Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет19/88
Дата28.10.2022
өлшемі176,17 Kb.
#45963
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   88
Байланысты:
Анат лекция

Нефронның құрылысы. Нефрон – бүйректің құрылымдық – қызметтік бірлігі. Нефрон бүйрек денешігі мен бүйрек өзекшелерінен тұрады. Бүйрек денешігі қан капилляры шумағы мен оны қоршаған екі қабат капсуладан ( Шумлянский - Боумен капсуласы) тұрады. Капсуланың екі қабатының аралығындағы қуыс нефронның бастапқы (проксималды) өзекшесіне жалғасады. Бүйрек денешіктері қыртыс заттың бүктелген бөлігінде орналасқан, бұл жерде олар қызыл нүктелер түрінде жай көзге көрінеді. Бүйрек денешігінен қыртыс затының тарамдалған бөлігінде иреленген өзекше шығып, пирамидаға түсіп, ол жерде нефрон ілмегін ( Генле ілмегін) жасай кері бұрылып, қыртыс затына қайта келеді. Бүйрек өзекшесінің соңғы бөлігі бірнеше өзекшені қабылдап, жинаушы тік түтікшеге құяды. Тік түтікшелер бірте – бірте бір – бірімен қосылып, 15 – 20 қысқа түтіктер түрінде бүртік ұшындағы тесіктерге ашылады.
Әр бүйректе 1 млн – дай нефрон бар, олардың жиынтығы бүйрек затының негізгі массасын құрайды. Нефрон арқылы зат алмасу процесінде пайда болатын организмге қажетсіз және зиянды заттар сыртқа шығарылады.
Нефронда несеп түзіледі. Бұл үрдіс екі кезеңде іске асады: 1) бүйрек денешігінде қан капилляры шумағынан капсула қуысына қанның сұйық бөлігі сүзіліп өтіп, алғашқы несеп түзіледі,
2) бүйрек өзекшелерінде - реабсорбция – судың көп бөлігін, глюкозаны, амин қышқылдарын және кейбір тұздарды кері сіңіру үрдісі жүріп, соның нәтижесінде соңғы несеп түзіледі.
Несепағар (ureter) – ұзындығы 30 см-ге жуық түтік. Диаметрі 4 -7 мм. Несепағар түбектен тікелей іш астардың артқы жағымен төмен және медиалды жүріп,кіші жамбас астауға, сол жерден несеп қуық түбіне келіп, оны қиғаш бағытта тесіп өтеді. Әйелдердің несеп ағары еркектердің несепағарына қарағанда 2-3 см қысқа және оның төменгі бөлігінің ағзаларға қатынасы басқаша. Әйел жамбас астауы қуысында несепағар анабездің бос жиегі бойымен жүріп, содан соң жатырдың жалпақ байламының негізінде жатыр мойнынан латералды жайғасып, қынап және несепқуық аралығына өтіп, оның қабырғасын еркектердегі сияқтықиғаш бағытта тесіп өтеді.
Несеп ағардың қабырғасы үш қабаттан тұрады: 1) сыртқы-дәнекер тінді, 2) ішкі-шырышты қабат, 3) ортаңғы-бұлшық етті қабат. Шырышты қабат шырышты бездері бар ауыспалы эпителимен жабылған. Ол ұзына бойы қатпардан тұрады. Несепағардың бұлшық етті қабатындағы бірыңғай салалы бұлшық ет үш бағытта орналасқан. Олардың жиырылып – босаңсуынан несеп несепқуыққа үздіксіз ағып тұрады. Сыртқы дәнекер ұлпалы қабаты несепағар түтігін сыртынан қаптап, оны қоршаған мүшелермен байланыстырып, бекітіп тұрады және несеп қуық бұлшық еттерімен тығыз байланысқан және несептің несепқуыққа ағып келуіне қатысады. Несепағар рентгенограммада бүйректен несепқуыққа келетін ұзын және жіңішке көлеңке тәрізді. Оның контуры айқын әрі тегіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет