Ауыз қуысы, cavitas oris, грекше stoma- ас қорыту жолының басталатын мүшесі. Ауыз қуысында тағамның сапасы анықталып, біраз химиялық және механикалық өңдеуден өтеді. Ауыз қуысы екі бөліктен тұрады :
Ауыз кіреберісі, vestibulum oris деп сыртынан еріндер мен ұрттар(bussa) арасындағы, іш жағынан қызыл иек мен тістер арасындағы кеңістікті айтады. Ауыз тесігі(rima oris) арқылы ауыз сыртқа ашылады.
Еріндер, labiumсыртынан терімен, іш жағынан шырышты қабықпен жабылған ауыздың дөңгелек бұлшық етті талшықтары. Еріндер езуде ерін дәнекері арқылы бір – бірімен байланысады.