Жұлынның ішкі құрылысы. Жұлын нерв жасушалары бар сұр зат пен миелинді нерв талшықтарынан құралған ақ заттан тұрады.
Сұр зат substantia grisea, жұлынның ішінде жатады және жан- жағынан ақ затпен қоршалған. Ол жұлынның оң және сол жағында орналасқан екі тік бағана түзеді. Оның ортасында жұлынның бүкіл бойымен өтетін, сұйықтыққа толы жұлынның орталық өзегі жатады. Орталық өзекті қоршап жатқан сұр зат орталық сұр зат деп аталады. Оның әрбір бағаны екіге бөлінеді : алдыңғы, артқы. Жұлынның көлденең кесіндісінде бұлар мүйіз тәрізді : алдыңғы кеңейген мүйіз, артқы-сүйір мүйіз, сондықтан сұр заттың жалпы пішіні «Н» әрпіне ұқсайды.Сұр зат ядроларға топтасатын нерв жасушаларынан тұрады, олардың орналасуы жұлынның сегментті құрылысы мен бастапқы үш мүшелі рефлекс доғасына байланысты.Артқы мүйіз жасушалары денеден сезімталдықтың әр түрін қабылдайтын сомалық – сезімтал ядролар түзеді: 1) кеуде ядросы; 2) мүйіз ұшындағы сілікпе тәрізді ядро; 3) меншікті ядро жатады. Алдыңғы мүйіздерде 3-ші қозғалыс нейрондары бар, олардың аксондары жұлыннан шығып, алдыңғы қозғалыс түбіршіктерін құрайды.Олар қаңқа бұлшық еттерін нервтендіретін эфферентті сомалық-қозғалыс ядроларын құрайды- медиалды және латералды топ түрінде болады.