабатында, дабыл қуысы мен ішкі дыбыс жолы арасында орналасқан. Ішкі есту жолы арқылы лабиринттен кіреберіс – ұлу нерві шығады. Сүйекті есту жолы арқылы лабиринттерді ажыратады, жарғақты лабиринт сүйекті лабиринттің ішінде жатады.
Сүйекті лабиринт, labyrinthus osseus,қабырғалары тығыз сүйектерден тұратын өзара жалғасатын кішкене қуыстардан тұрады, ол з бөліктен тұрады:1) кіреберіс, 2) жартылай дөңгелекті өзектер, 3) ұлу. Ұлу кіреберісте алға қрай, медиалды және төмендеу, ал жартылай дөңгелекті өзектер артқа,латералды және жоғары жатады.
1.Кіреберіс, vestibulum,лабирмнттің орталық бөлімін құрайды, ол арт жағынан жартылай дөңгелекті өзектердің бес тесігемен, алдынан кеңдеу бір тесік арқылы ұлу өзегімен жалғасатын кішкене, сопақша пішінді қуыс, ондағы сопақша тесікті үзеңгі сүйегі жауып тұрады.
2.Сүйекті жартылай дөңгелекті өзектер, сanalis semicircularis ossei –өзара перпендикуляр жазықтықта орналасқан 3 доға тәрізді сүйекті жолдар: алдыңғы, артқы және латералды. Олардың әрқайсысы жартылай шеңберге ұқсайды, әр өзекте екі аяқшадан бар, алайда олар кіреберіске тек бес тесікпен ашылады, өйткені алдыңғы және артқы өзектердің көрші шеттері бір ортақ аяқшаға бірігеді. Әр қуыс аяқшаларының біреуі кіреберіске құяр алдында ампула деп аталатын кең жер түзеді.
3.Ұлу, cochlea, иірімді сүйекті өзектен түзіледі, ол кіреберістен бастап екі жарым оралым жасап, ұлу қабыршағына ұқсап оралады. Ұлудың бірінші оралымы – негізгі, екінші оралымы – ортаңғы бөлігі, үшіншісі – ұлудың ұшы деп аталады. Ол дабыл қуысына қараған. Айналасында ұлу жолдары оралатын сүйекті білік горизонталды жатады да moduolis, білік деп аталады. Ұлу өзегі қуысына оның барлық айналымдары бойында біліктен сүйекті табақша кетеді. Бұл табақша ұлу түтігімен бірге ұлу өзегі қуысын екі сатыға бөледі: 1)кіреберіс сатысы кіреберіспен жалғасады; 2) дабылды сатысы ұлу терезесі арқылы дабыл қуысына ашылады.