Және пунктары өзен ағысының бағытымен орналасқан мен арақашықтығы 4 км, ал мен арасы 14 км. Сағат 12-де пунктынан пунктіне қарай қайық жүзіп шықты пунктына жетіп, кері бұрылып, пунктына сағат 14-те жетті



Дата18.10.2023
өлшемі24,36 Kb.
#119048
Байланысты:
1 Құрлықтағы қозғалыс


ҚҰРЛЫҚТАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС




және пунктары өзен ағысының бағытымен орналасқан. мен арақашықтығы 4 км, ал мен арасы 14 км. Сағат 12-де пунктынан пунктіне қарай қайық жүзіп шықты. пунктына жетіп, кері бұрылып, пунктына сағат 14-те жетті. Өзен ағысының жылдамдығы 5 км/сағ болса, қайықтың тұнық судағы жылдамдығын анықтаңыз.


Арақышықтығы 153 м болатын екі жерден бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі дене қозғалып келеді. Бірінші дене секундына 10 м жүріп өтеді, ал екінші дене бірінші секундта 3 м, ал әр келесі секундта алдыңғысынан 5 м-ге артық жүріп отырды. Бұл денелер қанша секундтан кейін кездеседі?




Арақашықтығы 500 км болатын екі қаладан бір мезгілде қарама-қарсы бағытта екі автомобиль жолға шықты. Бірінші автомобильдің жылдамдығы 75 км/сағ, ал екіншісінікі 65 км/сағ. 3 сағаттан кейінгі олардың арақашықтығын анықтаңыз.




пунктінен бір мезгілде бір бағытта екі велосипедші жолға шықты. Бірінші велосипедшінің жылдамдығы екіншісінікінен 2 км/сағ-қа артық. 12 минут қозғалғаннан кейін, бірінші велосипедші 6 минут бойы демалып, өзінің аялдау орнынан 14 км қашықтықта екінші велосипедшіні қуып жетті. Велосипедшілердің жылдамдықтарын анықтаңыз.


Мотоциклші бір қаладан екіншісіне дейінгі арақашықтықты 55 км/сағ жылдамдықпен 4 сағатта жүріп өтті. Мотоциклші кері қарай бастапқы жолынан 30 км-ге ұзын жолмен жылдамдығын 5 км/сағ-қа кемітіп жүрген болса, кері жолға ол қанша уақыт жұмсады?




Бір бекеттен қарама-қарсы бағытта екі электрпойыз жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 70 км/сағ, ал екіншісінікі 80 км/сағ. Қанша сағаттан кейін екі пойыздың арақашықтығы 600 км болады?




Екі шаңғышының арақашықтығы 1,5 км. Бірінші шаңғышының артынан келе жатқан екінші шаңғышының жылдамдығы 20 км/сағ. Бірінші шаңғышының жылдамдығы екіншісінің 90%-н құрайды. Екінші шаңғышы біріншісін қанша минуттан кейін қуып жетеді?




Екі бекеттен бір мезгілде қарама-қарсы бағытта екі пойыз жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 60,5 км/сағ, ал екіншісінікі біріншісінің жылдамдығынан 20%-ға кем. Екінші пойыз 96,8 км жол жүргеннен кейін пойыздар кездесті. Екі бекеттің арақашықтығын анықтаңыз.




Арақашықтығы 462 км болатын екі қаладан бір мезгілде қарама-қарсы бағытта екі автомобиль жолға шықты. Бірінші автомобильдің жылдамдығы 86 км/сағ, ал екіншісінікі 68 км/сағ. 2 сағаттан кейінгі олардың арақашықтығын анықтаңыз.




Тауар пойызы жолда 12 минутқа тоқтатылды, сосын 60 км арақашықтықта, өзінің жылдамдығын 15 км/сағ-ға арттырып, өткізіп алған уақытын қайтарды. Пойыздың алғашқы жылдамдығын табыңыз.




Бекеттен 20 минутқа кешігіп шыққан пойыз, 160 км жерде кешіккен уақытын, жоспарланған жылдамдығынан 16 км/сағ-ға артық жылдамдықпен жүріп толықтырды, сөйтіп уақытылы келді. Осы қашықтықты пойыз кесте бойынша қандай жылдамдықпен жүріп өтуі керек еді?




Велосипедші 3 сағатта 49 км, ал келесі сағаттарда алдыңғыға қарағанда 2 есеге кем жол жүріп отырды. Соңғы сағатта велосипедші қанша километр жүрді?




және пунктерінен бір мезгілде қарама-қарсы бағытта мотоцилші мен велосипедші жолға шықты. Олар пунктінен 4 км қашықтықта кездісті. Ал мотоциклшінің пунктіне жеткен кезінде велосипедші пунктінен 15 км қашықтықта болды. мен арақашықтығын анықтаңыз.




және пунктерінен бір мезгілде қарама-қарсы бағытта екі автомобиль жолға шықты. Кездескеннен кейін бір автомобиль пунктіне 1 сағ 15 минутта, ал екіншісі пунктіне 48 минутта жетті. мен -ның арақашықтығы 90 км. Әр автомобильдің жылдамдығын анықтаңыз.




және арақашықтығын жолаушы пойызы тауар пойызына қарағанда 36 минутқа ерте жүріп өтті. Жолаушы пойызының орташа жылдамдығы 60 км/сағ, ал тауар пойызынікі 48 км/сағ. және арақашықтығын анықтаңыз.




Арақашықтығы 18 км болатын пунктінен пунктіне қарай жаяу адам жолға шықты. 2 сағат өткеннен кейін оның артынан жаяу адамның жылдамдығынан жылдамдығы 4,5 км/сағ-қа артық жылдамдықпен велосипедші шықты. пунктіне велосипедші жаяу адаммен бір уақытта келгендігі белгілі болса, велосипедшінің жылдамдығын анықтаңыз.




Арақашықтығы 900 км болатын екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі пойыз жолға шығып, жолдың ортасында кездесті. Бірінші пойыз екіншісі жолға шыққаннан кейін 1 сағаттан соң және екіншісінің жылдамдығынан 5 км/сағ-қа артық жылдамдықпен шыққандығы белгілі болса, әр пойыздың жылдамдығын анықтаңыз.




Аэродромнан 1600 км қашықтықта орналасқан пунктке қарай екі ұшақ ұшып шықты. Біріншісінің жылдамдығы екіншісінікінен 80 км/сағ-қа артық болғандықтан ол екіншісінен 1 сағатқа ерте ұшып келді. Әр ұшақтың жылдамдығын анықтаңыз.




Екі велосипедші бір мезгілде қарама-қарсы бағытта пунктінен пунктіне қарай жолға шығып 2 сағаттан кейін кездесті. және пункттерінің арақашықтығы 42 км. Бірінші велосипедші екіншісіне қарағанда сағатына 3 км-ге артық жол жүреді. Әр велосипедшінің жылдамдығын анықтаңыз.




және пункттерінен бір мезгілде қарама-қарсы бағытта екі автомобиль жолға шықты. Екеуі кездескеннен кейін біріншісіне әлі де 2 сағат, ал екіншісіне 9/8 сағат жолда болу керек еді. және пункттерінің арақашықтығы 210 км. Әр автомобильдің жылдамдығын анықтаңыз.




Велосипедшіге 30 км жол жүру керек еді. Ол белгіленген уақытынан 3 минутқа кеш шыққандақтан, жоспарлаған жылдамдығынан 1 км/сағ-қа артық жылдамдықпен қозғалып, белгіленген жерге дәл уақытында келді. Велосипедшінің жылдамдығын анықтаңыз.




Велосипедшіге 15 км жол жүру керек. Ол белгіленген уақытынан 15 минутқа кеш шығып, жоспарлаған жылдамдығынан 2 км/сағ-қа артық қозғалды. Белгіленген жерге ол дәл уақытында келді. Велосипедшінің жылдамдығын анықтаңыз.




Екі қаланың арасынан екі түрлі жол өтеді. Бірінші жол екіншісінен 10 км-ге ұзын. Бірінші жолмен жүрген автомобиль екі қала арасын 3,5 сағатта жүріп өтеді. Екінші автомобиль екінші жолмен қозғалып екі қала арасын 2,5 сағатта жүріп өтеді. Бірінші автомобиль жылдамдығы екіншісінікінен 20 км/сағ-қа кем болса, әр автомобильдің жылдамдығын анықтаңыз.




Арақашықтығы 50 км болатын және пункттерінен бір мезгілде екі мотоциклші жолға шығып, 30 минуттан кейін кездесті. Біріншісі пунктіне екіншісінің пунктіне келген уақытынан 25 минутқа ерте жетті. Әр мотоциклшінің жылдамдығын анықтаңыз.




Жаяу жүргінші қандай да бір жылдамдықпен 10 км жүріп өтуі керек еді, бірақ ол жылдамдығын 1 км/сағ-қа арттырып, 10 км-ді 20 минут белгіленген уақытынан 20 минутқа ерте жүріп өтті. Жаяу жүргіншінің өз жылдамдығын анықтаңыз.




Жүрдек пойыз семафорда 16 минутқа ұсталып қалды. Өз кешігу уақытын толықтыру үшін ол 80 км жолды белгіленген жылдамдығынан 10 км/сағ-қа артық жылдамдықпен жүріп өтті. Жоспар бойынша пойыздың жылдамдығы қандай болған?




Жеңіл көлік жүк көлігінен 2 минутқа кеш шығып оны 10 км қашықтықта қуып жетті. Жеңіл көлік жүк көлігінен сағатына 15 км-ге артық жол жүреді. Әр көліктің жылдамдығын анықтаңыз.




Жеңіл көлік 2 сағатта жүріп өтетін жолды жүк көлігі 3 сағатта жұріп өтеді. Ал егер жеңіл көліктің жылдамдығын 30 км/сағ-қа кемітсек, онда ол 1 сағатта жүк көлігіне қарағанда 10 км-ге кем жол жүреді. Көліктердің әрқайсысының жылдамдығын анықтаңыз.




Қанат велосипедпен ауылдан көлге дейін барды және артқа кері қайтты. Барлық жолға ол 1 сағат уақыт жұмсады. Ауылдан көлге дейін ол 15 км/сағ жылдамдықпен, ал кері қарай 10 км/сағ жылдамдықпен қайтты. Ауылдан көлге дейінгі қашықтықты анықтаңыз.




Моторлы қайық ағыспен 14 км және ағысқа қарсы 9 км жол жүзіп өтті. Бардық жолға ол 5 сағат уақыт жұмсады. Моторлы қайықтың тұнық судағы жылдамдығы 5 км/сағ. Ағыс жылдамдығын анықтаңыз.




Моторлы қайық ағыспен 40 минут және ағысқа қарсы 1 сағат жүзді. Барлығы 37 км жол жүзіп өтті. Ағыс жылдамдығы 1,5 км/сағ. Моторлы қайықтың тұнық судағы жылдамдығын анықтаңыз.




Мотоциклші 5 сағат ішінде велосипедшінің 4 сағатта жүріп өтетін жолынан 259 км-ге артық жол жүрді. 10 сағатта велосипедші мотоциклшінің 2 сағатта жүріп өтетін жолынан 56 км артық жол жүрді. Велосипедшінің жылдамдығын анықтаңыз.




Арақашықтығы 10 км болатын пунктінен пунктіне қарай ағыспен қайық жүзіп келді және кері қарай пунктіне оралды. Қайықтың меншікті жылдамдығы 3 км/сағ. Қайық -дан -ға қарай жүзуіне В-дан -ға қарай жүзу уақытынан 2 сағ 30 мин кем уақыт жұмсады. мен жолына 2 сағат жұмсау үшін, қайықтың жылдамдығы қандай болуы керек?


Кеме ағыспен жүзуіне 3 сағат, ал кері жолға 5 сағат уақыт жұмсайды. Ағыс жылдамдығы 5 км/сағ. Кеменің тұнық судағы жылдамдығын анықтаңыз.




Пойыз жолда 6 минутқа кідіріп қалды, сосын сол уақытты қалпына келтіру үшін ол 20 км жолды кестесіндегі жылдамдығынан 10 км/сағ-қа артық жылдамдықпен жүрді. Пойыздың кесте бойынша жылдамдығы қандай?




Пойыздарға қарай бара жатқан саябақшы бір сағатта 3,5 км жүріп өтті. Егер ол жылдамдығын өзгертпейтін болса, онда белгіленген жерге 1 сағатқа кешігіп барады. Сондықтан ол қалған жолды 5 км/сағ жылдамдықпен жүріп, пойыздан 30 минутқа ерте келді. Саябақшы барлығы қанша шақырым жүруі керек?




Реактивті ұшақ 0,5 сағатта винттік ұшақтың 1 сағатта ұшатын жолынан 200 км-ге артық жол ұшып өтеді. Реактивті ұшақтың жылдамдығы винттік ұшақ жылдамдығынан 3 есеге артық болса, әр ұшақтың жылдамдығын анықтаңыз.




Саяхатшы күн сайын бірдей жол жүріп отырып, 105 км жолды бірнеше күнде жүріп өтті. Егер ол күніне 6 км-ге артық жол жүретін болса, онда барлық жолды жүру үшін оған тағы 2 күн керек болатын еді. Саяхат қанша күнге созылған?




Екі теміржол бекеттерінің арақашықтығы 120 км. Бірінші пойызға осы қашықтықты жүріп өту үшін екінші пойызға қарағанда 50 минут кем уақыт қажет. Бірінші пойыздың жылдамдығы екіншісінікінен 12 км/сағ-қа артық. Әр пойыздың жылдамдығын табыңыз.




Ұзындығы 1350 м болатын шеңбер бойымен бір бағытта екі велосипедші жүріп келеді. Бірінші велосипедші екіншісін әр 27 минут сайын басып озып отырды. Егер олар қарама-қарсы бағытта қозғалатын болса, әр 3 минут сайын кездесіп отырады. Велосипедшілердің жылдамдықтарын анықтаңыз.




бекетінен бекетінің бағытында сағатына 70 км жүретін жүрдек пойыз шықты. 1 сағаттан кейін бекетінен бекетіне қарай 45 км/сағ жылдамдықпен тауар пойызы шықты. ұзындығы 530 км болса, бекетінен қандай қашықтықта пойыздар кездеседі?




Велосипедші 18 км жолды белгілі бір жылдамдықпен жүріп өтті, ал қалған 6 км жолды бастапқа жылдамдығынан 6 км/сағ-қа кем жылдамдықпен жүрді. Барлық жолға велосипедші 1,5 сағат жұмсаған болса, велосипедшінің жолдың екінші бөлігіндегі жылдамдығын анықтаңыз.




30 км жолды бірінші шаңғышы екіншісінен 20 минутқа жылдам жүріп өтті. Бірінші шаңғышының жылдамдығы екіншісінікінен 3 км/сағ-қа артық. Әр шаңғыщының жылдамдығын анықтаңыз.




Велосипедші жолын 2 сағатта жүріп өтуім керек деп жоспарлады. Бірақ пунктіне дейін 6 км қалған кезінде, ол жылдамдығын 3 км/сағ-қа кемітіп, пунктіне жоспарлаған уақытынан 6 минутқа кеш келді. арақашықтығын табыңыз.




Жаяу адам жолын 3 сағатта жүріп өтті. Қайтар жолында ол бастапқы жылдамдығымен 16 км-ді, ал қалған жолын 1 км/сағ-қа кем жылдамдықпен жүрді. Ол қайтар жолына С-дан М-ға қарай жүрген жолынан 4 минутқа артық уақыт жұмсады. мен арақашықтығын анықтаңыз.




Пойыз 54 км-ді жүріп өтуі керек. Ол 14 км жолды жүріп өткеннен кейін 10 минутқа семафордың жанында ұсталып қалды. Осыдан ол жылдамдығын 10 км/сағ-қа арттырып, белгіленген жерге 2 минутқа кешігіп келді. Пойыздың бастапқы жылдамдығын анықтаңыз.




Арақашықтығы 324 км болатын мен пункттерінен қарама-қарсы бағытта екі пойыз шықты. Бірінші пойыз пунктіне екінші пойыздың пунктіне келген уақытынан 1 сағ 30 мин-қа ерте келді. Бірінші пойыздың жылдамдығы екіншісінікінен 5 м/с-қа артық болса, бірінші пойыздың жылдамдығын табыңыз. (Жауабын км/сағ өлшем жірлігінде беріңіз.)




және қалаларынан бір мезгілде қарама-қарсы бағытта екі пойыз жолға шықты. Олар бірқалыпты жылдамдықпен қозғала отырып, шығу уақытынан 30 мин өткеннен кейін кездесті. Бірінші пойыз пунктіне екінші пойыздың пунктіне жету уақытынан 25 сағатқа кешігіп келді. Әр пойыз жолда қанша сағат болды?




Айлақтан қалаға қарай 12 км/сағ жылдамдықпен қеме, ал жарты сағаттан кейін оның артынан сол бағытта 20 км/сағ жылдамдықпен кеме шықты. Егер кеме қалаға 1,5 сағатқа ерте келгендігі белгілі болса, айлақтан қалаға дейінгі қашықтықты анықтаңыз.


Курьер мопедпен арақашықтығы 120 км болатын қаласынан қаласына қарай жолға шықты. Бір сағаттан кейін пунктінен мотоциклмен екінші курьер шықты, ол бірінші курьерді қуып жетіп, оған тапсырманы беріп, сол жылдамдықпен пунктіне қарай бет алып, бірінші курьер пунктына жеткен уақытта, ол да пунктіне жетті. Егер екінші курьердің жылдамдығы 50 км/сағ болса, бірінші курьердің жылдамдығы қандай?




Екі бекеттің арасын бірінші пойыз 1 сағ 30 мин-та, ал екіншісі одан 10 мин-қа тезірек жүріп өтеді. Егер екіншісінің жылдамдығы біріншісінің жылдамдығынан 10 км/сағ-ға артық болса, екі бекеттің арақышықтығын анықтаңыз.




Арақашықтығы 60 км болатын және қалаларынан бір мезгілде бір бағытта екі пойыз жолға шығып, бекетіне бір мезгілде келіп жетті. Егер бірінші пойыз өзінің жылдамдығын 25 км/сағ-қа, ал екіншісі 20 км/сағ-қа арттыратын болса онда олар бекетіне бір мезгілде, бірақ бастапқы келу уақытынан 2 сағатқа ерте жетуші еді. Пойыздардың жылдамдықтарын анықтаңыз.




Пойыз алғашқы 1 сағатта тауға көтерілді, ал кейінгі 10 сағатта тегіс жолмен жүре отырып, барлығы 840 км жүріп өтті. Егер оның тауға көтерілу жолы 10 км-ге тең болса, онда пойыз 2 сағатта 153 км жүріп өтер еді. Пойыздың тегіс жолдағы жылдамдығы тауға көтерілу жылдамдығының 110%-на артық. Пойыздың тауға көтерілу кезіндегі және тегіс жолдағы жылдамдықтарын анықтаңыз.




Екі сағатта пойыз жолдың 1/3 бөлігін 60 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Барлық жолдың ұзындығын анықтаңыз.




Темір жолдың екі бекетінің арақашықтығы км. Жүрдек пойыз осы қашықтықты жолаушы пойызына қарағанда сағатқа тез жүріп өтеді. Жүрдек пойыз жолаушы пойызына қарағанда сағатына км-ге артық жол жүреді. Әр пойыздың жылдамдықтарын анықтаңыз.




пунктінен пунктіне қарай бірінші курьер шықты. Сол уақытта пунктінен – ға қарай екінші курьер шықты. Олар бірқалыпты жылдамдықпен жүре отырып, соңғы пунктке жеткеннен кейін кері бұрылып, артқа қайтты. Бірінші рет курьерлер пунктінен 12 км қашықтықта кездесті, ал екінші рет пунктінен 6 км қашықтықта, бірінші кездесуден 6 сағат өткеннен кейін кездесті. және арақашықтығын және әр курьердің жылдамдығын анықтаңыз.


Кеме Волга өзенімен жүзе отырып Төменгі Новгород пен Волгоград арасын 2 тәулікте, ал кері жолды 3 тәулікте жүзіп өтеді. Төменгі Новгород пен Волгоград арасын жүзіп өту үшін салға қанша уақыт керек?




және пункттерінен қарама-қарсы бағытта екі пойыз жолға шықты. Егер пунктінен шығатын пойыз пунктінен шығатын пойызға қарағанда 2 сағатқа ерте шықса, онда олар жолдың ортасында кездеседі. Егер екі пойыз бір мезгілде жолға шықса, 2 сағаттан кейін олардың арақышықтығы мен пукттерінің арақашықтығына тең болады. Барлық жолды әр пойыз қанша уақытта жүріп өтеді?




Автомобиль пунктінен пунктіне қарай бірнеше уақыт жылдамдығын өзгертпей қозғалды. Жолдың 3/4 бөлігін жүргеннен кейін ол жылдамдығын 20 км/сағ-қа арттырды. Автомобиль пунктіне жеткен кезінде оның барлық жолдағы орташа жылдамдығы 64 км/сағ-қа тең болды. Автомобильдің бастапқы жылдамдығын анықтаңыз.




пунктінен пунктына қарай бірінші жаяу жүргінші жолға шықты. 2 сағ-тан кейін пункінен пунктына қарай екінші жаяу жүргінші шығады. Кездесу сәтінде екінші жаяу жүргінші біріншінің осы сәтке дейін өткен жолының 7/9 бөлігін құрайтын жолды жүріп өтті. Егер екінші жаяу жүргінші -нан -ға дейін жолды 7 сағ-та өткен болса, бірінші жаяу жүргіншіге -нан -ға дейінгі жолды өтуге қанша уақыт қажет?




Жедел пойыз семафорда 16 мин-қа кідірді. Бірақ кешігуін 80 км жолда жылдамдығын кестедегі жылдамдығынан 10 км/сағ-қа арттырып өтейді. Кесте бойынша пойыздың жылдамдығы қандай?




Екі кеме кемежайдан бір уақытта шықты, бірі солтүстікке, екіншісі шығысқа. Екі сағаттан кейін екеуінің арасы 60 км болды. Біріншісінің жылдамдамдығы екіншінікінен 6 км/сағ-қа артық екенін біле отырып, әр кеменің жылдамдығын табыңыз.




Екі пункттің арасын бірінші пойыз екіншісінен 4 сағ-қа және үшіншісінен 1 сағ-қа тезірек өтеді. Екінші пойыздың жылдамдығы үшінші пойыздың жылдамдығының 5/8-ін құрайды және біріншінің жылдамдығынан 50 км/сағ-қа кем. Бірінші және екінші пойыздардың жылдамдығын анықтаңыз.




Екі ауылдың арақашықтығы 36 км. Велосипедші осы қашықтықты 3 сағатта, ал жаяу жүргінші 6 сағатта жүріп өтеді. Егер велосипедші мен жаяу жүргінші екі ауылдан бір мезгілде қарама-қарсы бағытта жолға шықса, қанша уақыттан кейін олар кездеседі?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет